Шығарма: Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі.

Шығарма: Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі.

Құрбанбаева Севара
8 сынып,А.Құнанбаев атындағы орта мектебі
Шарбақты ауданы
Жетекшісі: Диқанбаев Н. Ж.

Рәміздер –тәуелсіздіктің нақты белгісі. Олардың қатарына –әнұран , елтаңба, ту жатады. Бұлар - әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, әдет-ғұрпын ,тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін қымбат таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат құрметтейді. Рәміздер - біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айнасы. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылды ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл - рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.
Қазақ елі мемлекеттігінің нақты белгісі болған рәміздерімізде ұлтымыздың киелі шаңырағы мен оны мығым тұруына негіз болған уық, керегесінің көрсетілуі елімізде жасайтын барлық ұлт өкілдерінің бірлігін нақтылағандай.Елтаңбадағы әрбір уық - бірлігі жарасқан ұлыс өкілдеріндей маған көрінеді. Нұрын шашып тұрған күннің шуағынан жаным нәр алғандай қуаттанатын секілдімін. Күн бүкіл тірлік әлемін құлпыртса, менің елім, жерімізде жасап жатқан түрлі ұлт өкілдеріне өз ыстық шуағын төгіп тұрғандай болады. Аспанмен түстес Көк Туымның желбірегені – бейне бірін-бірі қуып ойнаған алып мұхиттың толқындарындай көзіме елестейді. Өзімді сол керемет әлемде бірде пыраққа мініп арман далада аралап жүргендей сезінсем, бірде көктен қарап қалықтап жүрген қыран құстай сезінемін. Қиналғанда көп ұлтқа қорған болған , сіңісіп ел болып кетуіне көмегін аямаған қазақ халқының бір өкілі болғаныма мақтанамын. Осындай елдің азаматы болғанын бізде жасайтын барлық ұлт өкілдері мақтан тұтады деп ойлаймын. Елдің басты мақтанышы – елдегі бірлік пен татулық. Бірлік пен татулықтың негізі достықта.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Қиын кезеңде нағыз дос дін мен тілге қарамайды, жаныңнан табылады. Мемлекетке, елге деген махаббат та тап солай. Оған мысал ретінде бүкіл қазақ елінің Сочиде өтіп жатқан олимпиада ойындарындағы А. Полтаранинге деген сенімі мен ыстық ықыласы нақты дәлел. Оның жарысын күтіп, ақ жол тілеп отырған қазақстандықтар қаншама! Геннадий Головкинді барлық қазақ өз баласындай, не бауырындай сезінеді. Ұлы да аты әлемді тітіркенткен боксшымыздың үнемі қазақтың ұлттық киімімен шығуының өзі нағыз қазақстандық отансүйгіштіктің дәлелі.
Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық , екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының , өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын , ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек . Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Елімнің қабырғалы, әлем елдерінің алдында мақтан тұтарлықтай мемлекет болғанын армандаймын және соған өзімнің үлесімді қосуға тырысамын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі. туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі. на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі.

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]