Шығарма: Шежірем бар таусылмайтын сан қилы
Жөндербек Ақтоты
10 сынып, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектеп
Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Бейсбаева А. О.

Тарихы көне Таразбен тамырлас қасиетті де киелі Т.Рысқұлов ауданы шежіреге бай өлке. «Шежірем бар таусылмайтын сан қилы » атты тақырыбын алған себебім де осы. Т.Рысқұлов ауданының құрылғанына 75 жыл толу мерекесіне орай, шығарманы өзімнің туып – өскен ауданым жайлы алуды жөн көрдім. Жүрегі « туған жер, туған ел, атамекен » деп соққан әрбір қазақтың өз мекенін, өз қонысын шырқамауы , оны астарлы сөзбен ардақтап, сыйламауы, туған жері жайлы сырдан шежіре тарқатпауы мүмкін емес. Сол себепті мен де өзімнің туған ауданым, қасиетті , киелі мекенім, тұнған шежірем, тарихи танымым Тұрар Рысқұлов ауданы жайлы сыр шертпекпін.
Менің бас иетінім де, қасиетім де – туған жер.
Құлан өңірі – Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан. Шығысында Меркі, батысында Байзақ аудандарымен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен шектеседі. 1938 жылы 4 наурызда Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының жарлығымен Лугавой ауданы болып құрылған. Алайда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1999 жылғы 11наурызда Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылымы туралы » Қазастан Республикасының 1993 жылғы 8-ші желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Жамбыл облысының Лугавой ауданы – Т.Рысқұлов ауданы болып қайта аталсын делінген.
Т.Рысқұлов ауданы – киелі өлке , қасиетті мекен десе де болады. Бұрынғы заманнан ата – баба дәстүрін ту етіп келе жатқан аудан еңбеккерлері сайын далада шаңырақ көтерген жаңа ауданның , содан бері 75 жылдық тарихында Республикамыздың гүлдене түсуіне зор үлес қосып келе жатқандығын көреміз. 1938 жылдың 4 наурызы күні отау тіккен аудан кең көлемді , үлкен тарихи жолдан өтті. Егер тарих тұңғиығына көз жіберсек, бүгінде құрылғанына 75 жыл толып отырған аудан қай уақытта болмасын кең байтақ . Еліміздің гүлденуіне, экономикасының нығаюына барынша мол үлес қосып келе жатқандығын байқаймыз. Туған жер – адам өміріндегі киелі орын. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат, жаныма жақын жер Құлан өңірінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңында балалармен ойнағаным және мектепке алғаш барған кезім әлі есімде. Иә, туған жердің әр тасы мен жусаны, суы мен құмы - менің ақ бесігім. Сен әрқашан өзің бармасаң да , оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын еске түсіресің. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Қазақ баласы мен кең даласы ежелден еркіндікті аңсап келеді. Қазақ халқы бодандықтың зардабын көріп, бостандықтың иісін арман еткен ел. Осындай сәттерде қазақта халықтың сөзін сөйлеп, мұңын шертіп, жоғын жоқтаған, «елім» деп туған ерлері аз болмады. Туған жердің атақ-даңқын біртуар толағай тұлғалардың шығаратыны бұрыннан белгілі. Ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған ата-бабаларымыз, орақ тілді шешендеріміз, Ұлы Жібек жолының күретамырында жатқан Құлан өңірінде әсте кенде емес. Қайталанбас, дара батырларымыз Болтай Батыр Байтемірұлы, Құдайберген Байетұлы , Танабай Батыр Тоғазақұлы, Тоқсаба би Бердібекұлы сынды батырларымыз да баршылық. Елім, жерім деп жүрегі соққан, өз уақытының ауыр жүгін арқалаған абзал азаматтар, Жақсылық ауылынан шыққан, қазақтың спорт өнерін дүние жүзіне танымал еткен атақты боксшымыз Ермахан Ыбырайымов, ауданнан шыққан Жұманбеков Жеңісбек, Мырзалиев Нұржан, Қойбақов Талғат секілді генерал ағаларымыз, барлық ісін ел игілігіне арнап, солардың жақсы да жарқын өмір сүруіне бағыттаған, білім бұлағынан нәр алған оқымысты ғалымдар екендігі баршамызға мәлім. Ауданымыздан шыққан әйгілі академиктер Ғани Қалиев пен Жұмабай Байтанов бастаған Есенбай Әлпейісов, Рыскүл Әлпейісова, Өмірхан Әбдіманов, Сейтхан Жошыбаев, Әдібай Табылдиев және т.б. сияқты профессор, ғалымдарымыз өркениетімізді өрге сүйреп келе жатқан, есімі мәлім оқымыстылар. Бұл өлкеде сонымен қатар қазақтың көрнекті ақыны, сазгері, бұлбұл әншілері, әртістері Ақжолұлы Өзбек, Ақүрпекова Гүлмира, Әлпейісов Бақытжан , Әлімбеков Жүніс, Әшімбекова Тахмина, Кәріпжан Нүсіп, Мэлс Өзбеков, Үсейінов Жаңбыршы өмірге келген. Бұл дара есімдердің дүниеге келуінде де бір тылсым күш, бекзаттық бар сияқты. Ауданымыздағы мәдениет үйі көрнекті сазгер, дирижер М.Өзбеков есімімен аталады. «Ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойларында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы қажет». Елбасымыздың осы сөзін басшылыққа ала отырып, біз ағалардың, аталардың ерлік еңбегін еш уақытта ұмытпаймыз, оларға әрқашан сый-құрметіміз дайын. Біздің аймақта жемісті қызмет атқарған, жақсы бастамалардың бас-қасында болып, өнегелі із қалдырған құрметті тұлғалардың жарқын бейнесі ұрпақтарыңыздың жүрегінен ұзақ орын алады.
Жерлес ақын апамыздың Құланға деген ыстық махаббатынан туған өлеңінде мынадай жолдары бар еді:
Көркің әсем көктем,
Құмырсқа бел көкем.
Күлімдеші күлші,
Жүзің гүл алма.
Үмбет құмын басып,
Жібек жолын асып,
Келші сәулем келші
Біздің Құланға !
Бізде әлемдегі барша халықтар сияқты туған жеріміздің төсінде тыныстап , мөлдір суын ішіп, мәңгі бейбіт өмір сүргіміз келеді. Саналы ғұмырын өзінің кіндік кескен ауылында өткізіп, еңбек еткен азаматтың өзі: « Мен бірінші ата – анама, екінші туып – өскен ауылыма қарыздармын » дейді. Көрнекті жазушы, марқұм Тахауи Ахтанов: « Ойлап отырсам, талантты ақын
– жазушылардың тоқсан тоғыз пайызы ауылда дүниеге келген екен. Сондықтан біздің ұямыз ауыл. Біздердің қан тамырымыз да, жүрегіміз де ауыл деп соғады» - дейді. Міне, сондықтан да қасиетті туған жерімізді аялап, қадіріне жете білейік. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейілдікті мына жатқан жеміс талы мен сай – саламнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: