Шығарма: Абылай хан – аңызға айналған тұлға
Ерденов Максим
8 сынып, № 8 орта мектебі ММ
Көкшетау қаласы
Жетекшісі: Кантарбаева Г. Р.
8 сынып, № 8 орта мектебі ММ
Көкшетау қаласы
Жетекшісі: Кантарбаева Г. Р.
Биыл Абылай ханның туғанына - 300 жыл! Қанша уақыт өйтсе де, қазақ халқының жадына Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі -беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».
Абылай хан дәуірін білу арқылы біз қазіргі заманымыздың ерекшелігін, қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінеміз. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады.
Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтырыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
Қай жылы туса да 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Абылай өзінің күш-жігерін келесі бағыттарға жұмсады: біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті. 1771 жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті. Үшіншіден, Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алаусыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ең соңында, ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңіл бөлді. Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.
Абылайдың кеңесшісі Бұқар жырау болды. Абылайды жырлауда да сыртқы жауға қарсы күрес, ел ынтымағы, ел бірлігі Бұкар өлеңдерінің негізгі өзегі болып отырды. "Ей, Абылай, Абылай!” деген өлеңінің бір жерінде жырау:
Қырық беске келгенде,
Жақсы мен жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезенге тіредің, дейді.
Абылай туралы өлеңдерінде Бұқар оның жақсылық жақтарын көріп қана қоймайды, кемшіліктерін де айтады. Ол "Ей , Абылай, Абылай!” деп, азуы алты қарыс ханға өктем сөйлейді. Айтарын бүкпейді, батыл айтады. Өйткені жырауға ел бірлігі, ел тағдыры қымбат. Өз дәуірінің ойлы ақыны Бұқар жырау ханның ісі халық тілегіне қайшы келіп, елдің батырлары мен ханның арасы алшақтап бара жатса, Абылайдың қателіктерін ашық көрсетіп, ел бірлігі үшін олардың арасына дәнекер болып, ханға дұрыс бағыт сілтейді.
Бұқар жыраудың көп өлеңдерінің Абылайға арналуының негізгі себебі
қазақ елін сол замандағы беделді Абылай ханның айналасына топтастыру еді. Енді бірде "Үш жүздің басын құрадың”, — деп, Абылайды Жоңғар қалмақтарына қарсы күресте елге басшылық еттің, оның азаттық жолындағы күресінің ұйымдастырушысы, қолбасшысы болдың деп мадақтайды.
Жыраудың бұл жерде де айтайын деген негізгі ойы - қазақ елінің бірлігі. Сол ел бірлігін ұйымдастырудағы, әрі бірлікті ұстай білудегі Абылайдың рөлін көрсету, үш жүздің басын қосып, күшін біріктіріп, сыртқы жаулармен күресті басқара білгендігін дәріптеп, осы жағынан оны басқаларға үлгі ету. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген.
Мәңгі риза халық «Ер есімі ел есінде» дегендей, Абылай ханның құрметіне еліміздің көптеген қалаларына ескерткіштер орнатып, оқу орындарына, көше мен даңғыларына оның есімін беруде. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп , темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Көкшетау, Жезқазған, Павлодар қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған «Көшенділер» фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавл қаласында «Абылай хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөздері де әрбір азаматқа ой салуға тиіс: «Иә, Абылай – аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек… Абылай тақырыбы ол туралы аңызды өршіту үшін емес, тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғаның өмірінен тағылым өрбіту үшін қажет… Мен үшін Абылай заманы ғана емес, бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тәуелсіздігі үшін күрес сияқты көрінеді . Ел бостандығы, ұлт тәуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да төбеден түскен сый болмаған. Ол әрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық, жанпидалық еңбегінің, күресінің нәтижесінде ғана келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек».

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: