Шығарма: Есірткі - ғасыр дерті

Шығарма: Есірткі - ғасыр дерті

Айтбай Камила
- сынып, Баянауыл мектеп – интернаты Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Рахимтаев Е.Б

Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.
Жалпы есірткі, БДСҰ - ның анықтауы бойынша ауру сезгіштікті жоятын химиялық ұнтақ. Алғаш болып «есірткі» деген анықтаманы сезгіштікті жолғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін, грек елшісі Гипократ қолданған еді. Содан кейін, яғни ХХ ғасырда есірткіні қолдану кеңінен тарады.
Бұл салаларды барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, «наркотик» ұғымына қосылады.
Есірткі қолданудың қазіргі таңда әр түрлі әдістері бар. Мысалы, ұнтақты иіскеу тамырға ине салып қолданады. Бұл зиянды ұнтақты болашақ аналармен, жасөспірімдерге қолдану өте қатерлі. Егерде бұл затты болашақ аналар көп қолданатын болса, олардың балаларына зор қауіп - қатер төнеді. Жүкті қыздар спиртпен осы ақ ұнтақты көп қолданғандықтан, түсік жасатады. Айтқым келгені, егер аналар өздері алғаш болып есірткіні қолданатын болса,
ұрпақтары да сол жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Бұл іс - әрекет ұзағынан жалғаса беретін болса, еліміздің азаматтары мен азаматшылардың денсаулығына зор қатер төнеді. Онда бірте – бірте дүниежүзіндегі адамдар нашақорлық пен спиртке, оның ішінде есірткіге тәуелді бола бастайды. Сондықтан елдің болашағын ойлай отырып, әрбір істеген ісімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Қазіргі таңда есірткіні қолданудың алдын алу үшін, түрлі іс – шаралар жүргізіліп жатыр. Және де барлық елдерде есірткі айналымы шектеулі. Шынымен есірткінің зияны толығымен жойылғанын қаласақ, өзімізді өзіміз жарқын болашаққа жетелеп, содан кейін сол болашаққа өзгелерді тарта білу керек. Кез – келген жаман әдеттерден тыс болуға тырысу керек.
Енді бұл шығармамды қорытындылай келе, өз отандастырыма бүкіл әлемдегі халыққы есірткіден аулақ болуды ұсынамын . Алдағы уақытта ешбір азамат есірткіге тәуелді болмайды деп сенемін . «Дені садың, жаны сау» - дей отырып сіздерге айтарым бұл химиялық заттардан тыс болып, өз болашағымызды, денсаулығыңызды ойлаңыздар. «Есірткі – ел қауіпсіздігіне әлем қауіпсіздігіне төнген қатер» - деп осы шығармамды аяқтағым келеді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Есірткі - ғасыр дерті. туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Есірткі - ғасыр дерті. на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Есірткі - ғасыр дерті.

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]