Шығарма: Отаным -алтын бесігім

Шығарма: Отаным -алтын бесігім

Тастанбекова Мадина
7 сынып, № 2 жалпы орта мектебі

Әркімнің өзінің туып өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері қымбат болып саналады."Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп,еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды.Содан бері атқан оқтай зулап,табандатқан 22 жыл өтті.
Қазақстан жиырма екі жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай,көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белемтері бар.Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуда күш салуда.Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына,Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады.Кемеңгер Елбасамыздың "Қазақстан -2030" бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін."Отан -оттан да ыстық" деген дана халқымыз,адам баласының жүрегінде ең бірінші,ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші,Отанға деген жалынды,ыстық сезім орын алады.Мен өз Отанымды,туған жерімді,құдіретті елімді сүйемін және шексіз қуаныш,биік белес пен шығар шың тілеймін.
Туған жер -адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенмен және болашақпен байланыстырады.Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап -ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады:туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Кентау қаласынан бамталады .Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты,уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр.Туған жерімнің ауасысы, таң -тамаша табиғаты маған үлкен әсер береді.Қаланың шырайлы көшелері,үлкен әсем үйлері енді ғана көріктене бастады.Мен кішкентай кезімде қала әсемдігі бұзылып, көп қабатты үйлер бос қаңырап қалған көрінеді.Қазіргі таңда үлкен аға-апаларымыздың жаңашыл саясатының арқасында қаламызға көрік кіріп әсемдене түсуде.Елбасымыздың "Моно қала" бағдарламасына орай әрбір аулада балалар ойын алаңдары орнатылып, жолдар түзеліп көптеген өзгерістер орын алды.Мұнда көлік сирек жүретін адамдар көп болатын .Иә...Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін.Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын,"Қызым,үйге кір...
деген ананың сөздерін еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Мен үшін өмір бойы балалық шақтағы туған аула мен көше - менің кішкентай Отаным.
Біздің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.Бейбітшілік пен достықта,татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер,украиндер мен кәрістер...
еңбектенуде.Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоңыс тепкені жиі ойланамын.Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты.Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық - қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын.Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас.Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты.Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар,әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.Бұл қазақ жерінің жомарттығынан , осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып,пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт -дәстүрін білуі керек.Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында.Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.Ал татулық -болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Отаным -алтын бесігім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Отаным -алтын бесігім на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Отаным -алтын бесігім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]