Шығарма: Менің ауылым

Шығарма: Менің ауылым

Тұрлыбек Әсел
9 сынып, «Қоғам» ЖОМ
Отырар ауданы, Қоғам ауылы

Туған жер -адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады.Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезім оянады.Міне,менің де туған жерім бар,ол-Отырар.Мен негізі қатты қуанам.Осындай өлкенің топырағынан жаралғаныма.Жалғыз мен емес Отырар топырағынан жаралған барлық адам куанатын сезінентін сияқты.Негізі Отырар ауданының ішіндегі кішігірім ауылда Қоғам ауылында дүниеге келдім.Біздің қоғамымызда қалыптасқан бір түсінік бар ол басқа бір ортаға барған кезде «Қайдансың?» деген сұраққа ауыл десең,адамда бір менсінбеушілік,төмендету сияқты көрсең,ұялатын қасиеттер сол заматта пайда болады.Ал,мен керісінше ауылда туғаныма әрқашан мақтанамын.Мақтанғанда кеудемді кере тұрып мақтанамын.Себебі,тарихқа толы киелі Отырарда дүниеге келгенім.Отырарды қазақ халқының «тарихы» Деп айтар едім... Сонау орта ғасырдан әлі күнге дейін «тарих» болып жазылып келе жатыр және солай болып қала береді.Туған жерімнің артықшылығы онда талай даралар мен дарабоздар дүние есігін ашқан.Қазақ вальсінің королі-Шәмші,Шығыстың ғұлама ғалымы-Әбу Насыр әл-Фараби,ақын,жазушы-Мұхтар Шаханов,айтыскер ақын апамыз-Әселхан Қалыбекова сынды талай дүлділдер өмірге келген.Бұл тек ауылымның бір ерекшелігі екіншісі орта ғасырдың үздік сәулет ескерткіштері,Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы,сопы «Арыстанбаба» кесенесі бар.Ол туралы айтпаса да түсінікті шығар... Менің Отаным кішкентай болса да мен үшін аса қымбат жер.Дәл осы жерде менің көңілді де,уайымсыз балалық шағым өтті.Ауылым кішене ғана болса да,Қазақстан таниды десем қателеспейтін шығармын.Қай мақтанышымды жазамын,бәрін тізіп отырсам елді жалықтыратын шығармын деген ой келді.
«Отырар» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,асқақтықпен айта алам.Ауыл деген ойпырмай-ай еске түссе,көзден жас шығып,бетіңнен күлкі кетпес...Кейде басқа жерлерге белгілі себептермен бара қалсаң,аяғың сол жаққа барғанымен ойыңның бәрі ауылыңда.Біраз куннен соң ауылға барамға басасың.Бұл не?Бұл әрине ауылға деген махаббатыңның қайда жүрсеңде үзілмейді дегені!Басқа жерді қайдам бір нәрсені анық білемін ол туған жерімді мәңгілікке сүйіп өтемін және сол үшін қызмет етемін.Басқа айтарым әр адам өзі туып өскен өңірге пайдасын тигізу керек.Бала өскен сайын оның ортасы,түсінігі де кеңейе береді.Әуелі туған жерің,өсе келе Отаның-Қазақстан үшін тер төгу керек.
Ғасырлардың куәсісің,ақындардың жыр,әнісің-Отырар!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің ауылым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің ауылым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің ауылым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]