Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Кабикенова Мөлдір
11 сынып Ново-Александровка
№2 орта мектебі Ақмола облысы Атбасар ауданы
Жетекшісі: Хамбар Сайрагуль

Үлгі болып аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты , соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пенқайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер- солдаттар менофицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Майдан етіп дүние төрін,
Темір болат қақтап отқа.
Жекпе-жеккеп, өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?
Арқалап сол майдан жерін.
Қырғын соғыс ортасында, - деп ақын Қ. Аманжоловатамыз айтып кеткен. Біздің аталарымыз бенәкелеріміздің батырлықтары менжанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес,, бұл-бүгінгі ұрпақтыбайланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өркендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Менің атам да осы соғысты басынан кешкен азамат. Он алты жасында Отанды қорғауға әскерге аттанды. Ойлап қарасам, қазір он алты жаста өзінің кім екенін білмей жүрген жастар аз емес. Сияқты. Ел басына қауіп төнген кезде өрімдей жас болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаныбүгінгі ұрпақтарына үлкен мақтанышШындап келгенде , бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ұланы болып жүргеніме атамның да үлесі зор. Аспанымыздың ашық болуына бабаларымыз жастық ғұмырын сарп етті.
Қаншалықты қыршындар қиылды. Ең бастысы ,енді ондай зұлмат соғыс болмаса екен. Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтсе де,әрбір отбасы соғыс зардабын басынан кешкен. Бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі ментөзіділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіпеерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер бірінші болып еске алады. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен , туған- тустарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол кезде Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандатып, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Қиындық кезең сындарлы,
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары,
Тағдырды талай боздақтың.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зары заманы,
Жетімнің қайғы наласы, - дей отырып батыр ержүрек ұлдарымыз бен қыздарымыз ел басына күн туғанда жандарын қу шүберекке түйіп ерліктерін көрсете білді.Жауынгер азамкаттарымыз ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастап, қан майданда шайқасты. Тіпті әріге бармай- ақ, кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, ардагерлеріміз қанды қырғында қаймықпайсоғысқанына анық көзіміз жетеді.
Соғыстфң зарлы заманы-
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ерлікке толы өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Оралмай қалып майданнан,
Хабарсыз кетті қаншама ұл.
Ұлы Отан соғысындаел күйреп, талай адамажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезіменжауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында менің атам да ерен ерлік көрсеткен. . Отан оттан да ыстық. «Отан үшін отқа түс күймейсің». Әрбір адамның өз Отанынан артық жер жоқ. Отан әркімнің бақыты.
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Кім мықты? десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен. - деп М.Мақатаев бабамыз жырлағандай Отан деген біздің атамекеніміз, туған жеріміз, туған еліміз. Ол жерді біздің ата-бабамыз мекен еткен. Ата бабамыздың жерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу үшін қиын- қыстау кезеңді басынан өткізіп, күресті. Отан үшін жан кешті өмірін қиып сарп еткен бабаларымыздың қанынынан патриоттықты аңғару қиын емес. Осыдан 70 жыл бұрын фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Соғыста ең бірінші болып басып кірген Кеңес Одағының батыс шебіне сан мыңдаған қазастандықтар Отан қорғауға ағылды. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды.
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолда аяғын!- деп Әбу Сәрсенбаев атамыздың өлеңінде бабадан атаға, атадан әкеге, одан балаға мирас болар адамгершілік қасиетті бүгінгі ұрпақтың бойынан көру үміті жатыр.
Қорыта айтар болсам, Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Ұлы жеңістің жетпіс жылдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты елі бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан есімі, ерлігі Ұлы Жеңіске шексіз үлес қосқан сан бабаларымызды қайсар келбетін көз алдымызға елестетіп, болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі- ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар мәңгі жадымызда сақталып,ешқашан ұмытылмауы хақ! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге күн нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Бұл соғыс- дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез-құлқын, өзіне таяқ етіп жұмсаған ұрыстың бірі. Бұл соғыс- ата-бабамыздың айтып кеткен «Білекті бірді, ақыл-айлалы мыңды жеңеді» дегеніндей халық тәжірибесімен шыққандығына дәлел. Ұлы Жеңісіміз баянды болсын!Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 71 жыл басталғанына 75 жыл туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Отан согысынын Женісіне 71 жыл басталганына 75 жыл на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 71 жыл басталғанына 75 жыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]