Шығарма: Қазақстан патриоты
Көкен Олжабай
Ерейментау ауданы
Олжабай батыр ауылы
Ерейментау ауданы
Олжабай батыр ауылы
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның өзіне тән Ата заңы, мемлекеттік Рәміздері бар. Қазақстанда мекен еткен адамдар Отанын, елің, жерін құрметтейді. Туған жерді, өз халқын сүйетін адам - нағыз патриот. Батырлар, ақындар елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасқан. Осындай патриотық сезімі жоғары тұратын батырларымыздың, ақындарымыз, желтоқсан құрбандары арқасында өзіміздің елімізді, ұлттылығымызды, тілімізді, салт-дістүрімізді сақтап қалдық. Қазақ халқы намысты қолдан бермейтін ұлт деп ойлаймын. Ата-бабамыз талай ғасырлар бойы елім, жерім үшін деп осындай ұлан-байтақ жерді, тілді, салт –дәстүрді бізге қалдырды. Ендігі біздің басты парымыз, осы мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Біз батыр бабаларымыздан патриоттық тәрбие аламыз. Патриот дегеніміз-ұлтжандылық, Отан сүйгіштік. Біз әңгімелерде, ертегілерде, тарихи шығармаларда патриот туралы оқимыз, оны бойымызға сіңіреміз. Елің үшін сабақты жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға қатысу, ата-ананы сыйлау, достарынды сыйлау патриоттық сезімге жатады.
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»-дегендей Отан үшін арпалысу, адал қызмет ету керек. Батырлық ол нағыз ұлтжанды адамның бойында болады.Соғысқа бармай-ақ сабағыңды жақсы оқып , мамандық таңдап, сол мамандықта елің үшін еңбек етсең, олда бір бөлшек.
Біз Олжабай батыр ауылында тұрамыз. Ол кісі батыр болған. Елің, жерің асқақ сезімнің, рухының биіктігі арқасында жаудан қорғаған. Олбажай батыр Бөгенбай батырдың досы болған. Осы ауылдан патриотты қаншама адам табылады. Ерлік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Оқушының бойында ең алдымен анасына, өз отбасына ,туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады. «Ерлік білекте емес, жүректе»-дегендей, Отанға деген батырлық, ерлік, кішкентай істерден туады . Олар табиғатты қорғау, құстарға қамқорлық жасау және тағы басқа істерден туындайды.
«Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық»-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай патриоттық сезім Отанға деген ұлтжандылықтан пайда болады. Ереймен жерінде қаншама батырлар болған. Солардың ерлігін жалғастыратын біз. Мен Олжабайдың атын алғандықтан, мен елімнің болашақ патриоты ретінде сезінем. Елімді қорғайтын жақсы азамат болмын.
Біз туған елімізді сатпай, керісінше оны қорғауымыз керек.
Қорытындылай келе, Отан туралы өзім шығарған өлеңімді қабыл алыңыз:
Қазақстан атамекен кең далам
Толған байлық тау мен тасың сай салаң
Желбіретіп көк туыңды аспанға
Қазақстан патриоты мен болам.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: