Шығарма: Тәуелсіз елдің патриотымын!

Шығарма: Тәуелсіз елдің патриотымын!

Абуов Ақберен
8 сынып
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Шекербекова Ә. Н.

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.
Біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.Патриотизм дегеніміз не сонда? Патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы патриотизм деген асыл қасиеттің құрамына кірсе керек. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес . Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген. Менің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер , табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Осындай ұлы сезім менің де кеудемде бұлқынады. Олай болса, мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді . Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар . Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ» деген сөзін жадымыздан шығармауымыз керек. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіз елдің патриотымын! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Тәуелсіз елдің патриотымын! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Тәуелсіз елдің патриотымын!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]