Шығарма: Еңселі елімнің ертеңі

Шығарма: Еңселі елімнің ертеңі

Тұңғышбаева Гүлбану
11 сынып, Жаушықұм лицейі
Шардара ауданы

Қазақ... Бұл сөздің түп қазығын қазбаласақ сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларға барып тіреледі. Сол заманда да еркіндікке жаны құмар халық. Ежелден есімі ел аузына еш кетпеген халық. Жаны жамандыққа қас, жақсылыққа бір табан жақын халық. Көңілін тапсаң,сол қазақтан жақсы халық жоқ ғаламда, мейірлене мейманын күтіп құрақ ұшады, ал сатқындықтың суынан дәм татар болса оңдырмай өзіңе әділдікпен дәріс беріп қасына жоламастай етеді. Қымызы мен қымыранын сапырған , қылышымен жауын қайырған бір өр халық. Жусанды даланы жайлаған қазақтың көрмегені жоқ, сірә. Сонау қалмақтың қорлығын бір көрсе, бертін келе социолизмнің сырығына ұшырап соғыстыда көрді. Бас болып көтерілді де су сепкендей қан толқын болып жеңілді. Азапты да, қанауды да, аштықты да басынан кешті.
Тарқата айтқанда, кешпеген суы, көрмеген қиындығы-қалмаған ды. Табаннан таусылып талай біртуар тұлғалар репрессия шынжырына байланып, қыршынынан қыйылды. Осынша зұлматты басынан кешкен, қиындықты қасқайып қарсы алған халық, бүгінде бірлігі жарасқан білдей бір мемлекет.
Басына қара бұлыт үйіріліп тұрса да, бірлігімен шуақты күнге жеткен - Қазақстан . Сан сынақтан өтіп ақыр аяғында тәуелсіз күнге жеттік, дамыған елу елдің қатарына іліктік. Бұйыртса, дамушы әлемнің отыз ел қатарына ілігетін ниетіміз бар. Көш басшымыздың сындарлы саясатының арқасында күннен күнге гүлденіп, көркейіп келеміз. Бұл сөзімнің бірден-бір дәлелі 11жылда жауһардай жарқырап көздің жалын алушы - Астана.
Астана- бас қала. Еуразияның маңдайына біткен шолпан жұлдызы. Елімнің шеберлері шыңдалып, шеберліктерін ұштап астанамыздың сәніне әр беруде, жаңа нысандар көбейуде. Дей тұрғанмен де, астана ғана емес, белді қалаларымыз: Алматы, Ақтөбе, Қызылорда сынды алып шаһарлар да күн санап жаңа нысандармен толықтырылуда.
Ендігі сөз кең байтақ даласының бір бұрышында жатқан қайсар бір халық жайлы. Ауыл өмірі ...Туған жерім...Көк теңіз қоршаған, жусан исі аңқыған жайлаулы мекен. Табиғаты ғажап өлке. Сан түрлі құстардың сайрағаны, әлемдік аркестір сынды естіген сайын құлағыңның құрышын қандырады. Күлімдеп атқан әр таңы қуат пен күш әкелгендей. Ауылымның қауырт тірлігі таң атпай қаумалана басталады. Шуылдаған мал қыр қуалап жұмысына асыққан жолаушыдай саябырылмай жан-жаққа тарасады.
Ауылымыздың адамдары бірлігі жарасқан берекелі де мерекелі халық. Ауыл белсенді азаматтары еңбегінің арқасында жаңа мектеп нысанына қол жеткіздік. Жаңа мектебімізде оқймын деген баланың талап тілегі жерде қалмайды. Ұстамды ұстаздар білікті мамандар жол басшымыз секілді алдымыздан шыққан сынақтан сүрінбей өтуіміз үшін алдына жан салмай бар білгенін бізге үйретуде, толасыз еңбек етуде. Ендігі бізге қойылған бірден бір талап жақсы мамандық иесі болып шығу. Еліміздің даму жолына азғантай болса да сүбелі үлесімізді қосу. Топ жарып, тарих сахнасында із қалдыру. Ел басымыз айтқандай қызы қылықты , ұлы ұлықты елімізді жарқын болашаққа жетелер, ұлт азамат-азаматшалары болуымыз шарт. Білім гранттарын жеңіп алып, қазақ халқының атын әлем сақнасына көтеру, жанжақты ізденістер жүргізіп, елінің елеулі , халқының қалаулы азаматы деген атаққа ие болу. Білім гранты демекші, өзге елдерде білім жолына, жастар жолына мұншама көп көңіл бөлінбеген бүгінде. Алайда ел басымыз ауылдан келген жас студент үй іздеп сабылмасындеп жылы орын жатақхана, жұмыс арқаламай тек оқумен шұғылдансын деп шәкіртақы бөлдірген бюджеттен. Осынау жеңілдіктер заманында оқымай жүру әрбір жасқа сын болмайма екен? Сондықтан біз, жастардың, алдымызға қойған мақсатымыз біреу-ақ. - Оқу, оқу және оқу.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Еңселі елімнің ертеңі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Еңселі елімнің ертеңі на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Еңселі елімнің ертеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]