Шығарма: Мен Қазақстанның патриотымын
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
ХХІ ғасыр табалдырығынан аттадық бірақ, соған қарамастан кімде-кім болмасын толғаныста болатыны сөзсіз. Жалындаған толғаныс жас жүрегіме, болашақ өмірге деген батылдық пен нық сенімнің жолын ашқандай. Көптің арманы болған бұл күнді «Алла» бізге көруге нәсіп етті. Осыған шүкіршілік етіп, бабаларымыздың аңсаған мақсат-мұратын жандандыруға атсалысайық. Өйткені өркениетке бет алған егеменді еліміздің ендігі болашағы ұрпақ тәрбиесі деген ұлы міндетпен ұштасып жатыр. Онсыз болашағымыздың бұлдыр елес, бос қиял екені даусыз. Сонда не істеу керек? Меніңше, ең алдымен, ел үшін 1941-1945, 1986 жылдары жанын қиған ағаларымыздың ерлігін, батылдығын, ақындарымыздың шешендігін, батыр аналарымыздың төзімділігін жалпы Отанымыздың келешегі үшін аянып қалмаған азаматтар мен азаматшаларды ұмытпай, жас буынға үлгі ретінде тәлім-тәрбие алуына жағдай жасауымыз қажет. Содан соң барып, ұрпағымыздың бойына ұлттық идея, рухани қасиет, патриотизм қалыптастыруымыз керек. «Патриотизм», «Ұлттық идея» дегеніміз не? Ол қара бастың қамы емес, рудың, не тайпаның зары емес, адамзаттың баласы – ұлтымыздың ұлықтығы үшін теңдігі мен елдігі үшін өтейтін әр пенденің қарызы мен парызы болса керек... Сондықтан «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің қолға алып отырған басты мәселелерінің бірі – жастарға жоғары дәрежеде сапалы білім беру, саналы тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл бөлейік. Осы орайда Елбасымыздың «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беруге арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай деп айтқан: «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі барлық ұйымдардың міндеті.
ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады». Мінеки, бүгінгі күннің биік талабы осы!
Қазіргі кезде білім саласына көп көңіл аударылуы, дарынды балаларға арналған көптеген шаралардың жүргізілуі қуантарлық жай. Елімізде білім беру жүйесіне әлі де болса назар аударылса, келешекте Қазақстандағы білім жүйесінің саласы әлемдік деңгейге жететініне сенімдімін.
Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы ең көкейкесті, өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге де белгілі. Оған себеп болып отырған мына жағдайлар: жұмыссыздық, сыртқы ортаның тұрақсыздығы, психологиялық проблемалар. Бұған өмір жолындағы тұлға ретінде қалыптаспаған балалар мен жасөспірімдер аса еліктегіш болады. Әрине, егер отбасында бірлік, ынтымақ пен сыйластық болмаса, онда бала ыстық сезім мен түсіністікті ауладағы топтардан іздемейді, сондықтан бұндай жағдайға тап бола алмайды. Сондықтан жастарды дұрыс тәрбиелеп, нашақорлыққа бүкіл ел болып қарсы тұрып, ертеңгі ел үмітін ақтайтын азаматтардың бойына рухани асыл қасиеттерді дәріптеу – баршамыздың алға қойған мақсатымыз. Адам санасына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап, даритын қастерлі нәр бар . Ол құдіреттің аты қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі – қазақ тілі деп санаймын. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Мен өз басым көп нәрсені осы тіл игеру мен тілдің қадір- қасиетін бағалай білу жайына ерекше көңіл бөле қараймын. Тек қазақ жастары ғана емес, елімізде барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, тіл арқылы қазақтың мәдениеті мен салт- дәстүрін дүние жүзіне паш етсе, «нұр үстіне, нұр болар еді ». Қазіргі таңдағы «Тіл туралы » заңның қабылдануы – ана тіліміздің жарқын болашағының алғы шарты емес пе? Келешекте тіліміз биік тұғырға көтеріліп , Радлов, Бартольдтар таң қалған деңгейге жетіп, әлемдік дәрежеге ие болған тілдердің қатарынан көрінетініне сенімім мол.
Біздер Қазақстан халқының қиындықсыз өмір кешіп , күн өткен сайын алмастай шыңдала түскенін қалаймыз. Еліміздің болашағы - келер ұрпақтың қолында, сондықтан да қазіргі қазақ жастары терең білім алып, мәдениеті жоғары адам болуға ұмтылуы тиіс. Қол қусырып қарап отырмай, келешекте Абай атамыз айтқандай: «Дүниеге кірпіш болып қаланып», өркендеуіне септігімізді тигізуміз қажет. Бұлайша ойлау - текті елдің, текті ұрпақтың ғана қолынан келетін іс.
Міне, біздер жер ананың төсінде ғажайып сәулелі күндеріне ұмтылған қазақстандықтармыз. Жаңа ғасыр табалдырығынан нық қадаммен аттағанымызға 14 жыл болды. «Үшінші мыңжылдыққа » бет түзеген Қазақстанның келер күнге қосар үміті, алар үлесі мол деген ой әркімнің-ақ санасына берік орнаған дегенді бүгінде анық айта аламыз. Өйткені Тәуелсіздігін жариялап, өзге елмен терезесі тең түсер дәрежеге жеткен, елу елдің қатарына енуге аяқ басқалы тұрған Қазақстан азаматтарының бойында үлкен күш – жігер бар. Мысалы, EXPO-2017 Қазақ жерінде өткізілуі, тұтас республиканың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру және өзге елге мәртебемізді мойындатқанымыз деп білемін.
Қорыта келгенде айтарым, мен елімнің келешегін табиғаты таңғажайып, экономикалық аймағы нығайған, төл ұлт өкілдерінің саны молайған, ортақ шаруашылық нарқы дамыған, медицина, білім беру жүйесі озат жолға қойылған мемлекет боларына кәміл сенімдімін. Өйткені, «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, мен қазақ топырағында туып - өстім, еліміздің өсіп - өнуі үшін, Отанымның өркендеп – дамуы, гүлденуі үшін атсалысамын, аянбай тер төгемін», - деп жүз қайтара айтып, ежелден аңсаған елкіндіктің туы жоғары , елдігі берік, тілегі қабыл болып, еліміз аман, аспаны ашық, жастарымыздың нағыз патриот болғанын қалап, ойымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Үкілі үміт таймасын, халқым,
басыңнан,
Мол бақыт күтем жас ұрпақ
сенен жасырман,
Басқаны қайдан?!
Ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек
Жаңа ғасырдан!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: