Шығарма: Мен-Қазақстанның патриотымын
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді,
Туған жерге,Отанына шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы.
Асқар тауым, жазық алаң, орманым,
Туған өлкем-Жерұйығым,жұмағым.
Асан Қайғы
Қазақстан...Тәуелсіз Қазақстан... Егемен ел... Мәңгілік елдің ұланы. Бұл-біздің ата-бабаларымыздың үш жүз жыл бойы аңсаған арманы, қуанышы, үкілі үміті. Сол арманның жемісі-бүгінгі жас ұрпақ.
Қорқыттың қобызын жырлатып, Асан Қайғыны желмаяға мінгізіп, Жерұйықты іздету де елдігімізді жоғалтпау, жер бетінде өзіндік сипаты, қадір-қасиеті бар халық болып қалуымызды мақсат еткеннен туса керек.
Қашанда ата-бабаларымыз ана сүтімен бойымызға даритын аналық күш-қуаттың бөлшегі туған тіліміз бен дінімізді, Отанға, туған ел мен жерге деген адал, шексіз махаббатты жоғалтпай, қастерлеуімізді аманат еткен. Елім деп еңіреген, ет жүрегі елжіреген азаматтың көкейінде үнемі туған жерге, Отанға деген құрмет тұғыры әрдайым биік болмақ. Әр адамның бойында патриоттық сезім болу керек . Патриотизм-өз жеріне , еліне деген махаббаттың арқасында туған сезім оты. Жүрегінде осындай от жалындап тұрған адам - патриот деп аталады . Бұл отты адамның жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сөндіртпейді. Егер әр адамда осындай жүрек болса, біздің мемлекет бәрінен озық болушы еді. Мен өзімнің жүрегімді сол жүректердің қатарына қосқым келеді. Сондықтан, менің өмірімдегі ең алғашқы да маңызды адым басқан сәтім — әскери мектебіне түсіп оқуым. Бірақ, менің айтарым, Отанды сүюге үйретпейді. Ол- баланың өсіп, даму сатысында қалыптасатын сезім. Дәл сондай сезім менде қалыптасып, мені нағыз патриот болуға жетелеп келеді. Менің ойымша, кез келген адамда бұл сезім міндетті түрде бар. Бұл сезім жүректің түбінде білінбей ұйықтап жатады. Ал оны ояту үшін, біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихын білгені жеткілікті деймін. Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың. Халқыңның басына түскен тауқымет қабырғасын қайыстырып, сол жолда басын бәсекеге тігіп, қасықтай қанын аямай , шыбын жанын шүберекке түйген өр тұлғалардың тағдырын танытатын да, ұрпаққа өнеге етіп, алдына тартатын да тарих. Ұлтарақтай жер үшін ата — бабаларымыз қанын төккен, қаншама жылдар бойы өз жерін шеттен қызығып жүрген жаулардан қорғады . Жеріміздің шетіне жауды жақындатып көрмеген батырларымыз қазір жерді бізге тапсырып кетті. Ғасырлар бойы жер үшін төгілген ата — бабаларымыздың қанын ақтауымыз керек. Біздің ата — бабаларымыздың мақсаты — жерімізді ешкімге жаулатпай бізге беру болды. Олар өз мақсаттарына жетті. Ал біздің мақсатымыз — мемлекетімізді әрі қарай дамыту.
Қазақстан – ешкімге тәуелсіз және егеменді ел. 1991 жылы кең даламыздың көкжиегінде азаттық күн қайта туып, Қазақстан деген ел тұғырлы туымен, еңселі елтаңбасымен, айбатты әнұранымен еңсесін көтерді. Бұл рәміздердің не білдіретінін Қазақстанның әр азаматы білуі тиіс. Әр рәміздің Қазақстан өміріндегі мәні зор. Рәміздердің белгілері халқымыздың тыныш және басқа ұлт нәсілдерімен тату өмір сүретінін дәлелдейді. Қазақстан өз тәуелсіздігін қалай алғанын әрбір азамат біледі. Республика алаңында бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін ескерткіш тақта орнатылды. Бұл тақта – аузынан ана сүті кетпей жатып шашынан сүйретіліп сабаланған, жазықсыз жалаға ұрылған бүлдіршін қыздың көз жасына қойылған ескерткіш. Бұл тақта – әлемде әлі зорлық бар деп ойлап үлгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздік пен бетпе – бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші.
Міне, қаншама қиындықты басымыздан өткеріп, «мың өліп, мың тіріліп» жүріп, егеменді ел болып, Туымыз әлемнің елдерімен қатар биіктеді.
Қазіргі заманда білімсіз күн жоқ. Білім — қол қуыспай жүрген еңбектің жемісі. Біздің- жас ұрпақтың мақсаты — білімімізді нығайтып, келешекте мемлекетіміздің нағыз азаматы болу.
Біз – қазақпыз, батыр бабаларымыз мекендеген қасиетті де, қастерлі жерінде отырмыз. Өзіміздің салт — дәстүрлеріміздің ұмытылуына жол бермеуіміз керек. Себебі, бұл — еліміздің байлығы, атадан балаға берілген мұра. Осы мұраға біздің тіліміз де жатады. Қазақстан елінің мемлекеттік тілі– қазақ тілі. Бұл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқының топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты-экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Бұл- бізге арналған ұсыныс.
Қазіргі уақытта мен әскери мектебінде білім алуымды жалғастырып келе жатырмын. Өзімді әскери қызметке дайындап жүрмін. Келешектегі жоспарым бойынша өмірімнің соңына дейін әскери адам болмақпын.Бұл мектепте маған әскери адамның қандай болуы керек екенін үйретті. Әскери қызметтің талабы қандай екені қазір маған мәлім. Әскери мектебінің арқасында мен жоғары әскери оқу орнына түсіп, алдымдағы қатар қиыншылықтан өтетініме сенімдімін. Мемлекетіме қызметім басталысымен өзімді оң жақтан ғана көрсеткім келеді. Мен халқымның нағыз патриоты болғым келеді және боламын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: