Шығарма: Ана - өмір шуағы (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Шығарма: Ана - өмір шуағы (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі.
Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
менің анам шығарма, менің сүйікті анам шығарма, ана өмір шуағы шығарма, 8 наурыз мерекесіне арналған шығарма, 8 наурызға шығарма, 8 наурыз шығарма, 8 наурызға арналған шығарма, 8 наурызға арналған шығарма қазақша, сочинение на казахском языке на тему 8 марта, сочинение на казахском языке про 8 марта, сочинение на казахском языке моя мама, сочинение на казахском языке на тему мама, сочинение на казахском языке про маму, ана өмір шуағы, Қазақша шығарма: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - өмір шуағы), анама хат шығарма, ана туралы шығарма, Асыл ана казакша шыгарма, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма 4 5 6 7 8 9 сынып, ана туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, Қазақша шығарма: Асыл ана, Қазақша шығарма, сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Асыл ана сочинения на казахском, ана туралы шыгарма қазақша, ана туралы шығарма қазақша, ана туралы шығармалар қазақша, сочинение на казахском языке про мою маму, скачать сочинения на казахском языке маму, жан ана казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Менің аяулым анам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]