Шығарма: Махамбет – патриот ақын
Алкенова Диана
9 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі: Әуезова З.Т.
9 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі: Әуезова З.Т.
Өлді деуге бола ма, ойландаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- деп, ұлы Абай айтып кеткендей ерлігімен, жалынды жырларымен халықтың көкірегінде қалған ардақты ұлылардың бірі-Махамбет Өтемісұлы өзінің өнегелі істерімен,отты жырларымен халықтың жүрегінде мәңгі сақталған.
Махамбет шығармашылығы - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ.
Бұл-Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек. Өнерге келсек, қазақ поэзиясының ғасырлар бойғы дамуына шешуші себеп болған қозғаушы күш-ешқашан үзілмеген, толастамаған,барған сайын үдей түскен азаттық идеясы.
Махамбет поэзиясы-көтерілістің үні, ол өмір сүрген кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайға,ақын жасаған дәуірдегі елдің тіршілігіне, өмірге, поэзияға көзқарастарына әдеби ағымдары жатады.
Махамбеттің ең басты нысаны -ол тек көтеріліс басшысы ғана емес,ол-ақын, қарумен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет еткен, Исатайдың оң қолы, көтерілістің дем берушісі, отаншылдық, азаматтық қасиетті мол,орыс отаршылдары мен империяның жергілікті қол шоқпарларының озбырлығын,барынша әшкерлеуші жақтарын басатын асыл тұлға.
Егер батыр ақынның өмірдеректеріне үңілсек;Махамбет жасынан дарын иесі, шешендігімен,ақындығымен ел аузына іліккен екен. Оның осы таланттын естіп-білген Жәңгір хан Махамбетті қарғы бау тағып, сарай ақыны етпекті ойлайды. Жаны жасық пенде болса сарай төңірегінде хан сарқытын ішкенге мәз болып жүрер еді, ал Махамбет оған көнбеген. Ханның елге істеп отырған жәбірлігіне қаны қайнаған ол "Хан емессің, қасқырсың,"- деп, іргесін одан аулақ салады. Бірақ хан тұқымдары осы әрекетіне өкпелемей,қайта:-Бұлайша айтпаса, Махамбет батыр бола ма? Батырдың сөзін көтермесем,мен хан болам ба?-деседі.
Бұл аңыз болса да Махамбетке берілген әділ баға еді. Аңыз болсын, ақиқат болсын,бәрбір, Исатай мен Жәңгір,Жәңгір мен Махамбет-ағайыншылдықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел басқарған хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды,орақ тісті шешен болған. Соңғы екеуі: бірі-батыр,бірі-ақын.
Махамбет поэзиясы екі обрыз жасады,-дейді академик Қ.Жұмалиев.
Бірі-Исатай образы,екіншісі-Махамбеттің өз образы.
Махамбет бейнелеуінде Исатай-үстем тап өкілдеріне жаны қас,ел үшін күрескен ер, халыққа қамқоршы патриот. Исатай оның тек серігі,досы ғана емес. ол көтеріліс басшысы,халық қамы үшін алысқан-батыр азамат.
Ақын поэзиямында Исатай-халық бейнесі. Халық батырлығы ,халық ерлігінің, халық махаббатының, халық үшін опат болған ерлер бейнесі.
"Тарланым", "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай", "Соғыс" т.б.
өлеңдерінде Исатай бейнесін жан-жақты, әр қырынан көрінеді.
Исатайға арнаған классикалық өлеңдерінің бірі-"Тарланым" өлеңі. Бұл өлеңде Исатай батыр бейнесі барлық бітімімен көрінген.
Таудан мұнартып ұшқан тарланым!
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным,көп болды-ау.
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім,
Керіскедей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым,
Теңіздей терең ақылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім!-деген өлең жолдарынан алуан сөз образдарын қолдана отырып батырдың сом тұлғасын жасаған.
Махамбет өлеңдерін оқи отырып ақынның Исатайға деген махаббатының шексіз екені, оны ерекше құрметтегені айқын сезіледі, сондықтан менің ойымша,мұндай асыра сілтеуге, дәріптеуге ардақтауға тұратын қос батыр деп есептеймін.
Махамбет жыры туған еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілікке толы.Ол еңбекшіл халық мұңын жырлады, елінің елдігін, халықтың бүтіндігін сақтауды армандады. Ұлы арманының орындалуы жолында соқпағы мол, шытырманы көп болатындығын айта келе, ер ұлдардың неге де болса шыдап, төзе білуін талап етеді.
Сөйтіп, жақсылықты болашағынан күткен, келешек ұрпағында халық үшін күреске шақырған оптимист-ақын.
Қорыта келгенде, Махамбет поэзиясы-қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа белес, өшпес мұра. Ол қазақ жырауларының жақсы дәстүрін жалғастырды, оны әрі қарай дамытты. Махамбет поэзиясы найза мен қылыш, садақ пен сүңгі үстінде туып, лаулаған жалын үстінде шыңдалған. Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен де, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасық қанын қиған Махамбет Өтемісов халықтың осындай патриот адамы еді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Махамбет-ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңіретіндей етіп кеңірек дәріптеу керек -дейді.
Махамбет аңсаған азаматтыққа қол жеткізген халқымыз үшін енді ақын мұрат еткен азат ойдың биігіне ұмтылу шынайы демократиялық қоғам орнату-басты парыз.
Бір кезде керемет ерліктің үлгісі боп көтерілген Махамбет бүгінде егемен елдіктің өшпейтін рухымен астасып жатыр.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
» Шығарма: Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін
» Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)
» Шығарма: «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдеріндегі ән мен өлең құдіреті
» Шығарма: Тарих - тағылым -Тәуелсіздік

Іздеп көріңіз: