Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым!

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым!

Жайлау Мөлдір
10 сынып, А.Шынасилов атындағы орта мектебі
Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылы

Тәуелсіздік-елдің жүрегі,
Елбасы-оның тірегі.
Бәйдібек баба
Осы бір зердесі мен зейіні ерен, байыпты да байсалды, сұңғыла да сара парасатты, қасиетті Тәуелсіздік туралы жазу үшін қолыма қалам ұстағанда, көңілім біртүрлі қанатты құстай көкке көтеріліп кетті. Қаншама қиын-қыстау жолдардан, қаншама қиямет-қайым от кешулерді бастан кешкен қазақты ел ету Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының маңдайына жазаылды. 1991жылы бірінші желтоқсанда
бүкіл халықтық сайлауда айқын жеңіске жетіп, ел тізгінін қолына алды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары , азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлегенін танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі-жаңғыру кезеңі басталды. Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш президенті тұрып, асқар-асқар асуларды ба-ғындырды. Тәуелсіздік жолында қаптаған қайраңдардың арасындағы адастырмас жалғыз ғана жолды Елбасы таба білді. Тәуелсіздіктің алтын шамының жануы-биік белес пен айшықты ақиқаттың нақты көрінісі. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айы-рылып, Ресейге бағынышты кіріптар күн кешкен заманда қоғам көкжиегінде жар-қырап шыққан Елбасы талай тайталастармен келген азаттығымыздың, ел боламыз деп ғасырлар бойы ұмытылған егемендігіміздің еңсесін көтерді , зайырлы ел болып, заңғар биікке өрлеуіне себепші болды. Сұңғыла да сара парасатымен таңғаларлық табысқа жетіп, тарихтың өлшемімен алғанда қысқа ғана уақытта батқан терең тұң-ғиықтан шығып, дамудың даңғыл жолына түсті. Бар-жоғы 23 жыл ішінде атқарыл-ған жұмыстар бір ғасырда жүзеге асатын істерге бергісіз. Айдын теңізге шыққан алып кеменің басқару тетігін қолына ұстаған көшбасшымыз туған халқына деген сеніммен тәуекел деп, Тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алды. Бойында туа біткен қасиетті және өмірлік тәжірибие мен бекіген төзімділігі, сабырлылығы, ұстамдылығы бар тұңғыш президентіміз бүкіл Қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра білген саясаткер екендігін танытты. Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы-кеңестен кейінгі кеңістіктегі тұңғыш бастаушысы. Қазақ елі көк байрағын өз қолымен тұңғыш рет көтеріп, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған Елбасымыз-дың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығына, өзгелермен бірге өзімізде қайран қалып, тамсанамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы бастаушы -сы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тоғыстырып, Тәуелсіздікті алымды да, алғыр басшы. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бо-йы адамзат баласына от бүркіп, апт қауіпін төндіріп келген 459 ядролық жарылыс өткен Семей ядролық сынақ полигоны мәңгіге тыншыды. Елбасы көрегендігі мен ерік -жігерінің нәтижесінде туған елінің тыныштығы мен азаматтың қауіпсіздігін ту еткен Елбасы 40 жыл бойы ырық бермеген апатты алауыздықтады, аждаһанын беті қайтып, араны жабылды. Жалпақ дала төсіндегі ядролық сынақтардың тоқталуына қол жеткізіп, дүйім дүниені құлақ, көңіл көркейткен әлемде тұңғыш рет жойқын, қуатты ядролық арсеналдан бас тартты. Бүкіл дүние жүзінің назарын өзіне еріксіз аударып, осы бір батыл қадамның нәтежесінде мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді.
1997 жылы көшбасшымыз елордамызды Алматыдан Астанаға көшірді. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі арқа төсіндегі ару қала, арман қала-Астанада соғады. Ақорданың төбесінде қасиетті көкбайрақ желбірейді. Астанадағы құрылыс қарқыны, адам қолымен сомдалып жатқан сұлулық қайран қалдырады . Тез арада бейнесі жаңарып, нағыз астана кейпіне енгені таңырқатады. Жас қаламыз күн сайын өсіп, көркеюде. Көз тартарлық көкпен таласқан зәулім үйлер, ірі-ірі оқу орындары басқа елдермен тең түсуде. Бұған басшымыздың сіңірген еңбегі орасан зор , ол күллі қазақ халқының күш жігерін жұмылдырып, іс жүзінде жаңа қала, жаңа Астана ор-натты. Елорданың салынып көшірілуі елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Біздің Астанамыз қуатты да, өркенді және барша Қазақстандықтарды біріктіретін, сонымен бірге халықты ұштастырытын ұлттық идеяға айналып келеді.
Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын өзімізде бірге көріп, бірге ілгері жылжудамыз. Мұның арғы жағында Елбасының даналығы мен көрегендігі жатыр. Қазақ мемлекетінің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне кепіл болған, бүкіл халықтың қолдауына ие болған Елбасымыз еліміздің тө-рінен де, жүрегіміздің төрінен де орын алады. Елбасының ерен еңбегі нәтижесінде асқар асулар мен биік белестерді бағындырдық, еңселі елге айналдық. Кешегі тарих-тан тамыр алған, ертеңгі тарихқа тұғыр болған Елбасымыз тұрғанда еліміз әлі де толағай табыстарға бөлене бермек. Еліміз шырқау шыңдарға, асқар асуларға алқын-бай жетті. Ел тірегінің мықты болуына байланысты Қазақстан келешегі кемел, болашағы жарқын, керегесі кең, өркениетті елдермен терезесі тең мемлекетке айналғаны
тарих жылнамаларында алтын әріптермен жазылғандығы дау туғызбайды. Елбасы-ның сан қилы мемлекеттік қызметі мен стратегиялық шешімдерін, салиқалы саясатын Тәуелсіз еліміздің алтын шежіресі деп атасақ та болады. Тәуелсіздік қарсаңын-дағы және Тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы тізгінін ұстаған. Мем-лекет басшысы -Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз Тәуелсіз ел тари-хының топырақтарын жазып шығу мүмкін де емес, өйткені, бұл тарихта Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап , керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, өзіндік дара жолы жатыр.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері өзіндік даму моделін-Қазақстан жолын қалып-тастырды. Табыстылық формуласының авторы-Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі бағыт-бағ-дарымызды айқындап, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетіп берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясымен ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Сондай -ақ, қо-ғамды толғандырып жүрген мәселеге де нүкте қойды. Бұл-Ұлттық идея мәселесі. Ұлтты ұйыстырып, мәңгі мақсаттарға жетелейтін идея- «Мәңгілік Ел» идеясы . Бұл идея жайдан-жай туа салған жоқ. Жерұйықты арман еткен көне заманғы бабалардан бүгінгі ширек ғасырлық Тәуелсіздік тарихымызда түзілген, Елбасы атаған жеті құн-дылық негізінде терең толғаныстан туған көшелі ой. Қазақта « Жақсы сөз жарым ырыс» деген аталы сөз бар Елбасының «Ұлттық идеямыз-Мәңгілік Ел!» деп нақты-лауы сол даналықпен астасып, өзіндік үйлесім табуда. Мәңгілік ел болу үшін ынты-мағымыз жарасып, экономикасы дамыған халқы, тұрақты ұлттық теңгесі сынды құн -дылықтары бар Тәуелсіз мемлекет орнығуы тиіс. Сонда сол елмен өркениетті елдер де санасады. Бұл биікке біз Тәуелсіздігімізді төрткүл дүние паш еткелі Елбасының бастауымен көтерілгеніміз аян. Мұны «Мәңгілік Ел» болу баспалдағына қадам басу деп те түсінген абзал. Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дәстүрлі Жолдауының ұстанымы-елімізді әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу, Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, «Мәңгілік Ел» идея-сын баянды ету. Бұл қазақстаннның жаңа белестерін бағындыруына, жоғарғы эко-номикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамыған мемлекетке айналуына жол ашады. Қазақстан халқы ежелден-ақ еңбек
қорлықтарымен, татулығымен, қабі-леттілігімен танымал. Сондай-ақ бұл Жолдау-тарихи маңызы зор және жарқын бола-шаққа арналған басты мемлекеттік бағдарлама. Президентіміз Тәуелсіздік алған күн-нен бастап, үнемі халықтың намысын қайрап, әрқашанда өркениетке ұмтылған ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер қойып келеді. Соның нәтижесінде еліміз кейбір дамыған мемлекеттердің өздерін сүріндірген ауыр кезеңдерден қиналмай өтіп, бар-шаны таңғалдырған айтулы табыстарға қол жеткізді. Дамудың қазақстандық үлгісін
қалыптастыра отырып, беделі биік, абыройы жоғары, қуатты мемлекетке айналды. Әрине, бүгінгідей ғарыштық жылдамдықпен алға басқан уақытта бір сәтке кідіріп қалуға болмайды . Сол үшін Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асы-рудың жолдары мен тактикасын нақты белгіленген тың идеяларын жария етіп отыр. Бұл елдің алыс болашағын болжай білетін, өз халқына шынайы қамқорлық, жана-шырлық жасай алатын кемеңгер саясаткердің, дара тұлғаның қолынан келетін тарихи іс.
Бүгінгі күн қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Тарихтың талай белесін өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халық-пыз. Елімізге тірен болатын ағамыздың басқарып, отырғанына мыңда бір шүкір. Шүкіршілік етіп қана қоймай , халқымыздың өмірінің одан әрі гүлденуіне де өз үле-сімізді қосуымыз керек. Біз, ХХІ ғасыр жастары елдің болашағына, Елбасы салып берген жолдың баяндылығына жауаптымыз. Осы ойда, осы мақсатта әрбір жас кө-кейінде ұстап, сол жолда тер төгетін болса, Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз іргелі бол-мақ.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіздік тұғырым! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Тәуелсіздік тұғырым! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Тәуелсіздік тұғырым!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]