Шығарма: Салауатты өмір салтын сақтайық!
Айдана Әбдісалам Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Ол «Әйтеке би аудандық жастар ресурстық орталығының» КММ кеңесшісі.
Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеттердің жиынтығы деп білемін. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ол салауатты өмір салтын ұстану дене қозғалыстарының белсенділігі, дұрыс толыққанды тамақтану, зиянды жат әдеттерден бойын аулақ ұстау арқылы адамның қалауымен, аталған шарттарды толық әрі уақтылы орындауымен қалыптасады. Аталмыш іс-әрекеттерге жекелей тоқталып кетсек.
Қимыл белсенділігі мен организмді шынықтыру – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шартттарының бірі болып табылады. Адам әрдайым қимыл-қозғалыста болса органимзмнің жұмыс жасау қабілеті жоғарылап, белсенділігі артады және кез-келген ауруға өздігігінен жауап беріп күресе алады. Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Дене жаттығулары – организмдегі жасқа байланысты өзгерістердің алдын алатын және ұзақ өмір сүруге көмектесетін маңызды амалдардың бірі.
Мысалға қарапайым жаяу жүруді алайық. Ежелгі гректер: «Егер сұлу болам десең – жүр, денсаулығым мықты болсын десең – жүр» деген екен. Жаяу жүру – өзіңізді бір қалыпта ұстаудың қарапайым жолы. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін, ал жаяу жүрудің ешқандай зияны жоқ.
Медицинаны былай қойғанда шариғатымызда да тамақтан соң кемінде 2 сағат жаяу жүру керектігін, оның орасан зор пайдасы турасында айтады. Яғни, дене мен организмнің белсенділігі адамға ең керек нәрселердің бірі екені даусыз.
Денсаулықты сақтауда уақытымен дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан заманда ішетін асымыздың бәрі де жасанды жолмен дайындалғандықтан, құнарлығы мен пайдасын жойып, артық салмақ пен денсаулықтың құртылуына әкеліп соқтырады.
Денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, жиі тамақтануды, суды көбірек ішуді әдетке айналдыру қажет. Тез дайындалатын тағамдардан және тәттілерден бас тарту керек және калория нормасын сақтауды әдетке айналдырып, қалағалауда ұстаған абзал.
Сонымен қатар, дұрыс тамақтану адамның ойлау қабілеті мен есте сақтауын арттырады.
Қорыта айтқанда дұрыс тамақтану өзімізге байланысты, күн ұзағына күш-қуатымыздың тасып жүруі, көңіл-күйіміздің көтеріңкі болуы осыған тәуелді екендігіне көзіміз жетті.
Осылайша дұрыс тамақтану ұсынымдарын сақтау организмге қоршаған ортадан келіп түсетін әр түрлі зияндардан және бірқатар жұқпалы, созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.
Денсаулықтың ең бір жаулары, жазылмайтын ауру мен арылмайтын кесел әкелетіндердің бірі-темекі шегу,арақ ішу,улы заттарды иіскеуге әуестену(токсикомания) сияқты қауіпті әдеттер жатады. Оларға адам тез үйреніп кетеді және қалай тәуелді болғанын білмей қалады. Жағымсыз әдеттер «қауіпті құмарлық» деп аталады,олар тіршілік үшін аса маңызды мүшелер қызметінің бұзылуына, әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.
«Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» – деген болатын орыстын белгілі фармакологы И. М. Догель.
Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Бірі болмаса бірі адамның ағзасына өз зиянын тигізбей қоймайды.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болады. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады. Ол сондай-ақ адамды тірі өлікке айналдырып, өзіне әдбен тәуелді қылады, азаптан басқа көретіні болмайды.
Сонымен қатар, маскүнемдік-үлкен қасірет. Ол адамның барлық дене мүшесіне зиян келтіріп қана қоймай, жазылмас дертке душар етеді. Бұл зиянды заттарды қабылдаудан аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз денсаулығыңды нығайта білу керек. Сонда ғана саған тек пайдалы жұмыстар жасауға, мағыналы ғұмыр жолында тәтті де ұмытылмас естеліктерің есінде қалып, өміріңді гүлдендіруге мүмкіндік туады. «Денсаулығыңды ақсатқаның – өзіңді өзің қақсатқаның» – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек.
Әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты, қалай өмір сүргісі келеді, қалай қарап, қаншалықты көңіл бөліп, зиянды факторлардан алшақ болып керекті дүниелерді сіңіруі өз еркінде дегенмен ғылыми мысалдарды алға тарсам:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мынадай анықтама береді: «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».
Ал, академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі» деген теорияға тоқтам жасайды.
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында денсаулық сақтау, медицина, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелеріне аса мән беріліп, басым бағыттарының біріне айналды.
Қорыта айтқанда, салауатты өмір салтын әрдайым ұстанып, күнделікті спортпен кем дегенде дене жаттығуларын жасауды дағдыға айналдырған жөн. Сондай-ақ, табиғи таза, құнарлы ағзамызға пайдалы тағамдармен тамақтана отырып, жеке гигиеналық тазалықты сақтап, жат әдеттерден аулақ болып, денсаулығымыздың қадірін білейік, күтініп жүрейік дей келе сөзімді өзімнің өлең шумақтарыммен аяқтасам:
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Ата-ананың үкілеген үмітін ақтайық.
Темекі, арақ-шарапқа жанымызды сатпайық,
Кешірілмес күнәні мойнымызға артпайық.
Бос уақытта үйімізде жатпайық,
Спорт деген әлемге аяқ аттайық.
Ерте тұру, күн тәртібі ережелерін жаттайық,
Салауатты өмір салтын сақтайық.
Дұрыс тамақ жеп, уақтылы жатайық,
Өзімізді-өзіміз қарап біруақ баптайық.
Бос орымай, таза ауада көп жүріп,
Салауатты өмір салтын сақтайық!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: