Шығарма: Мен өз отанымның патриотымын

Шығарма: Мен өз отанымның патриотымын

Амангелді Ботагөз
6 сынып, №25 мектеп
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Абдулина А.Ш.

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой ...Мүмкүн ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқар Алатаудай болар ма еді !?
Иә әр адамға өз отаны мен туған елінен қымбат ештеңе жоқ шығар. Мен де адал сәби жүрегіммен Қазақ жерін мақтан етемін! «Қазақстан» дегенде менің көзіме небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек , қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді ! Қазақ жері –менің мақтанышым! Қазақстан жері ұлы байтақ: ол Алтайдан Каспий теңізіне деиінгі аралықты алып жатыр. Оңтүстігі мен Шығысы биік тау сілемдерімен көмкерілсе, орталық бөлігіміз кең жазираға ұласады. Ал батысымыз Каспий теңізіне барып тірелсе, Солтүстігіміз Сібірмен шектесіп жатыр. Менің Қазақ жерім Франциядан 5 , Жапонаядан 17 , Италиядан 9 , Англияның жер көлемінен 12 есе үлкен. Бұл- әр қазақ баласы үшін үлкен мақтаныш, баға жетпес байлық болып табылады.
Ал осы жерді басқарып , ұстап тұрған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл адам қазақ елінің мақтанышы! Ол өте көп қиындықтан өтіп, көп жақсылық жасады. Қазір ол еліміздің даңқын одан әрі көтеру үшін «Expo 2017»-ні ашайын деп отыр. Ал елімізде бірде-бір жұмыссыз адам болмау үшін «Жұмыспен қамту 2020» программасын ашты.
1991 жылы еліміз тұңғұш рет егемендігін алып, тұңғұш рет Президентін сайлады. Тәуелсіздік алғаннан кейін біз өте көп жетістіктерге жеттік . Өз ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ел рәміздерінің қабылданып, валютамыздың енуі. Қазақстан елін бүкіл әлем танып үлгерді. Мен осының бәрін бізге ұрпақтан-ұрпаққа әкелген ата-бабаларымыз бен Елбасымыздың табанды жемісі деп білемін. Елбасы Қазақстан Президенті сайланғаннан кейін 1992 жылы Ақмолаға келді. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарапты. Елбасына қашанда қаланың ортасында ағып жатқан өзен ұнайды екен. Өзен қалаға ерекше көрік беріп, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың боиында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда , Тобылдың бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама астаналар ылғи өзеннің жағасына салынған. Санк-Петербург –Невада , Мәскеу-өзі аттас өзенде, Париж-Сенада, Лондон-Телезада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығында орналасқан.
Менің ойымша осындай елді құрметтемеу ол үлкен қателік. Өйткені әр адам өз Отанының патрйоты болуы тиіс! Қазір әр-түрлі «Жас ұлан», «Жас қыран» деген патриоттық клубтар ашылып жатыр. Ол балаларды өз отанын құрметтеп, патриоты болуға үйретеді. Егер адам өзі туып өскен жерін сыйламаса, ол өзін сыйламағаны. Әр адамда өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы болуы тиіс. Қазақстанның қөптеген керемет жерлері бар. Мысалы менің туған жерімді алайық. Мен Алматы қаласында дүниеге келгенмін, және оған мен мақтанамын. Алматының Алатауы көздің жауын алады. Алатау мен Алматы қаласы бір бірімен теңдесі жоқ үйлесім тауып тұр. Алматының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір мезгіл көзіңіздің алдына елестетіп көріңізші: «жазда алатаудың етегінде әр-түрлі жеміс ағаштары мен сан алуан гүлмен көмкерілген» қаланы. Алматының әдемілігіне біз ғана емес шет мемлекеттерден келген қонақтар да таңырқап кетеді.
Мен әр қашан өз еліме қызмет етуді армандаймын. Ал егер де мен шетелге барсам өз елімді мақтан етемін.
Және де біздің ең көне қаламыз, саяхатшылардың мекендеген ортасы Түркістан да мақтануға тұрарлық жер . Ол ең көне қалалардың бірі. Мұсылман қауымының екінші «Меккесі». Ол жердің ең кереметі « Қожа Ахмет Иасауй» Кесенесі. Ол ХІV ғасырда салынған . Ол өзінің сәулет өнерімен қала қонақтарын таң қалдырады.
Сол кесененің тарихына бір шолу жасап кетейік: Қожа Ахмет Иасауй кесенесі -Түркістан қаласында ХІV-ші ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауй дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арналған кішкене салынған мазарға жерленді.Сосын бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналады.Сосын Қожа Ахмет Иасауй Ескі мазараның орнына жаңа мазара салуды ұйғарды. Мұны ол Әмір Темір Мәулен Убайдула Сыдырға жүктеуді ұйғарды.
Қожа Ахмет Иасауй – аса улкен порталды-күмбезді құрылыс, оның ені-46,5 метр ал ұзындығы-65 метр .Оның орталық залының төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар . Жамағатхана қүмбездің ұшар басына дейін есептегендегі ғймарат бйіктігі – 37 метр.Ал сыртқы қабырғаларының қалындығы - 1.2 - 2 метр, сыртқы қабырғаларының қалыңдығы -1,8 - метр ,қазандық қабырғаларының қалындығы – 3 метр . Келген адамдар бас порталдың сәнді есігінен кіреді.Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18.3 метірлік күмбезден көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Иасауй мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады . Онда Қожа Ахмет Иасауйдің сағана-құлыптасы орнатылған . ХVІ ғасырдан бастап кесененің жекеленген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады . Онда Жолбарыс хан ,Есім хан ,Абылай хан , Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан , Қаз дауысты Қазыбек бй ,Жәнібек батыр тағы басқа белгілі адамдар жерленген. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген.
Осындай Қазақстанның оте көп кереметі бар оны саусақпен санау мүмкін емес.
Мен өз шығармамды мынандай өлең шумағымен аяқтағым келеді !

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Мен өз отанымның патриотымын туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен өз отанымның патриотымын на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен өз отанымның патриотымын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]