Шығарма: Мен-Қазақстанның патриотымын
Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек . Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек». Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.
Өз елінің патриоты болу - әр адамның міндеті.Өз елінің патриоты деген өз елін жас кезінен мақтан тұтып өсу. Әр адам өз туған жерін, елін қорғауы тиіс. Өз елін қорғау деген - өз отбасын, туған-туысын, ата-бабасының артына қалдырған жерін қорғау деп білемін. Қазақстан Республикасының Ата Заңын, рәміздерін құрметтеп, өсіп келе жатқан бауыр-қарындастарымды өз елін, жерін өзім сияқты сүйіп, мақтан тұтып өсіру - менің парызым.
Мектеп оқушылары өз елінің, туған жерінің тарихын білу үшін, жиі мұражайларға немесе археологиялық қазба орындарына барып тұруы абзал.Өз көзімен елінің тарихи ескерткіштерін көрген жастар туған жерінің тарихын тануға қызығушылығы аса түседі. Өз елінің тарихын, ата-бабаларының қандай заманда, қандай жағдайда елін қорғап қалғанын білуі қажет. Міне, осындай адамдарды өз елінің патриоты дейді. Мысалы, сонау «Ақтабан шұбырынды», монғол-қалмақ шабысы кездеріндегі батыр, би, Абылай, Әбілқайыр хандарды, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян және басқа батырларды қазақ халқының патриоты деп білу керек. Ұлы Отан соғысы кезіндегі елімізді қорғаған қаншама батыр қыздардың, ер азаматтардың батырлығын насихаттап, жас ұрпақты тәрбиелеу- біздің парызымыз.
Мектептерде оқушыларды патриоттық сезімге, Отанын сүюге үйретеді. Мен облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында оқимын. Әскери мектепте патриоттық сезімге ерекше көңіл бөледі, себебі бізде болашақ әскери адамдарды дайындайды. Ал әскери адамдар - өз туған елінің нағыз патриоттары. Мектепке қабылданған әр курсант Ант қабылдайды. Бұл рәсімге бүкіл мектеп курсанттары, ата-аналар, мұғалімдер, соғыс ардагерлері, әкімшіліктен және әскери бөлімдерден өкілдер қатысады. Курсанттар мәңгілік От алаңына гүлшоқтарын қойып,соғыс кезінде қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, бір минут үнсіз еске алады. Бұның бәрі курсанттардың патриоттық сезімін оятады, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Менің ойымша, еліміздің әр азаматы «Туған жерімнің өркендеуі үшін не жасай аламын ?» деген сұрақты өзіне қоюы тиіс және осы жолда аянбай еңбек етуі қажет. Сол үшін біздің қазіргі міндетіміз - жақсы білім алып, шет елдің тәжірибесінен ең пайдалы тәсілдерін меңгеріп, сол арқылы еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу. Біздің білім алуымыз қандай маңызды болса, жақсы тәлім-тәрбие алуымыз да соншалықты маңызды. Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Өйткені бүгінгі жастар ертең халқына қызмет ететін азамат болады. Сол үшін, ел болашағы - біз екенін анық ұғуымыз абзал.
Мен - Қазақстанның патриотымын, сондықтан туған жерімнің болашағы үшін аянбай еңбек етемін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: