Шығарма: Ынтымағы жарасқан тату халық

Шығарма: Ынтымағы жарасқан тату халық

Барханова Назерке
7 сынып, №2 орта мектеп
Мұнайлы ауданы

Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар...
Біздің ауылда дүркіреп той өтті. Ағам үйленді. Ауылға келін түсті. Анау-мынау емес,ерекше келін. Ұлты – орыс, жаны қазақ. Жаны қазақтығы сол, қазақша сөйлейді, тәрбиесі де қазақтікіндей. Бізге бәрі қызық. Сөйлегені де, жүргені де. Шайды айналып келіп қайта-қайта ішеміз.Қабақ шытпайды.Әр жұма сайын иіс нан пісіреді. Ет асып, қазанға қамырды да илеп салады. Қабыршақтанған «жайманы» салмайды. Денсаулыққа зиян деп ұнатпайды.Домбырамен ән шырқайды.Даусы керемет.Өзі көңілді.Ата-анам да көңілді. Бірақ басында бәрі де өзгеше болып еді...
Ағам мектепті бітірген соң, жоғарғы оқу орнына түсті.Студенттік бал дәуренде қазақ тобында оқитын орыс қызымен танысады.Көңілдері жарасып,үйленбекші болады.Бірақ үйдегілер қарсы болады. Бала адамның бауыр еті емес пе?Әкем де, анам да көп ойланды. Ауыл-ел болып ақыл қосып,жөн білетіндер батасын беріп, әупірімдеп келісті-ау, әйтеуір...
Ерте тұрып шайын қайнатып,малын өріске жіберіп, отбасының ұйытқысы бола білген ибалы келінге бүкіл ауыл риза. Түтін түзу ұшты.Бір шаңырақтың ғана емес,бір ауылдың...
«Бақ, қайда барасың?» дегенде, «Ынтымаққа барамын»деген екен. Ынтымағы жарасқан, пейілі кең халқымнан айналдым. Сүйемін туған жерімді!.. Сүйемін ата салтымды!..Сүйемін дана халқымды!..

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ынтымағы жарасқан тату халық туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ынтымағы жарасқан тату халық на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ынтымағы жарасқан тату халық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]