Қазақша шығарма: Ақтөбе қаласы

Қазақша шығарма: Ақтөбе қаласы

Ақтөбем сүйікті Ақ қала!

Н.Байғанин атындағы облыстық
балалар кітапханасың
библиографы Аққамар Айдарбайқызы

Ақтөбе қаласы күн сайын өркендеп келе жатқан қалалардың бірі және орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потециалы бар өңір. Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Бұл жасыл желекті заманауи мегаполис өзінің ескерткіштері, сәулет өнерінің керемет туындыларымен, өлкенің арғы-бергі тарихын анық аңғартып тұр. Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Мысалы, қалада Кіші Жүз ханы – Әбілхайыр ханға, қазақ халқының батыры – Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз – Әлия Молдағұловаға, қазақ халқының билері - Әйтеке би, Мөңке биге, 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, А.Жұбанов, Ғ.Жұбановаға, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа арналған ескерткіштер бар. Сонымен қатар өлкеміздің атақты ақыны Н.Байғанин­ге ар­налған ес­керткіш бар. Ол 1999 жылы Ақтөбе қала­сының Әбілқайыр хан даңғылын­да ар­найы тұғырға қон­ды­рыл­ды. Ескерткіш жанында көптеген үлкен көлемдегі шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, біздің кітапхана ұйымдастырған «Байғанин оқулары», «Ақтөбе жыр құшағында» атты шаралар өткізілген болатын.
Қаламыз күннен күнге көркейіп, жасаруда. Қаланың басты көшелерінің бірі Әбілқайыр хан даңғылында «Нұрғасыр» облыстық мешіті мен Әулие Николь православ шіркеуі, мұражай, ескерткіштер, әкімшілік және жеке меншік мекемелері бой көтерген.
2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерейтойына орай, қалада Бірлік және Келісім бульвары ашылды. Бульварда «Шаңырақ» монументалдық-көркем ансамблі, амфитеатр және музыкалық субұрқақ орналасқан.
2010 жылы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевқа арналған саябақ ашылды. Саябақтың жалпы аумағы 42 гектар. Аумағы түгелдей темір ауламен қоршалып, кіре берісі жаңартылған. Іші көгалдандырылып, көпжылдық ағаштар, гүлдер отырғызылған. Қақ ортасына үлкен субұрқақ орнатылған. Ал одан сәл әрігіректе орналасқан биіктігі 91 метр болатын тутұғырда еліміздің көк байрағы желбірейді. Саябақтың оң жағында жасанды көл бар, оның үстінен керілген әсем көпір де ерекше сән беріп тұр. Көлдің арғы бетінде «Балалар қалашығы» жалғасып жатыр. Мұнда небір түрлі аттракциондар орнатылған. Жалпы саябақ үлкен-кішінің жайбарақат отырып, демалатын жайсаң орнына айналған.
2014 жылы Ақтөбеліктер үшін ерекше жаңалықтарға толы жыл болды деуге болады. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орта­лық­тары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану ор­талықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеу­меттік-мәдени қызметтер көрсетеді» - делінген.

Бұл жаңалық ақтөбеліктер үшін үлкен мәртебе. Мұндай өзгеріс ең алдымен өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі арттырады. Осы Жолдауға орай үлкен жобалар жоспарлануда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, Ақтөбеде индустриялық аймақ құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Аймақ базасында жалпы инвестиция сомасы 500 млн. доллар болатын 15 өндіріс орны орналасатын болады.Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, индустрияландыру картасына жалпы құны 574,9 млрд. теңге болатын 76 инвестициялық жоба енгізілген. Аталған жобалардың ішінде екеуі республикалық индустриаландыру картасына енгізілген — «Казхром» ТҰК АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты мен «АРБЗ» ЖШС-ның рельс арқалығы зауытының құрылысы.
Сонымен қатар 2014 жыл 145 жылдық тарихы бар Ақтөбе қаласының мерейтойы атап өтілуде.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы осы мерекеге орай бір қатар жұмыстар жүргізуде.

Атап айтар болсақ, «Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен – Ақтөбе!» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің басты мақсаты оқырмандарды қаламыздың тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары және жергілікті ақын-жазушылармен тереңінен таныстырып, құндылығы мол Ақтөбе өңіріне деген махаббатты асқақтату.
Көрме негізгі 3 бөлім бойынша насихатталып, әрбір бөлімде тақырыпқа сай кең көлемде ақпараттар берілген.
Алғашқы бөлім «Мәңгілік елдің қаласы» аталып, Ақтөбе қаласының кешегі мен бүгінгі тіршілігі, әсем де көрікті жерлері туралы мол ақпарат қамтылған. Көрмеге «Жәдігер», М.Мырзағұлдың «Ақтөбем алтын бесігім» Ақтөбе өңірінің қазіргі келбеті жайлы кеңінен насхатталған кітап және Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы шығарған «Ақтөбе туралы ән мен жырлар» атты әдістемелік құрал қойылды.
«Тарих толқынында» бөлімде Ақтөбе өңірінің тарихы, мәдени мұралары мен өлкенің батырлары, билері туралы ақпараттар орын алды. Р.Ілясованың «Далам тұнған шежіре» Ақтөбе туралы және «Қазына» атты кітапбында Ақтөбе облыстық мұражайында жиналған мәліметтер негізінде жазылған.Мұнда өлкенің тарихына қатысты мағлұматтар мен деректер бар.Өлкеміздің ержүрек атақты тұлғалары туралы, атап айтсақ қалмаққырған шайқастарда қол бастаған хас батыр Баһадүр батыр Бөкенбай, Әбілхайыр хан, Әйтеке би, Мөңке би, Молдахмет Қаназ «Жанқожа», Б.Құрманбеков «Алтай батыр», И.Сұлтан «Асау Барақ», Әмір Оралбай «Әлия» деректі повестьі, Е.Ашықбаев «Қоблындының қонысы», Идош Асқар «Шығанақ өнегелі өмір» және өлкеміздегі қуғын-сүргін құрбандары туралы кітаптар қойылған.
«Мәңгілік ел – мәңгілік әдебиет» бөлімінде Ақтөбе деп аталар киелі топырақта дүниеге келген көптеген ақын-жазушылар туралы ақпараттар берілген. «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен басылып шыққан ХІІ томдық кітаптары бар. І-том «Адырна» ХV-ХІХ ғасырларда өмір кешкен ақындар шығармалары енген, ІІ-томнан оқырман әйгілі жыршы Н.Байғаниннің туындыларын таба алады. Қалған томдарында жергілікті Ж.Тілепбергенұлы, Б.Кулеев, Ғ.Ахмедов, Т.Ахтанов, Ө.Қанахин, Қ.Шаңғытбаев, Б.Тәжібаев, І.Мәмбетов, М.Құрманалин, Т.Жармағамбетов секілді атақты ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармалары туралы кеңінен мәліметтер берілген. 2014 жылдың жергілікті мерейтой иелерінен С.Жиенбаев, С.Бәйішев, Қ.Жұбанов, Б.Жұбанов, М.Оспанов туралы мәліметтер қамтылған.
Кітапханаға келген оқырмандар көрмемен таныс болып, сүйікті қаламыздың 145 жылдық мерейтойын сезініп, ризашылығын білдіріп жатады.
Оқырмандарға кең көлемде ақпарат беру мақсатында «Есімдері әрқашанда ардақты» атты библиографиялық көрсеткіш шығарылды.

Көрсеткіште жерлестеріміз облысымызға ғана емес республика жұршылығына танымал талантты тұлғалары туралы мол ақпарат қамтылған. Оқырмандар көрсеткішті виртуалды түрде және де дәстүрлі түрде пайдалана алады.
«Жүректен шыққан жыр, жүрекке жетер» демекші, қасиетті Ақтөбе қаласының 145 жылдық мерей тойына орай жүректен шыққан жырымды арнағым келеді.
Ақтөбе - ару қалам, мекен еткен!
Ақ төбенің басында орналасқан,
Сенің қымбат мөлдір тұнық суың тасқан.
Ақтөбе – ару қалам, әсем қалам,
Өзге жер жоқ сұлулықта сенен асқан.

Ерекше ғой күн шуағы, таң самалы,
Барлық адам өлкемізге тамсанады.
Ақтөбеде барша жасыл бау бақшада,
Бұлбұл құстар әсем-әуен ән салады.

Ақтөбе − биік қалам, бар қаладан,
Табиғатың ерекше ғой, жан қалаған.
Өлкемізге қонақтаған әрбір адам,
Бойына күш-қуат алар кең даладан.

Қонақжайлы халқы бар құтты мекен,
Ақтөбеме АЛЛА өзі нұрын төккен.
Татту достық, ынтымақпен бірлікте,
Қаншама ұлт, бір жиналған ұлы мекен.

Мекен еткен Ақтөбеме жыр арнадым,
Жүрегімнен төгіледі жырлар ағын.
Көркіне көз тоймайтын Ақтөбемнен,
Сәл алысқа ұзап кетсем сағынамын.
Ақтөбем өсе, берсін өркендесін,
Биігінде тұрсыншы бар қаланың!

Ақ төбенің басыңдағы әдемі қаланың әдемгілігінен асқан ештене табылмас сірә. Ұлы Жібек жолындағы бұл әсем қала қашаннан оны мекен етушілер үшін Жерұйыққа бергісіз.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұжымының атынан барлық ақтөбеліктерді сүйікті қаламыз – Ақтөбе қаласының 145 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Ақтөбеміз жайнап, гүлдене берсін!


Кең даланың төсінде, көкорай шалғынның ортасында, жағалай сылдырай аққан өзендердің арасында, алыстан көзге мұнартып көрініп жатқан екі биік төбенің келбеті сол кезде патша үкіметінің адамдарын қызықтырады. Олардың басында Қарасай батырдың ақ бейіті болатын.
Ол географиялық тиімді жерде орналасқан, әрі сол табиғаттың сұлу ортасында көшіп-қонып жүрген еркін халықтың еркіндігі, олардың жауынгерлігі үрейлендіріп, жергілікті халықты ұдайы бақылап отыруға, олардың қарсылығын басып-жаныштау үшін әскери бекініс ретінде бой көтерген Ақтөбе қаласының негізі 1869 жылы 14 мамырда осы екі төбанің басынан бастау алып, Ақтөбе деген атауға ие болады. Сөйтіп, еркін халықты ұстап отыру үшін осы кең даладан бекініс жасап, оларды тежеп отыру керек болды. Бекініс салу басталды. Бекініс негізінен 1868 жылғы даланың жаңа ережесінің ендірілуіне байланысты болды. Алғашында көшесі жоқ, ретсіз салынған жер үйлер болғанмен, Ақтөбеге көшіп келушілер көбейді. Ақтөбе теміржолдың бойында орналасқандықтан, мал өнімдеріне айырбасталып жүргізілсе де, сауда жасаушылар да біртіндеп келе бастайды.Онан соң бір қабатты үйлерден, келе-келе екі қабатты үйлерге ұласып, сандары да бірте-бірте өсіп, ұлғая береді. Міне, бұл біздің сүйікті қаламыз - АҚТӨБЕ еді!


Менің қалам – менің тағдырым

Менің қалам – Ақтөбе. Менің қаламның негізі 1869 жылы екі биік төбенің басына үйлер салудан басталған. Менің қаламның басынан көптеген қиындықтар өткен. Қалам бірте-бірте үлкейіп, үлкен қалаға айналды. Ол қуғын-сүргін жылдары көп адамынан айрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлары көп болды. Олар соғысқа кеткенде олардың ауыр жұмыстарын әйелдер мен балалар, үлкен аталар жасады. Әйел аналар машинист, метал балқытушы, трактор жүргізушісі болып жұмыстар жасады. Олар өздерінің қымбат заттарын да майданға көмекке берді. Ұлы Отан соғысында ақтөбелік Ә.Молдағұлова, І.Үргенішбаев, ... аға апаларымыз Батыр атағына ие болды.
Ақтөбе қаласы да тың игеруге қатысты.
Ал қазір заман басқаша, технология дамығын кез. Біз тегін білім алып, оқимыз. Менің осыдан ойға түйгенім – оқуымызды жақсы оқып, қаламыздың болашағын дамытуға үлес қосуымыз керек. Ал менің арманым сәулетші болып, осы қаланың әкімі болып Ақтөбені көркейту, әдемі жерлерін көбейту, қаланың адамдарының басын біріктіріп, егістігін шаруашылығын дамытып, қаланы алға жетелеу. Ақтөбенің ең қымбат асыл қазынасы – оның ауызбіршілігі мықты адамдары. Мен туған қаламды жақсы көремін!

Аманғали Нұртуған 4ә класс оқушысы


Мен қаламды сүйемін

Ақтөбе қаласы 1869 жылы бастап салынды. 1932 жылы10 наурызда облыс болып аталды. Биыл Ақтөбеге 145 жыл толады. Осы жылдар арасында қаламыз неше түрлі жайларды өткерді: ашаршылық, қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдары. Барлық кезде де Ақтөбе халқы қиындықтарды жеңе білді. Ұлы Отан соғысына көптеген аға-апаларымыз кетті. Ол кезде аналарымыз олардың орындарында тұрып, қиын жұмыстарды істеді. Жеңіс үшін ештеңелерін аямады. Асыл бұйымдарын, ақшаларын тамақтарын берді, жылы киімдер тігіп, қолғап-шұлықтар тоқып майдандағыларға жіберді. Әлия Молдағұлова апамыздың соғыстағы ерлігіне қызығамын, үлгі тұтамын. Ақтөбенің 24 адамы Батыр деген атқа ие болды. Соғыс жеңіспен біткен соң, олар бейбіт өмірде еңбек етіп, қаламызды күшейту үшін жұмыс жасады.
Қаламыз өте әдемі, үлкен-үлкен үйлер, сәулетті ғимараттар көптеп салынуда. Мен туған қаламның әдемі болғанын қалаймын. Өскенде мен де туған қалам үшін, оны кеңейту үшін ат салысамы. Сонда біздің тағдырымыз жақсарады. Мен де өз қаламды, тағдырымды Ақтөбе үшін жақсартамын. Туған жердей жер болмас» дегенді осыдан түсінуге болады. Ақтөбе кеңейе берсін, өсе берсін, Ақтөбе менің қалам – менің тағдырым. Әркімнің өз жері – мысыр шаһары!

Қосназаров Айдос 4ә класс оқушысы


Менің қалам – менің тағдырым

«Менің қалам – менің тағдырым» дегеніміз менің қаламның болашағы қандай болса, менің де болашағым сондай болады. Менің қалам ол – Ақтөбе. Ақтөбе әдемі, көрікті қала. Ақтөбеде жоғары оқу орындары, ауруханалар, адамдар демалатын саябақтар, театрлар бар. Ақтөбе мен үшін қалалардың ең әдемісі, ең көріктісі. Мен туған қаламды дамыту үшін оқып білім аламын, жақсы жұмыс істеймін болшақта. Себебі менің қалам Ақтөбенің болашағы қандай жарқын болса, менің де болашағым сондай жарқын болады деп ойлаймын. Көркейе бер, Ақтөбем!

Айялита Оңғарова 4 класс оқушысы


Мен өз қаламды сүйемін

Ақтөбе қаласында тұрамын. Ақтөбе қаласы көп қиыншылықтар көргенін білемін. Олар: аштықтан, соғыстан өткен.Ұлы Отан соғысына кеткен ағаларымыз бен апаларымыз батырлық көрсетті. Солардың бірі - Қобдада туған Ә.Молдағұлова апамыз. Ол жас болса да Отанды қорғауға сұранып кеткен. Ерлікпен қаза болғанды 19 жаста ғана еді Әлия апамыз. Біз Әлия Молдағұлованың мұражайына барып, ол туралы көп мәлімет алдық.
Ақтөбе қаласында көптеген әдемі жерлер бар. Мысалы: Н.Назарбаевтың атындағы саябақ, Мега ойын-сауық орталығы, Қобыланды батыр атындағы стадион т.б. әдемі жерлер көп. Ақтөбе екі үлкен төбенің басына қорған салудан басталған. Баста сегіз-ақ үй болған. Бірте-бірте өсті, Ы.Алтынсарин халықтан қаражат жинап мектеп ашты
Мен өз қаламды сүйемін. Өз ізімді қалдырғым келеді.

Қуанышева Айкөркем


Ақтөбе – менің қалам, менің тағдырым

Менің туған жерім, туған өлкем – Ақтөбе.Жалпы Қазақстан қанша қиын күндерді басынан өткізді, бірақ ол қиындықтарды жеңе білді.Сұрапыл соғыс жылдары, аштық, қуғын-сүргін жылдары.
Ақтөбе тың игеру жылдарын да басынан өткізді. Еліміз, жеріміз тыныш, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүрсін деп еңбектерін аямаған ақтөбеліктер, қазір гүлденген, көркейген , зәулім-зәулім үйлері бар, әдемі көшелері бар әсем қала Ақтөбеде тұрып жатыр. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында азық-түлік, қаражат тапшы болды, соған қарамастан ақтөбеліктер қолдарында барын майдан үшін, жеңіс үшін аямастан берді.
Қазір Ақтөбе - әсем қала. Жоғары оқу орындары, жаңа мектептер, дем алатын орындар бар. Мамандақтар да жетіп жатыр. Менің алдыма қойған мақсатым – мұғалім болу. Балаларға білім, тәрбие беру үшін еңбек етіп мақсатыма қол жеткізуге тырысамын. Кішкентай кезімнен мақсат қоймасам, өскен соң өз орнымды табу қиын болады деп ойлаймын. Қазір өз жанұяммен тату-тәтті өмі сүріп жатырмын. Менің қалам - өте мықты қала. Сондықтан өз қалама, елім мен жеріме ризамын!
Жақында бастауыш класс оқушылары арасында «Туған қалам – Ақтөбем» тақырыбымен олмпиада өтті. Оған қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Мінекей, бұл кіші класс оқушыларының кішкентай жүректерінен жарып шыққан үлкен сөздері. Туған қаласына, туған жеріне деген осындай ықыластағы балалар өскенде туған жерінің үлкен бір тұлғасы болары анық.

Садуақасова Аружан. 5 класс оқушысы

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақтөбе актобе туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, ақтөбе актобе каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему ақтөбе актобе на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение казакша, казакша, шығарма, шыгарма, ақтөбе актобе каласы, шыгарма сочинение на тему ақтөбе актобе, ақтөбе актобе қаласы туралы шығарма, ақтөбе актобе туралы шығарма, Қазақша шығарма: ақтөбе актобе, Қазақша шығарма: ақтөбе актобе туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про ақтөбе актобе город, Қазақша шығарма, ақтөбе актобе туралы казакша шыгарма қазақша шығарма, ақтөбе актобе туралы шыгарма, сочинение на казахском языке про город ақтөбе актобе, на казахском языке скачать, на казахском языке, скачать, на тему ақтөбе актобе, ақтөбе актобе туралы, қазақстан қалалары туралы шыгарма шығарма сочинение, казакстан калалары туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, казакстан калалары каласы, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары, на тему казакстан калалары, города казахстана шыгарма шығарма сочинение на казахском скачать, aқtөbe aktobe turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, aқtөbe aktobe kalasy turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu aқtөbe aktobe na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, kazaksha, shyғarma, shygarma, aқtөbe aktobe kalasy, shygarma sochinenie na temu aқtөbe aktobe, aқtөbe aktobe қalasy turaly shyғarma, aқtөbe aktobe turaly shyғarma, Қazaқsha shyғarma: aқtөbe aktobe, Қazaқsha shyғarma: aқtөbe aktobe turaly kazaksha shygarma, sochineniya na kazahskom yazyke pro aқtөbe aktobe gorod, Қazaқsha shyғarma, aқtөbe aktobe turaly kazaksha shygarma қazaқsha shyғarma, aқtөbe aktobe turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke pro gorod aқtөbe aktobe, na kazahskom yazyke skachat, na kazahskom yazyke, skachat, na temu aқtөbe aktobe, aқtөbe aktobe turaly, қazaқstan қalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie, kazakstan kalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, kazakstan kalalary kalasy, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary, na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana shygarma shyғarma sochinenie na kazahskom skachat, актобе шагын шыгарма, ақтөбе туралы шағын шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]