Шығарма: Сөзіңнің мәнділігі- мәңгілігі...
Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.
Жаңа ғасыр мен жаңа мың жылдық табалдырығынан егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Осындай зайырлы ел болып отқанымызда, тіліміз орысшаланып, бұрмаланып жатса ол бізге мін емес пе!?
Римнің шешені, екінші Цицирон атағын алған Марк Фабий Квинтилианның өзі «Жақсы шешен болғыі келсе, алдымен жақсы адам бол »деген түсінікке бәрін сыйғызуға тырысқан. Мен Квинтилианды дәріптегелі тұрғаным жоқ, тек қана жақсы адам болсаң, тілің алмас қылыштай өткір, шешен болатындығымызды айтқым келеді.
Ендігі ойымды, Шәкәрімнің мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Сөзіңді түзе-ол әдетіңе айналады. Әдетіңді түзе-ол мінезіңе айналады. Мінезіңді түзе-ол тағдырыңа айналады...»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: