Шығарма: Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!

Шығарма: Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!

Жамбыл Әсем
10 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы
Ақсу-Аюлы ауылы
Жетекшісі: Шатекова З.Д.

Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін . Менің Отаным - Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген:
Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген,
Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген.
Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған,
Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан -ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата –жұрт. Әні мен күйі шалқыған ғажайып сұлу сахара!
Менің елім - Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ . Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады. Бірақ ержүрек ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында, халықтың бірлігінің арқасында ел өзінің кең - байтақ жері мен құт мекенінде еркін көсіліп, жайланып жатыр.
Бақыт пен шаттықтың ұясы, туысқандық пен достықтың мекені, еңбек пен ерліктің ордасы – менің сүйікті республикам! Мен де Қазақстанда тудым. Яғни менің де қасиетті Отаным.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
Талай адам тылсым құбылысқа сенуге біршама бейім және санамыздың әлдебір түкпірінен «кереметке іңкәрлік» деп атауға болатын бір сезім жиі қылаң береді. Көне кезең туралы хабардарлығымыз біздің бүгінгіні білуімізбен салыстырғанда болмашы ғана. Сондықтан да бағзы заман біздің ұғымымызда көбінесе ертегідей ғажайып немесе жұмбақ кейіпте елестейді.Табиғат тылсымына терең бойлай бермеген ата – бабаларымыз да өздерін толғантқан мәселелер мен арман – мұңдарын көктегі құдірет иелеріне немесе киелі күштерге сеніп тапсырған. Сөйтіп, бүгінгі күні ақиқатқа айналып отырған қиял іспетті сенім мен таным бізге сонау ерте заманғы бабаларымыздың өсиеті арқылы тарихи мұра ретінде жетті.Тіпті көне дәуірдің өзінде – ақ әлдебір жердің немесе өңірдің ала бөтен ерекшелігі, әлдеқандай қасиеті болатындығы айрықша аталып келген. Римдіктер бұл ұғымды «genius loci» деп атаған, аударма мағынасы «киелі жер» дегенді білдіреді.Сол жердің немесе сол аумақтың қасиетіне орай оның желеп – жебеп тұрар иесі бар деген наным болған. Міне, «киелі жеріміз» осы. Алайда кез келген жердің тек өзіне ғана тән киесі бола бермейтінін нық сеніммен айта алар едім. Тіршілігіне айрықша мән – мағына беретін өзіндік орта мен адам әрдайым бірден сезіне қоймайтын ерекше қасиет әр аумақтан табыла бермейді.Аумақтың киелілігі әу бастағы жаратылысынан деп кесіп айтуға болмайды, ол ғасырлар, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Осы жерде жүздеген жылдар бойы болған оқиғаның бәрі текке кетпейді.Соның бәрі, сөйтіп, оның айрықша қасиеті түзілуіне табиғи түрде септігін тигізеді. Көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихын зерделеген сайын біздің бүкіл Ұлы Даламыздың өзіндік айрықша құдірет – болмысы бар екеніне көз жеткізе түсеміз.
Адам баласы балалық шағынан бастап – ақ Отанға деген сүйіспеншілігі ояна бастайды. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған кент. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдердің қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден – бір күш. Отансүйгіштік сезімнің өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде, шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан – байтақ жерді ата – бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қалай аман сақтаған деп таңқаламыз?! Шынында талай зобалаң кезеңді басынан кешкен қазақ жері «найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап келген. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не көрмеді? Екі жүз жылдық жоңғар
– қазақ тартысында Абылай хан сияқты жан да, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де, Қабанбай, Бөгебай, Наурызбай, Қарасай секілді қас батырлар да өз жерін ерлікпен қорғады.
Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата – бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Енді осы желбіреген көгілдір туымызды төмен түсірмеу –басты борышымыз. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін, жас дос! Бізді бесігінде тербеген Отан үшін аянбай, Отанды сүйген үстіне сүйе берейік. Мен Отанымды жанымдай жақсы көремін және бүгінгі бақытына ортақтаса отырып, Тәуелсіздік тұғырың биік, мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік болсын деймін, қасиетті Отаным!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]