Шығарма: Үлгілі ұрпақ
Канафина Махаббат
11 сынып, Еңбекші жбб орта мектебі
Железин ауданы, Еңбекші ауылы
Жетекшісі: Жамбусинова Ж.А.
11 сынып, Еңбекші жбб орта мектебі
Железин ауданы, Еңбекші ауылы
Жетекшісі: Жамбусинова Ж.А.
Алдымен сүй,ардақты-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік , әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын ал,ыдыс-аяғын көріп асын іш» деген мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежелден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген, баланың ғана емес , елдің анасы болған ана-апалардың мысалы аз болмағаны да сондықтан. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан ана ел басқарған ақылды, сыпайы, мейірімді, ибалы, ізетті , қарапайым жан. Ыбырай Алтынсарин «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын паш етеді. Исі қазақ қандай қиын-қыстау кезеңде де дінін сақтап, имандылық қасиеттерін насихаттап үлгілі ұл-қыз өсіруді мансұқ етті. Отбасындағы имандылық, ынтымақ арқылы жаны таза ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берді. Халық әдебиетінде әке сөзі заң болып табылады . Әкенің ісі балаларға үлгі саналады . Ал, ананың ақ сүтін Меккеге жеті рет арқалап апарсаң да ақтай алмайсың деген ұғым-түсінік ежелден бар. Ұрпақ мейірбан жүректі, жайдары, таза рухты, ақыл-парасатты, инабатты да иманды адам болып қалыптасуы керек. Ұлт осыған ұмтылады. Қызды әуел бастан-ақ ізеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелегенде оған болашақ ана ретінде қараған. Қыз баланы болашақ ана, әйел заты болғандықтан жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа баулиды. «Қызға қырық үйден тыю» дейді халық даналығы. Бұл қыз баланың жанұядағы тәрбиесіне қаншалықты мән берілетінін білдіреді. Қыздың әдептілігі сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан, жібектей сызылған мінез-құлқынан көрініп тұрған. Қазақ қыздарының көрік-келбеті сұлулық, әсемдік символы ретінде аса жоғары бағаланып отырған.
Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған қазақ халқының жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жарасымды, ұлттық нақышпен ерекшеленетін салт-дәстүрлері аз емес. Айталық, қазақтың дәстүрлі тыйымдарында жас ұрпаққа жаман әдеттен бойды аулақ салуды, жаманшылыққа үйір болмауды талап етеді. “Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен” дейді халық даналығы.Адамға қарсы үй сыпырма, адамға саусағыңды шошайтпа, адамға түкірме, адамды санама, ақты төкпе, ала жіпті аттама, ас қайырмай дастарқаннан тұрма, бос бесікті тербетпе, дастарқанды аттама, есікті теппе, екі кісінің арасынан өтпе, қызға ер баланы тебуге болмайды, қыз баланы босағаға отырғызба, құран оқығанда сөйлеме, нанды баспа, нанды бір қолмен үзбе, нанды жерге тастама, нанмен ойнама, үйге қарай жүгірме, үлкенге қарсы келме, үлкенге сен деме, үлкеннен бұрын билік айтпа, үлкеннен бұрын төрге шықпа, үлкен кісінің жолын кеспе, құдыққа түкірме, отқа түкірме, от шашпа, суға түкірме, – деген секілді дәстүрлі ұлттық тыйымдар ұл-қызды жамандықтан бойды аулақ ұстауға үйретеді. Мұның өзі қазақ этнопедагогикасындағы айқын ерекшеліктердің бірі болып табылады.Ұл-қызды отбасы ғана емес туып-өскен ортасы, қоғам тәрбиелейді. Ежелден қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрде үлкеннің кішіге ескертпе жасап, ақыл айтып отыруы. Бұл қалыптасқан дәстүр. Мұны жасы кіші жан ешбір кінәратсыз қабылдаған, бұлжытпай орындап отырған . Үлкеннің сөзін бөлмеу, онымен қатарласып отырмау үлкен құрметтің белгісі болып есептелген. Жасы үлкен кісі төрге шығып отырған, бірінші болып сөз бастаған. Қазақта ата -анаға деген құрмет дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қасиет.Ұлттық этикеттің өнегелік мазмұны ұл-қыздан байсалдылық пен орнықтылықты талап етеді, дарақылықтан, даңғойлықтан бойды аулақ салуға үйретеді. Үлкеннің ой-пікірі мен ақыл-кеңесіне құлақ асу бұлжымас заң болып есептеледі. Үлкендердің алдында қалай болса солай киініп бой көрсету, ерсі қылық жасау, күнә саналады. Отбасының басшысы әке болып есептеледі. Егер ол қайтыс болған жағдайда үлкендік, ағалық үйдегі үлкен ұлға ауысты. Үйдің үлкені барлық шаруашылық істерге басшылық жасайды. Мұндай құрмет отбасындағы үлкенге қатынаста ғана емес, жасы үлкен барлық жандарға жасалатын болды. Ақсақалдар болса, көпшіліктің жалпы құрмет, сыйына бөленеді. Қоғам дамуының кеңестік кезеңінде ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге селкеу түсіп, өзінің шынайы, таза нақыш-өрнектерінен айырыла бастағанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл қазіргі жас ұрпақтың мінез-құлықтарынан , қоғамдық ортада өздерін-өздері ұстауларынан, жүріс-тұрыстарынан аңғарылып жататыны құпия емес…
Этикалық әдеп пен инабат рәсімдері ғасырлар бойы қалыптасып келді, онда тұтас халықтың тәжірибесі жатыр. Осы этикалық жүйенің біртұтастығы, бір-бірімен сабақтастығы таңқалдырады. Халықтық әдет-ғұрып рәсімдерінде жалқаулық, даңғойлық, қорқақтық, маскүнемдік, т.б . жағымсыз қылықтар қатаң түрде айыпталады. Әділдік, шыншылдық, берген сөзге болаттай беріктік жоғары бағаланады. Бүкіл қазақ қашанда жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген ұлы Абайдың қарасөздерінің жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор. Ол зерделеп оқыған жастарға баға жетпес бай қазына. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп-білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады », дейді Абай. «Естілген нәрсені, ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші – сол нәрсені естігенде, көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек. Үшінші – сол ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып көңілге беку керек. Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кеп қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күдікшілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер». «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз сыпайы киініп, әм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс» . «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бір бет пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін, «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін күйдіріп, өзінен кейінгіге «әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?» дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық…». «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың киесі сол. Бірақ құдайтағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады. Әуелі – бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнерге арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Қолындағы аз-мұзына мақтаны, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, салдау, сылғырт, кербездікке салынады. Үшінші – «дастарқандысың ғой, өнерлісің ғой, шырағым» немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер», дегенде, «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, әу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші – тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр балалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым досым десе, мен керектінің бірі болып қалыппын ғой деп және жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алғанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегеннің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айырылып, «жоғары жаққа» қарық болып, тамақ, борыш, киім есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, сонымен табысы құралмай, борыш, дауға айналып, адамшылықтан айырылып, қор болып кетеді. Осы несі екен?
Бүгінде Жастар ұйымы еліміздің білім мен шығармашылыққа талпынған ең үздік оқушыларының басын қосты.Қазақстанның жас көшбасшыларының одағы балалардың әлеуметтік тәжірибелерін арттырып қана қоймай,алға қойған мақсаттарына жету жолында үлкен мүмкіндіктер береді. Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында патриоттық,адамгершілік нормалары,ұлтаралық келісім,тағаттылық,дене және рухани дамуды тәрбиенің басты құндылықтары деп бекер айтпаса керек. Жастар ұйымы-нағыз көшбасшы,адал патриот,жауапты азамат,сенімді дос,болашағы зор ұрпақ!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: