Шығарма: Жарты жаңқам қалғанша, мен сенікі!
Сарсекеева Айжан
10 сынып , «Жас дарын» мектебі
Павлодар қаласы.
Жетекшісі: Қабылова А.М.
10 сынып , «Жас дарын» мектебі
Павлодар қаласы.
Жетекшісі: Қабылова А.М.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Құдай деген кім десе, Отан дер ем!»
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
М.Мақатаев
Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Қазақстан, Азияның кіндік тұсындағы ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған , талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Сарыарқаның самалындай ескен желімен жарысып, қыр-төсіңнен қырмызы гүліңді құндақтаған, жасыл көрпеңде емін-еркін аунап, гүл әтірін иіскеп, енді бір сәтте шалқамнан жатып, жөңкілген ала бұлттармен сыр шертісемін, аяулы анамдай алақаныңды еркелеткен ерке қызың едім мен.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің.
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, жеп Қасым ақын толғаған қасиетті мекеніміз – Қазақстан – егемен ел болып, тәуелсіз ел табалдырығын аттады.
Өткен тарихымызды ой елегінен өткізе отырып, ғасырлар қойнауына көз жіберер болсақ, қазақ халқы небір қиын-қыстау кезеңдерді, ауыр күндерді басынан кешірген. Ал әрбір осы тарихи дәуірде жарты жаңқасы қалағанша туған жердің қамы үшін арпалысып, жанын қиған халқымыздың ақ алақандай аяулы азаматтары болды. Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, иен елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел.
Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Ойлап отырсақ, қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Даламыз қандай кең болса, халқымыз да қасіретті тағдырмен бетпе-бет тұрғанда сабырлы мінезінен бір танбапты. Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз азаттыққа қолын жеткізді.
Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шартқа қол қойылды.
Туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына 22 жыл. Тарих үшін қас қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан қымбат, мың жылға айырбастамас 22 жыл!
Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың тағдырымен, 1991 жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық заңмен байланысты басталғандай көрінеді. Себебі еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы, ЮНЕСКО-ға мүшелікке қабылдану – елдігіміздің, еркіндігіміздің белгісі емес пе? Елбасының, біртуар азаматтардың жанқиярлық істерінен туындаған жоқ па?
Халықтан тумай, туады кімнен алыптар,
Сенсеңіз егер сенуге татыр халық бар.
Бүгінгі мен тарихтағы орын бір емес,
Болашақ өз бағасын берер, анықтар,- деп Қадыр ақын жырлағандай, Елбасы біреу де, оған қашанда ел-жұрты тіреу болмақ.
Қазір Нұрсұлтан Назарбаев ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды, елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Кемеңгер Елбасының: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жерің де, елдік де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген сөздерді елдің ертеңі – бүгінгі ұрпаққа айтқан өсиеті іспетті.
Мен – өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Бүгін елімнің тарихи беттері тәуелсіз елдің жас түлектерімен, өр өлеңдерімен ашылуда. Біздер де аға ұрпақтай өз қолтаңбамызды қалдыруға ұмтылайық! Өткені адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Жүсіпбек Аймауытов ұлағатты бір сөзінде былай дейді: «Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, өнер танып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр». Болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – бүгінгі ұрпақ. Өсер еліміздің өскелең ұрпағы – бүгінгі жастар.
Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз деп түсінемін.
Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізге тиген ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін.
Ойымды Қадыр Мырза Әлидің мынадай жасампаз жырымен аяқтағым
келеді:
Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен,
Мен далаңнан нәр алып, аман келем.
Екі нәрсе мәңгілік:
Бірі - өзің де,
Бірі – мендік махаббат саған деген.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: