Шығарма: Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Шығарма: Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Сайлау Бекасыл
10 сынып, №6 мектеп-гимназиясы
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Жетекшісі : Молдабекова Ж.

Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік.
У.Годвин

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.
Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттаныпты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Төңірегімізге көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмас ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болдудан басқасының бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Көңілге медет қыларымыз тек бұл ғана емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де жоқ емес.
Өйтіп біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуіміз керек. Бүгін Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл
атқаратын өркениетті ел. Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртсек, ежелден-ақ ата-бабамыздың өз жерін еш жауға бастырмағандығын, ұлын құл, қызын күң еткізбегендігін , жауына қатал, досына адал болғандығын байқаймыз. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтан тұтар, бүгігіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы сынатын ұлан-ғайыр алтай мен Атырау арасын ата-бабаларымыз шыбын жанын шүберекке түйіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Дұшпандарымызға қарсы аттанып, садақ асынып, қолына қылыш ұстаған Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Наурызбай сынды ерлеріміз жайлы жыр-дастандар біздің сана-сезімімізді көтереді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымында тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Бізге бүгін қажет жігерліктің, біліктіліктің, Отансүйгіштікітің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр .
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.
“ Қойға тиген қасқырдай “ боп қазақтың Отаршылдық қыр соңынан қалмаған...
Халық басына осындай қиын -қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін сақтап қалды.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен ел мұңын , халық сырын түсіне білген , халықтың басын қосқан , халық мүддесі жолында тапқырлығын таныта білген Абылай хан Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін іргесін кеңейтті. Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірінде қылыштан гөрі қалам қуаттырақ болды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап тарих сахнасына қазақтың зиялылары шықты. Олар қолдарына қалам алып, қоғамдағы ащы шындықты жазды. Қазақ халқын дербес мемлекет болуға шақырды. Осындай халық зиялыларына қылышынан қан тамған Кеңес Үкіметі жалған айып тағып, қырғынға ұшыратты. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстар азаматтарының бар кінәсі – көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімдерін жақтағандары ғана. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ сарбаздарының ерен ерліктерін білмейтін адам кемде -кем. Солар көрсеткен үлгі, сепкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан оқиғасы ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. Ел болашағын ойлаған қазақ жастарының өмірін қиған бұл оқиға халық жүрегінде мәңгі дақ болып қалды .
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей жас өркені бар елдің Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
Желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Міне, содан бері 22 жыл уақыт өтті . Бұл – тарих үшін аз ғана уақыт болса да, бұл аралықта еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерімен мақтана алады. Әлемнің дамыған елдерімен иық теңестіре алатындай дәрежеге жетті. Егемен еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен, сан ұлттан құралған халқының ауызбіршілігімен аты шықты. Мұның барлығы алдымен, тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы деп білемін. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіздік – халықтың тойы, бүкіл елдің тойы. Жауын торғайдай тоздырып, ірімшіктей іріткен ата-бабамыз сол тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші!
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Ал оны келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, аманат етіп тапсыру – біздің азаматтық борышымыз. Еліміз берекелі, шаңырағымыз биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Қанша боздақ, жауқазындар жастайынан қиылды,
Аңсап жүріп азат, бейбіт бұл күнді
Сондықтан да ардақтап, қастерлейік,
Тәуелсіздік таңы атқан бұл күнді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]