Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым етемін

Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым етемін

Бегалин Сағынай
9 сынып, Төңкеріс негізгі мектебі, Шортанды ауданы
Ақмола облысы
Жетекшісі: Смайлова Айжан Ахметовна

Ұлы Жеңіс десек, ең алдымен сұрапыл соғыс есімізге түседі. Міне, сол ұлы Жеңіске 71 жыл толыпты. Бұл жеңіс ең алдымен ата – бабаларымыздың арқасы, төгілен қаны. Оларды ешқашан естен шығармауымыз керек. Сондай, ержүрек, батыл аға – апаларымыз болмағанда осылай бейбіт өмір кешер ме едік? Осы күнімізге Құдайға шүкір дейміз. Қазіргі таңда бұл Ұлы Жеңіс ЮНЕСКО көлемінде аталып жатыр. Соның ішінде біз қазақ елі «Ешкімді, еш нәрсені» естен шығармауымыз керек. Сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагер аталарымыз, апаларымыз бар. Біз оларды құрметтеп, рахмет айтуымыз керек. Ия, ұрпақтары, яғни, біз батырларымызды көзі тірісінде бағалайық. Өткен күндердің батырларын , ұрпақтары әрқашан біліп, ұмытпауы керек.
Біз кешегі қаһарман Бауыржанның ұрпағымыз, Мәскеуді кеудесімен жауып берген. Біз кешегі Рақымжанның ұрпағымыз тайсалмай, Рейхстагтың төбесіне ту тіккен. Соның ішінде қайсар Мәншүкпен Әлияның ұрпағымыз. Міне, апа – әпкелерімізде сұрапыл соғыстан тайсалмаған. Қаншама азап шегіп, біз үшін, ұрпақтары мен жері үшін кеудесін оққа тосқан. Біз осындай аға – апаларымызбен мақтанамыз. Халықтың ерлігі ғасырлар бойы есте сақталып, Жеңістің шежіресі сөнбеуі керек.
Адамдардың бейбіт өмірін соғыс келіп күл талқан етті. Халық Отанын қорғауға аттанды. Ел үлкен әскери лагерге айналды. Біздің аталарымыз , әкелеріміз, бозбалалар мен қыздар Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлер өз амандықтарын білдіру мақсатында ара – тұра елдегі жақын – туысқандарына, сүйіктілеріне жау шебінен үшбұрыш хаттар жазды. Бұндай хаттарды сарғая күтеді, қорқады да. Жау шебінен жеткен хаттарды аналарымыз, әкелеріміз өмірінің соңына дейін ең қадірлі затындай сақтады.
Сондай үшбұрышты хаттарды біздің мектебіміздегі «Жауынгерлік, ерлік мұражайынан» көруге болады. Біздің Төңкеріс негізгі мектебінде 2009 жылы «Жауынгерлік, ерлік» атты мұражайы ашылып, оған түрлі бұйымдар мен заттар қойылған. Тіпті жауынгерлер каскасы да, хаттар мен түрлі суреттер, соғыс әндері жинақталған альбомдар қойылған.
Тарих пәні мұғалімі Смайлова Айжан Ахметқызы жетекшілік ететін бұл мұражай көрмесіне барғанда мен ең алдымен фотоларды, соғыс ардагерлерінің фотоларын тамашалаймын. Біздің ауылымызда соғыс ардагері болған. Енді ол кісіде жоқ. Біз ол кісінің үйіне барып, көмек, қолғабыс беретінбіз. Сонда ол кісі бізге соғыс енді болмаса екен балаларым деп көзіне жас алатын.
Біздің мектеп жыл сайын 9 мамыр жеңіс күніне арналған салтанатты мерекеге өте жақсы дайындалады. Бірде маған сол мерекедегі «Бейбітшілік көгершіні» атты акция қатты ұнады. Ол акцияда Айжан Ахметқызы себетке салып, аппликациялап жасалған «Бейбітшілік көгершіндерін» ішіне «болмасын соғыс» әні жазылған екен, оны екі кішкене бүлдіршінге ұстатып таратты. Сонда мен ойланып қалдым. Бұл акцияның үлкен мәніне үңілсек біз сияқты жастарды тәрбиелеп, соғыстың қаншама ауыр зардаптарын түсіндіргені екен ау деп.
Ұлы Отан соғысы барысында 20 миллионнан астам советтік адам жер жастанған. Ол дегеніңіз Берлинге дейін әр 2 метр жерге 30 адам, күніне 28000 адам құрбан болып отырған. Қандай жан түршігерлік цифрлар! Халықтың 4-тен бірі көз жұмған. Олардың әр қайсысының еліне, туысқандарына жасамақ болған жақсылықтары, асқақ армандары болдығой. Бірақ фашизм оның бәріне балта шапты. Соғыс ешкімді аямады.
Қазақстан сол сұм соғыста бәріне пана болған, жылаған сәбилерді асырап алған, жылаған аналардың көз жасын құрғатқан. Себебі, аналар отбасынсыз, әкесіз, анасыз қалған сәбилерді асырап алды. Ер жеткізді, оқытты. Бүгінде сондай аналарға басымызды июіміз керек деп ойлаймын. Ал, қазіргі таңда көптеген аналар, аналарымыз деймінау қыздарымыз да өз балаларын көшеге тастап жатыр емеспе? Неге? Неге олар бұрынғы соғыс кезіндегі аналарымыз бен қыздарымыздың ерлігін қайталамайды?
Түрлі ағымдар келіп есігімізден төрімізге еніп алған заманда осындай әрекеттерге сол қыздарымыз жол беріп жатыр. Қазақ елінің тәрбиесі – тал бесіктен бастау алатынын түсінген жат жұрттықтар, жат ағымдар кішкене сәбилерімізден бастап аяп жатқан жоқ дейді апайым дінтану сабағында. Міне жастар біз осындай әрекеттерге, осындай сұм ашкөздерге өз еліміздің тәрбиесімен, болашағымызды ұрлатпай елімізді қорғай білуіміз керек деп ойлаймын. «Болашақ - жастардың қолында» - деп елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқанындай біз қазақ елінің болашағымыз, лидері, көшбасшысы болуымыз керек.
Мен өзім мектепішілік іс шараларға көптеп қатысамын. Ауданымызда өткен М.Мақатаевтың шығармашылық кештеріне, Абай атамыздың өлеңдер сайысында, Абылай ханға арнап өккізілген мүшайраларға қатысып жүлдегер де болып қайттым. Бұл менің еліме деген үлесім, мақтанышым, жастарды қолдау саясатына деген көзқарасым деп білемін. Мен елімді мақтан етемін. Жер бетінің бейбіт күштері фашистік зұлымдықты ешқашан ұмытпайды. Соғыстан алған сабақты ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Жаңа соғыс ошағын болдырмауымыз керек, қара күштерге жер бетін шарлауға жол жоқ. Отан қорғаушыларының алдында басымызды ие отырып, елімізге бейбіт өмір тілейміз. Біз ұлы халықтардың ұрпағы екенімізді естен шығармайық. Ешқашан енді соғыс болмасын! Әлем әрқашан балалар күлкісіне толы болсын, тек ашық аспанда өмір сүрейік.
Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әкелер мен апалардың даңқы ешуақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, сол тамаша Жеңістің 70 – 71 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі ешуақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап бүгін,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің құтты болсын,
Батырлардың ұрпақтары!
Т.Молдағалиев. «Жеңіс күні».

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы Жеңіске тағзым етемін туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Жениске тагзым етемин на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Жеңіске тағзым етемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]