Шығарма: «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген»
Әміркенова Айдана
10 сынып ,Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Мұхаметжанова Р. Ж.

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенің қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!
Ж. Молдағалиев
Мен кіммін?.. Қандаймын?.. Қайдан келдім?..
Мен - қазақпын! Мен – сонау замандағы дүниежүзін дүр сілкіндірген, Ұлы Рим империясын аяғынан тітіреткен, «Аспан асты елін» үрейлендіріп, қорған салдырған ғұндардың ұрпағымын. Мен – дүниенің төрт бұрышына даңқы кеткен, талай царь, князьдерді тәжім еткізген Ұлы түріктің көк бөрісінен қалған бөлтірігімін. Жер жүзін аш арыстандай жұтқан, әміріне жарты әлем құлдық еткен Шыңғыс ханның жер қайыстырар әскерінің шегірткедей қаптаған ат тұяғынан аман қалған халықпын. Аласапыран заманда бейбіт жатқан елді қынадай қырып, қан жылатқан Жоңғар басқыншыларына төтеп беріп, жерім мен елімді сақтап қалдым. Одан бергі халқым көмек күткен Ресейіміз халқымды талан-таражға салып, меншігіне айналдырып, байлығымызды арадай сорып , аш-жалаңаш қаңғыртып жіберді. Сондай заманда бір Алланың қолдауымен аман қалып, осы заманға жеткен құдіретті халықпын. Менің осы халқымды, тілімді, дінімді, ділімді сан рет жойып жібермек болған. Сағы сынса да, рухы сынбаған, «Алаштап» ұран шықса, қаны қайнаған сайыпқыран батырларым «Отан» деген қасиетті ұғымға кір келтірмей, елдігі мен еркіндігін сақтап қалды. Міне, нағыз бақыт деген осы емес пе?!
«Қазақ болу – зор бақыт» дегенге қазақ түгіл өзге ұлттың өзі қызыға да қызғана қарайды. Шынымен де, қазақтың табиғатында сан түрлі қасиет те, өнер де, мінез де – бәрі-бәрі арудың бұрымындай керемет өрілген. Түгін тартса, майы аққан Қазақстан бүгінде талайлардың көзқұртына айналып отыр. Қазақ деген – кең даланы құшағына сыйдырған ажалсыз ана , әр заман сайын заманмен бірге жаңара туатын пәк сәби, қазақ деген – қара көзді хаса сұлу, қазақ деген – Исатайдың жарқылдаған найзасы, Махамбеттің тілінен саулаған жыры. Қазақ – тамырын тереңге жіберген бір алып бәйтерек сынды. Қазақ кім десеңіз – сыйласқанға сыралғы, монтиған момын, ашынса арлан, қорланса қобыз боп аңыраған , жарасы жан сыздатса да жасымаған жайсаң жұрт, жауласса жасын боп жарқылдаған алдаспан ел. Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеп отырған нанның жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кеңпейіл ел. Бәйтеректің тамыры – жаугершілік заманда оның болашақта «гүлденуі, құлпырып, жер бетінде жайқалуы» жолында жанын берген Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Барақ, Хангелді, Наурызбай, Олжабай сынды хас батырлар. Одан кейін «жердегі жарықтыққа ұмтылып, қараңғылықты жарып шыққан» алып діңгек – Абай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты зиялы қауым. Ал сол алып бәйтеректің жайқалған жасыл желегі – Елбасы бастап, халық үміт артқан мына біз.
Қазақтың тілі – ақын, шешен , тілмар бабалардың сайраған тілі, мөлдір судай таза, жарға соққан екпінді, шұрайлы да шырайлы, тұңғиығына көз жетпес терең мағыналы тіл. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі». Қазақтың өзімен бірге ғасырлар бойы толғаған домбырасына келсек, тура айтуға тіл шошыған заманда Жошы ханның алдына барған да, ботасы өлген нарды идірген де, жарықтық, домбыра емес пе?! Ән-жырында қазақтың бүкіл тарихы тізбектеліп тұрғандай, шіркін! Ал...ал табиғатының сұлулығын айтсақ, жұмаққа ғана теңеседі. Аспан тіреген асқар таулары, сол таулардың арасында жыландай ирелеңдеп ағып жатқан өзендері, айдын көлдері, тасы, шөбі шүйгін шексіз даласы, көрсең көзің тоймайтын қырлары мен қыраттары, қозықұйрық пен жеміс-жидек толы орманы, қалықтап ұшқан құсы, көз тартарлық алуан гүлдері, самал желі кермек те тәтті жусан иісін мұрныңа жеткізгенде, тіпті рақаттан басың айналады. Әр затында тарихтан бір таңба басылғандай сырлы әрі ғажап. Міне, осындай әсемдікке көз тастай отырып, қазақ жері – дүниенің Жерұйығы шығар-ау дерсің, шіркін!
Қазақ – қашан да болса береке мен бірліктің, татулық пен достықтың берік те киелі шаңырағы. Береке бар жерде мереке бар демекші, қазағымның салтанаты еш уақытта жүдемеген . Алты Алашқа аға болған қазекең еркіндік пен елдіктің туын мәңгі құлатпай, қолда берік ұстап келді. Енді «Кім не ексе, соны орады» дегендей, бүгінгі таңда сол еңбектің жемісін көріп отырмыз. Шалқы , қазағым, шалқи бер! Енді кең далаңда желмен бірге о шетінен бұ шетіне жүгіріп, шалқысаң да өзің біл! Батырларың қанын текке төккен жоқ. Сенің осындай еркіндігің, азаттығың үшін арпалысып, сан рет өлім мен өмірдің арасында қан кешті. Олардың есімдері тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалмақ.
Сүйемін ...шын сүйемін мен өз халқымды... Нәресте аймалап , әлдилеген анасын қалай сүйсе, мен дәл солай сүйемін оны... Оның желдей еркіндігін, қырандай биіктігін, теңіздей кеңдігін, мәрттігін, еліктей еркелігін, сәбидей пәктігін, «Алаш» десе атойлап шығатын батылдығын, өжеттігін, өрлігін құлай сүйемін. Жұмақтың хор қызындай аруларына, Отаны үшін жанын пида қылар ерлеріне, оның қара қылды қақ жаратын әрі бойыңды шымырлататын бай да май тамған тіліне, ғасырлар ағысындағы ақиқат пен ізгілікті бір өзінде сақтап, қолға алып жырлап кеткенде еріксіз жаның мен тәніңді баурап алатын құдіретті домбырасына, маржандай төгілген ән-жырына, тәлім-тәрбие, парасаттылық пен өнеге тұнып тұрған салт-дәстүріне – бәріне, бәріне ес-түссіз ғашықпын. Мұның бәрі – ауызға келген соң айтыла салған сөз емес, бұл менің жүрегімнің тұңғиығында жатқан сәбидей пәк сезімім, «Қазақ» атты асқан құдіреттілікке деген шексіз махаббатым. Бұл атауды естісем-ақ жүрегім езіліп, бір тылсым күш жанымды билеп әкетеді. Осыдан кейін бар әлемге «Мен – қазақпын!» деп жар салғым келеді. Мен өзімнің қазақ екенімді шынымен де мақтан тұтамын, ол мен үшін барлық байлықтан да, атақ-абыройдан да жүз, мың, тіпті миллион есе артық. «Орнында бар оңалар» демекші, міне , биыл егемендік алып, еңселі ел болғанымызға жиырма үш жыл толмақ . Біздің Отанымыз – тәуелсіз қазақ мемлекеті. Түрлі ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, көпшілігі керемет далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Еліміз көркейіп, күн сайын жаңарып келеді. Елбасымыз – біздің мақтанышымыз болса , азаттық астанасы – Астанамыз абыройымыз. Ал біз – осы өзгелер қызыға да қызғана қарайтын еліміздің болашақ нұрымыз. Келешектен де үлкен үміт күтеміз. Осындай Отаным барда, қазағымның азаматтары тұрғанда келешектің аспаны ашық болатынына кәміл сенемін. Ендігі бар арман тілегім – бейбітшілік аспан астындағы барлық халықтар тату өмір сүрсе екен, Қазақстан бұдан да аса гүлденіп, құлпырып, асқақ арманымыз– дамыған елу елдің санатына ілігуіне барлығы бір кісідей жұмылып ат салысса деймін. Бізге азаттық сыйлап кеткен батыр бабаларымыздың алдындағы борышымызды сонда ғана өтеп, жарқын болашаққа қадам басамыз. Менің ойымша, қазаққа бүгінгі керек нәрсе – тастүйін тұтастық. Қобыланды батыр мен Ақжол бидің арасында кикілжің кісі өліміне, оның соңы елдің айырылуына әкеп соққан тарихтың ащы сабағы – қазақ жадынан бір сәтке ұмытылмаса керек. Тарих дейміз. Тарихты мақтану үшін емес – тағылымынан ұрпақ ойлану үшін қажет ғылым деп есептеймін. Сананы серпу үшін – бірлікті ту, татулықты тұғыр ету – тура жол. Мың өліп, мың тірілген қазақтың енді мың бірінші рет өлуге құқы да, хақы да жоқ!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: