Шығарма: Нағашы әже.
Марат Іңкәр
4 сынып, Т. Әлімқұлов атындағы лицей Созақ ауданы
Шолаққорған кеншары
Жетекшісі: Алтаева Мақпал

Мен қолыма мектеп оқушылары арасында өтетін байқау туралы ережені алып, оқып танысқанымда есіме бірден нағашы әжем жайлы жазсам ғой деп ойладым. Білмедім, дұрыс па, бұрыс па әже деген сөзге анықтама берейін десем қиындау сияқты. Ал тереңірек ойлансам ол асыл анамның – асыл анасы. Анамның анасы болғандықтан әрине, маған нағашы әже. Мен ес біліп, есейгелі қандай жағдайда болсын яғни, қуанышымыз, тойымыз немесе менің анам перзентті болып жатқанда бірінші жетіп, қуанышы қойнына сыймай жүретін де осы әжем. Әжем, әжем деп айта беріппін, бұл кісінің өзімен сіздерді де таныстырып қояйын. Ол – Зәуре Дөненбекқызы Еденбаева. Бұл кісі Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Мектепке дейінгі тәрбие» бағытында 27 жылдан бері осы аталған институтта қызмет етіп келеді. Әжем туралы жазылған газет-журналдарды оқығанымда төбем көкке жетеді. Сонша жыл тек еңбек етіп, сол жерде жүре бермей, көптеген мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына керекті әдістемелер мен бағдарламалар жазыпты.
Еңбекқор, жаны нәзік, мейірімді, жанашыр, білімді әжетайымды өзін танитын туыс-тумалары ғана емес, мектепке дейінгі тәрбиеде жүрген адамдардың барлығы да сыйлайды екен.
Өзімнің тілім «р» дыбысын дұрыс айта алмайтынмын. Бір күні әжем: «Сен қашан «р» дыбысын дұрыс айтасың, сонда ауылыңа қайтасың» демесі бар ма? Бес жасар маған бұдан өткен қаталдық жоқ сияқты болып көрінді. «Р» дыбысынан келетін сөздердің бәрін тіземін, бәрібір дұрыс айта алмаймын. Менің жанымның қиналып тұрғанын әжешім түсінген болуы керек: «Іңкәр, сен және сенің атаң жайлы өлең тақпақ бар екен, соны жаттайық» - деді. Әжем тез арада ойластырып шығарды білем, өйткені анау айтқан атақты ақын емес, бірақ біз жаттап, біз айтып жүруге жарайтын өлеңдерді әжем жадынан шығарады. Қой, мен қайтадан атам екеуіміз жайлы өлеңге оралайын:
Анау қырдың басынан
Трактор гүр-р-р-р деді.
Трактордың гүрілінен
Бір топ торғай пыр-р-р-р деді.
Торғайлардың пырылын естіген
Іңкәрдің Марат атасы
Жорғасына дыр-р-р-р деді.
Қарапайым ғана «р» дыбысы көп өлең жолының ішіндегі маған ең ұнағаны атамның Марат деген аты еді. Шынында жорғасына мініп келіп тұрғандай , «Іңкәрім, жүр үйге» дегендей болды. Расында 4-5 қатар өлеңнің ішінде 25 «р» дыбысы тұрса, әрине бұл дыбысты мүдірмей айтып кетесің. Сөйтіп, «р» дыбысын дұрыс айтып кету бақыты менің де басыма қонды. Әжем де мәз болып: «Міне, көрдің бе, айта алады екенсің ғой» - деп, ыстық құшағына алып, мені біраз мақтап, бетімнен сүйді. Тағы бір әжемнің ерекшелігі кез-келген әнді нәшіне келтіріп орындап, онымен қоса, біздің бірге айтып, әрбір сөзін түсініп, қазақ тіліне тән қ, ғ, ң, ұ, ө дыбыстарын дұрыс айтуымызды қатаң бақылауға алады.
Осы өлең жолдары арқылы менің жұдырықтай жүрегіме патриоттық сезімді ұялатып, есейген шағымда қазақ елінің, қазақ жерінің мақтанышына айналатын баласы болып өсуді көздегені ғой. Мені балабақшаға жеткізіп салғанға дейін, кешке үйге жеткенге дейін әжемнің жағы шаршамай ма? – небір мақалдар, мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер айта беретін. Мұның бәрін мен біліп алады деп емес, құлағының бір шетінде сақтайды ғой дегені ғой. Расында, мен одан жаман болған жоқпын. Мектепті тек 5 оқудамын. Маған күйсандық сатып әперіп, музыка мектебіне де жаздырған әжем. «Алатау» әнін үйреткен де әжем.
Шыңына көз жетпес,
Көркіне сөз жетпес.
Басынан қар кетпес,
Өзіне тау жетпес.
«Іңкәртай, әсем Алматыда аспанмен таласқан Алатау болса , сенің туған жеріңде қарт Қаратау бар. Сондықтан осы бала кезіңнен таудай биік, таудай талапты, таудай асқақ боп өссең мен бақыттымын. Осы сенімімді сен ақтайды деп сенемін. Өйткені, сен өте ақылдысың», - деп жігерілендіреді.
2012 жылы менің әжемнің авторлығымен «Сиқырлы қалам» интерактивті кешені (мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына арналған) жарық көрді. Қазақ және ағылшын тілінде. Жаңа интерактивті кешен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту талаптарына сәйкестендірілген, қолданыстағы тиімділігі дәлелденіп, бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мекемелері жаппай пайдалануда. 60 ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тұратын кешенді жасауда әжем қаншама тер төкті десеңші, шіркін!
Арман қала Алматыда, Алатаудың бөктерінде тұратын әжемнің еңбегі еленіп, 2013 жылдың қыркүйек айында ұлы хан «АБЫЛАЙ ХАНҒА 300 жыл» медалімен марапатталды. Әжетай, менің қуанышымда шек жоқ! Сондықтан да, өзіңізге деген сағынышпен, құрметпен қуанышыңызға ортақтасып, «Нағашы әже» атты шығарма жазуды парызым деп, мен де өзіңізге ұқсап ақ жүрегімнен, сәбилік сезімімен мына өлең жолдарымды арнаймын:
Асылдан да қымбаттым,
Ақыл әже, ақ әже.
Біз келгенде өмірге,
Шын қуандың Сен, әже.
Ақ маңдайлы, ақ жүзің,
Тотықпасын жан әже.
Немере, шөбере, шөпшектерге,
Той жасап жүр, бақ әже.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Шығарма: Менің әжем
» Шығарма: Менің әжем
» Шығарма: Аяулы әжем
» Шығарма: Арманым
» Шығарма: Менің әжем
» Шығарма: Менің әжем
» Шығарма: Менің әжем
» Шығарма: Аяулы әжем
» Шығарма: Арманым
» Шығарма: Менің әжем
Іздеп көріңіз: