Шығарма: Менің Отаным-Қазастан!
Амантай қызы Ажар
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы
Отан . Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам отансыз болмайды. Ал менің отаным, ол шетімен бұл шетіне ұшқан құстың қанаты талып жете алмайтын, кең байтақ қазақ жері - Қазақстан елі. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлауы, түтіні бұрқыраған ауылы, бақтағы бұлбұл құстың үнімен айдындағы аққу құстың қиқулаған үні келеді.
Қазіргі таңда, Қазақстан өркениетті ел, күннен-күнге қарқындап дамып келе жатқан дамушы ел. Әлемге танылып үлгерген ел. Жаңа ғасыр табалдырығын өзіне үлкен сенімділікпен нық аттаған ел. Ел бірлігін, ұлт бірілігін сақтаған ел. Ел басымыз жастарға үлкен сенім артады. Халқымыздың үмітін ақтары да, елімізді көркейтіп дамытары да, еліміздің мәңгілік ел болып жасауына үлес қосары да - жастар.
Қазақстан – сен заңғар биіксің , кеңсің. Туған жер, мен сенің атыңды-жер бетін жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!Қазақстан бірлігі, достығы , тыныштығы жарасқан егеменді тәуелсіз ел.Бай ел. Біз, ел болашағымыз. Сондықтан біз оқуымыз керек.
Мен елімнің бір азаматы ретінде Отанымның дамуына, өркендеуіне бір кісідей үлес қосамыз. Маған елім қымбат! Елімнің тәуелсіздігі қымбат! Өйткені ол менің туған жерім. Ата-анамның туған жері. Ата-бабамның қасық қаны қалғанша қорғап, дұшпанға бермей маған беріп кеткен жері. Сондықтанда, бұл елдің әрбір тал топырағы, әр тамшы су, ауасы маған қымбат! Мен Алладан еліме тыныштық, береке, ырыс тілеймін. Ырысы, берекесі, тыныштығы бар елде тіршілік бар. Тіршілік бар жерде даму бар. Тіршілігі бар, дамушы елдің жастары талантты, білімді болатынына сенемін. Мен Отанымның осындай болатынына сенемін, оның келешегінің жарқын екендігіне сенемін. Менің Отаным, Қазақстан елім осындай!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Менің Отаным-Қазақстан!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: