Шығарма: Алтын бесігім - Көкпекті

Шығарма: Алтын бесігім - Көкпекті

Назерке БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Иә, әр адам үшін өзінің туған жерінен өткен жер жаннаты жоқ шығар, сірә. Балалық шағымның балғын бейнесі болған ауылым әрқашан мен үшін ыстық әрі ерекше. Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені сөзсіз. Менің алтын бесігім – Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы. «Жердің аты – тарихтың хаты» - деп тегін айтылмаған. Үлкендердің айтуынша, 1927 жылдар шамасында қазіргі Қожбан ауылының оңтүстік жағында Қаратал өзенінің жағалауында Кәлпе руынан шыққан 3 ата бірігіп, «Бес төшкі» деген атауымен алғашқы артельдер құрыла басталған. Оны Еріш Көшербаев басқарған. Кейін 1930 жылы ол тарап кеткен.Себебі Голощекиннің содыр саясатының салдарынан басталған ашаршылық 1933 жылға дейін елдің есін жиғызбаған. Халық қырғынға ұшыраған. 1934 басында «Көкпекті ой» деген жерде ашаршылықтан есін жиған жұрттың басын біріктіріп, алғаш артельдің негізінде 1934 жылы Сынабай Ыбырайымов, Адамбек Орынбаев, Сағатбек Ыбырайымовтың ұйымдастыруымен «Май» деген атпен колхоз құрылды. Оның басшылығына Сағатбек Ыбырайымов сайланды. Кейіннен ол азамат репрессия құрбаны болды. Сонымен қатар ауылымызда алабота тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдігі «Көкпек» - тің көптеп таралуы ауылдың атауына әсер еткен деседі. Айта берсек үлкен тарих.

Мен осы жерде дүниеге келіп, өсіп өндім, білім алдым. Ауылымның суы, нуы өзгеше ыстық. Тұрғындары көп емес, бәрі бір – біріне туыстай, керек кезде көмек көрсететін жандар. Кішкентай кезімде таң атысымен кеш батқанға дейін достарыммен сыртта таза ауада алаңсыз ойнайтынбыз. Қаланың балаларымен салыстыра отыра балалық шағымның ауылда өткеніне қатты қуанамын. Бұл қала болмаса да, біздің жер артта қалған емес. Бізде жылы су, тоқ көзі барлығы бар. Сонымен қатар, білім деңгейі бойынша ауданымызда алдыңғы қатарда тұрған алтын ұя мектебіміз бар.

Таңертең ерте тұрғандағы таза ауасы, адамдардың тұрып күйбең тіршілікке кірісуі. Төрт түлігің түгеңдеп, жайылымға жіберуі. Елестетіп қарасақ керемет бейне емес пе?! Міне, бұл бейне менің ауылымда күнделікті орын алады. Ауылымның бір бөлек айтылатын табиғаты бар. Ең жақсысы – таза ауамыз. Бензин немесе басқа химиялық қоспамен ластанбаған. Себебі бізде көлік қозғалысы аз. Ал осындай ауа қалада жоқ деуге де болады.

Кез – келген адамның үйі, туған жері - өзінің кіші Отаны. Біз ересектер болсын, балалар болсын оған деген ерекше тартылысты сеземіз. Айта кетсек, тіпті аз уақытқа болсын жырақтап басқа жаққа кетсек те, бәрібір туған жерге қайтқымыз келіп тұратыны жалған емес. Менің ауылымда көнеден қалған

салт – дәстүрлер де жақсы сақталған. Бұл қазағымыздың рухани азығы екені сөзсіз. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең-байтақ, дархан даламыздың, ауыл – анамыздың перзенті. Ауыл ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын аяды ма?

Қасиетті топырағыңа бас ием! Мен үшін сен, құдіретті асыл ең! Отанымның бір бөлшегі-ауылым Таусылмасын мен жырлайтын несібең!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Алтын бесігім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Алтын бесігім на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Алтын бесігім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]