Шығарма: Менің қалам

Шығарма: Менің қалам

Доценко Валерия
4 сынып, №3 орта мектебі
Ерейментау қаласы

Бүркіт ұстап басыңа шығар едім,
Көзіме бір көрінші,Ерейментау.
Иманжүсіп
Менің туған қалам Ерейментау деп аталады. Ерейментау қаласы Ақмола облысында орналасқан. Бұл қала 1948 жылы салынған. Қаланың атауы неден шыққан дейсіз ғой? Ерейментау атауы туралы деректер көп. Бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішінде қашып,оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен,ерімен жүр екен»,- деп хабарлап,бұл таулар осыдан соң Ерімен, Ереймен атаныпты-мыс. Қаламдағы ең әсем көрініс осы біздің таулар деп санаймын.Олардың аттары да бар. Олар: Айдарлы, Қойтас, Ширықты.Бұл таулардың әсемдігін жырға қосып айтқан Бұхар жырау болатын.
Біздің қала сыртында өсімдіктер де көп. Әсем аққайыңдар көзге түседі. Біздің ауданда жануарлар да жеткілікті. Орманда түлкілер, қояндар, қасқырлар да кездеседі. Тағы бір мақтанып айтатыным - ол біздің көлдеріміз. Біздің жерімізде 20-дан астам көл бар. Ең үлкендері - Тойғанкөл, Таңдыкөл, Қоржынкөл. Ерейментау жерінен көптеген атақты батырлар шыққан. Олар кезінде біздің асыл жерімізді жоңғарлардан аман-есен алып қалған.Қаланың ортасында оларға ескерткіштер қойылған. Бөгенбай батырға, Атан батырға, Жантай батырға.
Мен өз қаламмен, өз жеріммен мақтанамын. Мен үшін өзімнің туған қалам - ең әсем, ең жылы, ең жақсы қала.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің қалам туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің қалам на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің қалам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]