Шығарма: Елім деп соғар жүрегім
Андрейқызы Назира
9- сынып оқушысы, №2 орта мектебі
Мұнайлы ауданы
9- сынып оқушысы, №2 орта мектебі
Мұнайлы ауданы
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана,айдарыңнан жел еспек.Өйткені өзге топырақ,өзге ауа,өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.
«Алтын анам,Отаным! Сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшім жоқ» - деген Мұхтар Әуезов бекер айтпаса керек. Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа,ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес.
Жерім!-деймін ондайда,
Елім!-деймін,Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін!
Өзім үшін күресте жеңілсем де,
Елім үшін күресте жеңілмеймін!
Елге, жерге деген махаббатты осылай бағалау керек. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін-бүгінімен,бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Отанын қастерлеп,білімі мен еңбегін елінің мүддесіне,игілігіне
жұмсайды. «Отан-оттан ыстық», «Ер ел үшін туады,ел үшін өледі»-дейді. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің қанымызда ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбіршілігі мен аты шықты.
Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Елордамыз ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Астана-елдің жүрегі! Біз жаңа ғасырға, жаңа мың жылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуеленген әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Мұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?!
Мен өз ойымды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір»- деген сөзімен аяқтаймын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: