Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Шығарма: Менің  Отаным – Қазақстан

Бауен Арман
8 сынып, №20 мектеп
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Әбішева Ж. А.

Отан...Бұл-әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс
ұясыз болмайтындай,адамОтансыз болмайды.Ал менің Отаным –сонау Солтүстік Қазақстанды қамтиды.Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау,түтіні бұрқыраған ауыл,жазық дала елестеп,бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та,аштық та,сұм соғыс та өтті.Әсіресе, 20 ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп,қайғыға толы кезеңмен есте қалды.Қанша қиыншылық келсе де,біз оларды ешқашан ұмытпаймыз,айтпаймыз да.Себебі,бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ,болашақ бізді кешірмейді»,-деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық! Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті,дамыған елдер қатарында келеді.Еліміз тәуелсіз ел,дербес мемлекет болып 21 ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз.Ел өз қалауымен Елбасшыны сайлап,Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық.Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.Ол күннен- күнге жаңарып,жаңа белестерге көтерілуде.Елбасымыз айтқандай 21 ғасыр-жастар ғасыры.
Қазақстан,сен заңғар биіксің,кеңсің.Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер!Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!
Менің елім-менің Қазақстаным!Осы құдіретті сөздер әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен,мақтанышпен айта алары хақ...Өйткені біздер,асқақ арман жетегінде,отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары,қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп,мекен етіп,береке –бірлікте,достық қарым-қатынаста,тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап,кемел ойлы,кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының,азаматтық саясатының нәтижесі деп білемін.
Біз-бақытты ұрпақпыз!Себебі,ата-бабаларымыз қанын төгіп,жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп,ешкімге тәуелді болмай,еркін өмір сүріп келеміз.Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына қызыға да, қызғана да қарайды. Жеріміздің табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп- тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып- таулары – барлығы мейірбан халқымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда! Қазақ халқы «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады»деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін, халқымызды айдай әлемге жар салуда, жас буын, біз де үлес қосайық! Бізге жол сілтеуші жұлдыз ол- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітсүйгіш саясаты.
Мен өз Елбасшыма сенемін!
Отанымның жарқын болашағына сенемін!
Қазақтың аспаны қандай кең болса,ақылы да сондай кең.
Қазақтың жері қандай кең болса,пейілі де сондай кең.
Қазақтың жүрегіне тек қазақтың баласы емес,бүкіл әлем сиып
кетеді.Даласындай дархан,жазирадай жомарт Елбасымызды бағалай білсек
болғаны...
Менің елім...
Менің халқым...
Менің туған жерім...
Менің Елбасшым...
Менің Отаным...
Менің Республикам...
Менің Қазақстаным....-деген жүрегімнен шыққан асыл сөздермен өз шығармамды аяқтаймын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің Отаным – Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің Отаным – Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің Отаным – Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]