Шығарма: Жеңіс жыры
Құлке Нұрсұлтан
10 сынып, Жамбыл орта мектебі
Ақмола облысы Астрахан ауданы
Жетекшісі – Саменова Кенжегүл Көпейқызы
10 сынып, Жамбыл орта мектебі
Ақмола облысы Астрахан ауданы
Жетекшісі – Саменова Кенжегүл Көпейқызы
Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біздің жарқын болашағымыз үшін Отанын қорғады.
Соғыста біздің аталар ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығы мен қайсарлығын әлемге паш етті. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары 1 миллион 200 мыңдай қазақстандық майданға аттанған. Олардың 410 мыңы майдан даласында қаза тапса, 125 мыңы із-түзсіз кеткен. Мыңдаған қазақстандықтар Украина, Белоруссия, Балтық бойын, Молдаван елін азат ету жолында ұрысқа қатысты. Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ұлы шайқастардың жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды. 316-атқыштар дивизиясы, 238 және 312 атқыштар дивизияларының Москва түбіндегі шайқастарда, 29 және 38 дивизияларының Сталинград түбінде, Курск даласында, 310 және 314 дивизияларының Ленинград қаласы үшін ұрыстарда даңқы шықты.
Кеңес Одағы бойынша 11600 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, оның 497-сі қазақстандықтар. 96638 қазақстандық Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атағын үш мәрте алған – И.Кожедуб, екі мәрте алған Т.Бигельдинов, С.Луганский, И.Павлов, Л.Беда. Дубосекова разъезі жанындағы шайқастағы 28 панфиловшылар ерлігі дүние жүзіне мәлім болды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған 86 қыз-келіншектердің ішінде Шығыстың даңқты қыздары – Әлия мен Мәншүк болды. Ұшқыш Н.Әбдіров Гастеллоның, А.Суханбаев А.Матросовтың ерлігін қайталап жау амбразурасын денесімен жапты. Бұл ерлікті С.Баймағанбетов, И.Бабин, М.Янко да қайталады.
Тарихта аты қалған бабаларымыздың бірі – Бауыржан Момышұлы. Аңызға айналған батыр есімі ел жадында ерлік, әділдік, намыс, шындық деген қасиетті ұғымдардың баламасы ретінде сақталған. Ержүрек жауынгер, әскери қолбасшы – бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екендігін мойындатқан тұлға. 1941 жылдың күзінен бастап соғыс аяқталғанға дейін батальон, полк, дивизияны басқара жүріп, ерекше ерлік, тапқырлық көрсете білген тұлғаны мақтан етеміз.
Рейхстаг қабырғасына ту тіккен жерлесіміз Р.Қошқарбаев, жау тылындағы партизан қозғалысының өкілдері: Қ.Қайсенов, Ж.Ағаділов, Ә.Шәріпов, Ж.Саин ерліктерімен тарихта қалды. Ерлік көрсеткен әр қазақстандықты аттап көрсетсек те артық емес. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Өздері қара су мен шалапты, қара нанды талғажау еткен халық бар жақсысын, жылысын майданға жіберіп отырған. Соғыс жылдарындағы аналар еңбегі ерекше еді. Олар өз жарының, балаларының, немерелерінің қанды майданнан аман-сау оралуын тілеп, елдегі еңкейген қарттар мен еңбектеген балаларға басшы бола білді. Тылда қалған қартттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстын қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ жүріп тынбай жұмыс істеді. Ертеден кешке дейін, қараңғы түн құшағында егін орды, жер жыртты, бомба жасады. Жауынгерлер үшін жылы киім жинастырды.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін», - деп елде қалған барша жұрттың тынымсыз еңбегі жеңісті жақындатуға сеп болды. Мамыржай тірлікте күн кешіп жатқан қаршадай қарадомалақтардың балалық шағы осы алапат соғысқа дөп келіп, еңбекке ерте араластырды.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: