Шығарма: Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп, М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстанның санаулы ғана жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның, достарымның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда , көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім, қайталап айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар , ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар , жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» -деп, өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай », «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай , байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Олай болса, от жүректі, көзі ашық, көкірегі ояу, еліміздің болашағы-жалынды жастар, жанын пида еткен бабаларымыздың аманаттап, мирас етіп қалдырған елін, жерін шұбарламай аман қалпында келесі ұрпақтарға табыстайық. Күніміз шуақты , халқымыз қуатты болып, көк туымыз көк аспанда мәңгілік қалықтасын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: