Шығарма: Отан - баға жетпес сый
Саркенова Раушан
9 сынып, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
9 сынып, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
Патриотизм - Отанға, туған өлкеге деген махаббат, туған жердің өсиеттеріне адал болу. Осы қасиет әр бір қазақтың бойында болса, басымызды тік ұстап, “тек алға” деген ұранмен болашаққа қарауымыз керек. Кез келген адам өзінің ата-бабасы мен қасиетті қазақ қаны, туған өлкемен байланыстырады. Отаншылдық – өзінің халқына, еліне деген адалдық сезім. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ жері қолымызға бабаларымыздың өмірімен, аналарымыздың зарымен, сол кездегі жасөспірімдердің балалық шағын айыр бастауымен келген екенін білеміз. Кең байтақ жерімізді қорғау мақсатында халқымыздың қалаулы тұлғалары билікке қарсы шығып, одан зардап шеге отыра, айдауға кеткендері қаншама. Сол азаматтардың қайғысы бір қазан. Өйткені жат жерде тұру – адам басына салған ең ауыр жаза деп білемін. Басқа елде тұрып, өз Отанын көре алмау қиынның қиыны. «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзді айта аламын. Патриоттық сезім кешу үшін міндетті түрде Каспий жағасында отырып таңды бірге аттыру, Алатаудың бауырайында қыдыру немесе туып өскен жеріңде аяқ басып тұру емес. Бұл ұлы сезімді тағдырдың талқысымен жат жерге аттанған азамат пен азаматшаларымызда кешуде. «Қазақстанды сүйем» деп, тек қана қазақтар емес, өзге ұлт өкілдері де айта алады. Оны мен еш ойланбастан айтар едім. Себебі, менің сыныбымда басқа ұлт өкілдері оқиды, олардың екі сөзінің бірінде – осы жерде туып өскеніне ризасын білдіріп жатады. Олардың өз Отанына деген суйіспеншілікті ояту, жергілікті халыққа байланысты деп білемін. Мысалы менің туып өскен жерім– Маңғыстау жері. Бұл жерде ежелгі дәстүр – жорамалдарымыз жақсы сақталған. Сол себепті қарапайым халық басқа ұлт өкілдерін қабыл алып, жатсынбай отаншылдыққа қадам басып келеді.
Мен кейбір адамдарға таңдана қараймын. Олар: «біз жақсы көрген, туып өскен, мақтанышпен айта алатын Қазақстан кайда, ол өте өзгеріп, танымастай болып бара жатыр» деп таңқалады. Оны сүйікті де, ең жаксы, алып мемлекетке айналдыратын да өздері ғой. Елімізде қандай өзгерістер болмасын, уақыт зырғып өте шықсын, сонда да «қазақ жері әрқашан бар, мейлі билік басқа да болсын, тірлігіміз өзгерсін, қазақ халқы бар кезде, ол мәңгілік өмір сүреді» демекпін. Адам баласы туылғанда ең бағалы сыйлықтарға ие болады. Олар өмір мен баға жетпес Отан деп ойлаймын. Ол адамда біреу ғана, өмір секілді. Өйткені өмір екінші рет берілмейді. Ол ана сияқты – қандай болмасын ол сенің бір бөлігің.
Мен барлық жастарға айтарым: «Отанды анаңды сүйгендей сүй, әкеңдей құрметте, досыңдай сыйлап, қамқор бол». Оны аялап жақсы көрген үшін мақтау күтпеу керек, себебі ол біздің парызымыз. Сонда ғана өмірге келгенің үшін риза боласың. Мен өзімді биік ағашқа теңеймін, өйткені ағаш тамыры барда биік самғайды, ал менің тамырым ол өз Отаным...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Шығарма: О,туған жер! О, атамекен!
» Шығарма: Туған жер
» Шығарма: Отаным
» Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын
» Шығарма: Туған жер
» Шығарма: О,туған жер! О, атамекен!
» Шығарма: Туған жер
» Шығарма: Отаным
» Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын
» Шығарма: Туған жер
Іздеп көріңіз: