Шығарма: Ерлік пен елдік киесі
Қазақстан Респупликасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандық қандастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»,-деп жазды.Сондықтан ,отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор.Дана халқымыз «Отанды сүю отбасынан басталады», «Жүк ауырын нар көтерер,ел ауырын ер көтерер», «Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар»,-деп бекер айтпаған.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ерен ерлік үлгісін қазақ елінің мыңдаған жаужүрек,ержүрек ұл-қыздары қан майданда көрсете білді.Ұлан-байтақ даласын көк найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғаған,ата -бабаларымыз сан ғасыр бойы ашкөз,қатігез,қаныпезер жауларынан қара халқын сақтап келді.Елімізге құрып кету қауіпі төнген кезде «Бір жағадан бас,бір жеңнен қол» шығарып, жауға қарсы тұрып,нағыз отансүйгіштік үлгісін көрсетті.«Отанды сүю-Иманнан»-деген Пайғамбарымыздың өсиеті бар.Қазақ бабамыз ер жігіттің үш намысы бар дейді,әуелі иманы,екіншісі- отбасы,үшіншісі -Отаны.
Ұлттық патриотизм-өз халқына сүйіспеншілік,өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну,шыққан тегін сезіну,тұрып жатқан өлкесін,ана тілін,тұрмыс-тіршілігін,тарихын,дәстүрін,психологиялық ерекшелігін сақтап дамытуға,оны өз ұрпақтарына насихаттап жеткізу.
Бауыржан Момышұлының өзі де,сөзі де ұлтжанды азамат болғанына қанатты сөздері дәлел. «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды» .Халық қаһарманының шығармаларын тәртіпке шақыру жолында пайдалану өте орынды,патриоттық тәрбиенің қайнар көзі осында.Мысалы,батырдың:
Ана үшін аянба-ант ұрады,
Балаң үшін аянба-бетің күйеді,
Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба жігіттігіңе сын -деп жас адамның санасына найзағай жарқылындай әсер етер,ақыл-ойында жатталып қалар,жүрегіне қатталып қалар жолдардың құдіреттілігі қандай десеңізші!
Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,олардың елін,жерін сүйетін,ана тілін ардақтайтын,ұлтын пір тұтатын азамат пен азаматша болып өсуі қоршаған ортаның қолында.
Бойына ата -бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған,егеменді елімізге аянбай қызмет ететін,ой өрісі кең,алғыр, жүректі,сауатты да салауатты азаматтар қажет.Патриотизм-Отанға деген махаббат ,жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,мемлекетті нығайту,жеке адамды күшейту екенін мойындау,қысқасын айтқанда,патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен,бүгінгі күні мен болашағын, қарым-қатынасты білдіреді.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сарқымас махаббат,ұлтына деген сенімі,нанымы,саяси көзқарасы .Әрбір адам өзі өмр сүріп отырған мемлекетін-Отаным деп тануы,оның негізін салып отырған ұлтқа сыйластық,оның заңдарына бас ию,рәміздеріне құрмет,жетістігіне сүйсініп,мақтанышпен бар әлемге паш ету,кемшіліктердің болдырмауының жолын қарастыру патриозимнің белгілері болады.Туған еліміздің тарихына көз жүгіртсек,отансүгіштіктің керемет үлгілерін көреміз.Бүгінгі күні егеменді ел болып,қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабамыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Отанын қорғауда жанын,тәнін аяп қалмаған.Қазіргі ұрпақ біздің міндетіміз бабаларымыздың «қасық қаны қалғанша» Отанын қорғаған,ел мен жердің қадір-қасиетін білу.Сан ғасырлар аңсаған егеменділіктің көк туын биік ұстап,Отанның өркендеуіне үлес қосуды мақсат етуіміз керек.Жаһандану заманында бәсекеге сай болу үшін жақсы оқу,тәрбиелі,талапты,адал,шыншыл болса өз ойын жүзеге асыра алады. Жер шарының картасынан өз мемлекетімізді көрген сайын осы ұлан-ғайыр жерді қазақ халқы иемденіп отырғаны қандай мақтаныш. Арқаңды кеңге салып,көңілің бір марқайып қалады.Бұл даланы қалай ғана қорғап қалды екен деп еріксіз ойға шомасың.Неткен ерлік,неткен қайтпас қайсарлық!
«Әскер ел қорғаны»,-деп тегін айтылмаған.Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтары біздер елімізге Елбасындай адал қызмет етіп,елін,жерімізді жан-тәнімізбен сүйсек,еліміз әрі қарай гүлденіп,өркендей беретіні хақ.Ең бастысы Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау- «елу жылда -ел жаңа» демекші осы 23 жылда жеткен жетістікті арі қарай дамыту әр қазақстандықтың борышы.
Сөзімнің соңын Елбасымыздың айтқан мына керемет сөздерімен аяқтағым келіп отыр «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,адамзаттық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюінің жолында жан теріңді сығып жүріп,еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді естен шығарма!»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: