Шығарма: Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!
Қазақстан әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі ел екендігі шындық. Қазақстанның рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар . Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына. Басқа мемлекеттер рәміздері сияқты біз де өз рәміздерімізден көп нәрсені аңғаруға болады. Тудан қазақ елінің көк аспанның астындағы бейбіт сүйгіш халық екендігін, дала бүркітіндей еркін, қиядан-қияға самғайтындығын, ал алтын күн байлықты, дархандықты ұқтырғандай. Елтаңбаның көркемдігіне сөз жетер емес. Ондағы әрбір бейне қазақ бейнесін ала түсетіндей. Шаңырақ, уықтар , аңыздағы қанатты пырақтар , бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылмен ойластырылып , бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні . Оның шырқалуы, шарықтауы , мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.
Қазақстан Рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері -ештеңемен салыстыруға келмейтін нағыз өнер туындысы деп ойлаймын. Бұларды дүние жүзіне танымал әйгілі туындылармен салыстыруға келмейді және салыстыруға болмайды. Мен үшін ел рәміздері өз шығу тегі бар. Сол сияқты біздің де рәміздердің өз шығу тарихы бар. Қазақ қаншама қиындық кешіп, тәуелсіздікке ұмтылса, біздің рәміздеріміз де қазақ халқымен бірге күрескен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-ортасында шұғылалы алтын түсті күн, оның астында қалықтап ұшқан дала қыраны, шетінде қазақ ою-өрнегі бейнеленген көк түсті мата. Бұл жай ғана мата емес, қанша қазақ аңсап күткен, бабалар қанын төккен киелі мата. Оның әр бояуында терең ой, философия жатыр. 1992 жылы еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланды. Тудың жобасын жасауға ТМД елдерінен, Түркиядан, Монғолиядан, Германиядан 1200 суретші қатысып, одан қазақ суретшісі Шәкен Ниязбеков жеңіп шығады. Өз жобасын жасай отырып әр тамған бояуын үлкен отансүйгіштікпен, еңбекпен, зор қуанышпен бояған деп сезем. Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу мағынасын беру мен қатар бейбітшіліктің, тыныштығын және жарқын болашақтың белгісі саналады. Біркелкі көгілдір түс бұлтсыз ашық аспан мен оның астында өмір сүріп жатқан бейбіт сүйгіш халықты еске түсіреді. Ортасында алтын түсті күні байлықтың белгісі болса, қалықтап ұшқан бүркіт қазақ ұғымында дархандық, қырағылық, бейбітшіліктің символы іспеттес. Бұл тудың биікке желбіреген сайын бұлтсыз ашық аспан астында бірлікте өмір сүре береміз деп ойлаймын.
1992 жылы еліміздің рәміздерінің бірі елтаңбаның жобасын жасауға да сайыс жарияланады. Онда ақтық мәреде 245 жоба, 67 елтаңбаның болашақ бейнесі сайысқа түседі. Мұнда Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков жеңіске жетті. Содан бастап елтаңба мемлекеттің асыл құндылығына айналды. Елтаңба-дөңгелек нышанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ, оның жаны күн сәулесі шуағында уықтар торланған. Шаңырақтың екі жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнеленген. Жоғары жақта жарқылдаған бес бұрышты жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның ең негізгі бөлігі болып – шаңырақ болып табылады. Ол елтаңба жүрегі болып саналады. Шаңырақтың беретін мағынасы өте ерекше. Шаңырақ әлем тұтастығын, мемлекет бастауы, отбасы белгісі іспеттес. Ал қанатты тұлпарлар мәңгілік өмір, Қазақстанның тұлпарлар секілді дамуын, Қазақстан тұратын ұлттардың бірлігін, рухани байлығының белгісі. Бұл пырақтар қазақтардың үміті, жас ұрпаққа деген сенімі, болашақ арманы , самғау биігі мағынасында. Төбедегі жұлдыздың орны ерекше. Әр адамның өмірінде жол көрсететін, бағыт-бағдар беретін жұлдызы болады. Сол сияқты мемлекеттің де өз көшбасшысы болады. Бұл атқа әбден лайық деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты алар едім. Төмендегі «Қазақстан» деген жазу ел тарихында да, дүние жүзі тарихында да мәңгіге өшпес, кетпес таңба деп білемін. Мен әлі күнге дейін елтаңбамыздың көркемдігіне, ондағы элементтердің дұрыс орналасуына , баға жетпестігіне қайран қаламын. Бұл туындыны жоғары бағалаймын.
Ендігі рәміздердің бірі-ел әнұраны. 2006 жылы ел әнұраны өзгереді. Ол ғасырдың екінші жартысында бақытты кезеңді жырлаған нағыз патриоттық өлең «Менің Қазақстаным» еді. Бұл халық жанының поэмасы саналатын. Оны жазған атақты ақын Жүмекен Нәжімеденов болатын. Оның әнін дүниеге әкелген қазақ саз патшасы Шәмші Қалдаяқов болатын. Бұл әнұранның тағы бір авторы бар ол-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент екі ғасырды тоғыстырып, әнұран сөзін уақыт өзгешелігімен үйлестіре білген. Парламент патшалары да бұл әнұранды бірден қолдайды. Сосын жаңа әнұран 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заң күшіне ие Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қойған №112-ІІІ Конституциялық заңмен бекітіледі. Ол ең алғаш 2006 жылы 10 қаңтарда Ақордада шарықтап шырқалады. Сөйтіп, 10 қаңтар жаңа әнұран туған күніне айналады. Тәуелсіз еліміздің рәміздерін дүниеге келтіру үшін қаншама маңдай тер, еңбек етілгені баршаға аян болды.
Міне, биыл Қазақстан мемлекеттік рәміздеріне де жиырма жыл толып отыр. Яғни, туымыз жиырма жыл бойы көгімізде желбіреп, әнұранымыз шырқалып, елтаңбамыз өшпес таңбаға айналды.
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі.
Көк тудың желбірегені- деп ақын Алмас Ахметбекұлы жырлағандай бұл көк ту желбірегенде бар қазақтың жүрегінде қуаныш, сенім ұялайтыны белгілі. Әр әнұран шырқалғанда әр адам орнынан тұрып, қолын жүрегіне қояды. Бұл әнұранға деген шексіз құрмет. Менің жүрегім еліммен бірге жасап, әнұранымен бірге соғып, өмірі тоқтамайды. Рәміздеріміз жасай берсін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: