Шығарма: Қоғамдағы сөйлеу мәдениеті
Якупова Жансая
7 сынып, № 2 орта мектебі
Кентау қаласы
7 сынып, № 2 орта мектебі
Кентау қаласы
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеріп, барлық қаракөз бауырларымыздың яғни қазақтарымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан бала-бақша, үй,мектеп, жоғарғы оқу орындарында ұл-қыздарымызда тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірінен қарым-қатынас
жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтінін, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтінін байқаймыз. Олай болса, біздің бүгінгі шығармамыз қоғамдағы сөйлеу мәдениеті жайында, тіл туралы болмақ.
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін-сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, сонымен қатар ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, обьективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммунативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.
Тіл мәдениеті- тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілін қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айрмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетінің жақсы қарым-қатынаста болуы . Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың үш түрі бар. Олар: Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы) . Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). Коммуникативті норма ( сөйлеу қарым- қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделген.
Әр адам өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиіс. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесінеде шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланыста. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше , жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. Сондықтан адам әдеби, мәдени әрі түсінікті сөйлеу керек.Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар: Диалогты сөйлеу. Монологты сөйлеу. Диалогтық сөйлеу- екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу-бір адамның сөйлеуі, ( әңгіме, баяндама, лекция және т.б.)Мұнда сөйлеуші бір адам , тыңдаушы- көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу болып бөлінеді.
Адамның айтқан қандайда бір сөзі белгілі бір мағынаны білдіреді және сөйлеушінің , жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді.Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады.
Өзара тілдескенде, лекция, баянама жасағанда мәнерсіз сөйлеу- ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, ишараларымен білдіреді. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу- өз ойыңды келістіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйле білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдрмен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрінің арасында психологиядық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ.
Психолог- ғалым Б.М. Теплов өзінің " Психология" кітабында ( Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады немесе адам сөйлеуді тоқтатады...
Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі-сөйлеушілер бір жай – күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады, кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды...
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрітетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазбаша сөйлеу басқаша құрылады: онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазбаша сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы керек.
Диалогтық сөйлеу кезінде де көбінесе әдеби сөйлемейді." Тілім менің-тірлігімнің айғағы" деген Мұқағали атамыздың аталы сөзі баршаға үлгі ретінде қалатыны сөзсіз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: