Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Калиева Дана
8 сынып
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Канафина Г. Ш.

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр. Туға қарасаң көгілдір аспан, жарық күн, ою-өрнекті, елтаңбаға қарасаң-екі қанатты тұлпарды, бес бұрышты жарқын жұлдызды шаңырақ бейнесін, гимнге қарасаң еліміздің егемендігі туралы шырқалатындығын байқайсың. Міне, әр рәміздің өз түсінігімен өз бейнелері бар. Мұның бәрі тәуелсіздіктің тұғырын көрсетеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев рәміздерді еліміздің ертеңгісінің бүгіні мен болашағы деп біледі. Өйткені, оларға тамсана қарасаң өткен заман мен бүгінгі заманның әр сәтін еске түсіргенде өзгеше бір күй кешесің. Сондықтан да рәміздерді әрдайым қастерлеп, оларды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Мәңгілік елдің, мәңгілік қазынасы да Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар - ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай да бір ауыртпашылықтарды да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16 желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін - біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміт болып табылады.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді.
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Ендеше, әрқашан да әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін. Рәміздеріміз, бүгінгідей абыройлы, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымен қыршын жастар рухы әрдайым қолдап жүрсін демекпін.
Тәуелденген Тәуелсіздік кешегі,
Бүгін міне, самал желдей еседі,
Рәміздерім тарихымның тұғыры-
Бүгіні мен болашақтың ертеңі!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]