Шығарма: Отаным – Қазақстан!

Шығарма: Отаным – Қазақстан!

Жылқыбаева Айгерім 9 сынып,
«Ақбастау» жалпы орта мектебі
Қазығұрт ауданы

...Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «Ана» деп күлім қаққан,балалықтың бал күнін осында жүріп сезінген елім, киелі жерім, атамекенім- Қазақстаным бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері-Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған болар, сірә! Туған жерін жырға қоспаған,туған жері жайлы толғанбаған, ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар, бәлкім.Мен де бүгін қолыма қыл қаламымды алып, жазушы болмасам да, өзім жайлы толған бақпын, Туған жер!
Қасиетті де киелі, елім менің! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр.Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы-біздерге,келер ұрпаққа, беріліп отырған « баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке . Ұлан – ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикі зат көздеріне аса бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды. Бугінде біз басқада дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде
тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «Бақ атамыз» барда бақыттымыз.Елбасымызды тұрғанда қазақстандықтар әрқашан тату-тәтті өмір сүреді, деп білемін.Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде! Біз санаулы жылда адамайтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы - тіліміз мемлекетік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.
Қазақ... Бұл халық –әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –бауырмашылдығында, бейбіт өмірге құштарлығында, сабырлылығында және даналығында.
Қазақ –сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен , ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ , ғажайып өлке– бұл Қазақ елі.
Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жазираларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде мен тамсанамын.
Еліміздің ертеңі жолында жан аямаған алдағы күнге қызмет еткен аталарымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме қуанамын, қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп , жерімізді жер етіп , өлшеусіз еңбек етуінің арқасында өркениетке өрлеткен Елбасы Нұрсұлтан ағамызға ілтипатпен қараймын.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса , азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан –теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де , елдің де иесі екеніңді ұмытпа» ,- дейді Елбасымыз.
Расында , болашақта өз елінің қожасы да, иесі де -бүгінгі жастар . Олар –біздер. Біз - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы , егеменді елдің ертеңіміз . Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін , білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруды , халқымның әл-ауқатының артуына , еліміздің көркейіп , нығаюына үлес қосуды басты борышымыз деп санаймын. Біздің Отанымыз –жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп , ынтымағын жарастырып отырған мемлекет. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүруі де біздің қолымызда. Мен қырандай биікте қалықтаған азат елдің болашағымын. Тәуелсіздік таңы тілімді, дінімді, салт –дәстүрімді жаңғыртты . Қасиетті Ата заңым қабылданды.Егемендігімнің айғағы –аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді. Барша ұлтты бауырна басқан Отаным , мен сенің ізгілігіңнен , ұлылығыңнан нәр алып, дархандығыңнан үйреніп, өсіп келемін. Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзен –көлің, тауың мен үшін қымбат. Біздің алысты болжай білетін алғыр, көреген, үлкен саясаткер Елбасымыз Нұр аға елдің сенімін ақтап, қиын жолдан өз халқын аман-есен алып өтті. Көшбасшымыз Нұрсұлтан аға әр жылда халыққа кезекті жолдауын жолдап, еліміздің даму жолдарын нақты айқындап көрсетіп , бағыт-бағдар беріп келеді .Елін сүйген Елбасы жолдауын халқыымыз да қызу қолдап –қуаттап келеді. Бүкіл әлем көз тіккен еліміз дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында қарқынды дамып келеді. Мен тәуелсіз еліміздің дамуына , гүлденіп , көркейе беруіне өз үлесімді қосамын.Еліміз келешекте әрқашан гүлдей беруін тілеймін.
Әлемде тағдыр тауқы метін ең коп тартқан ұлттардың бірі –қазақ. Еліміз жарқын жылдармен қатар нәубеттер мен зұлматқа толы кезеңдерді бастан өткерген. Оның бәрін бір мақалаға сидыруға мүмкін емес. Алысқа бармай-ақ бірнеше ғасырға созылған ойрат- жоңғарлармен болған соғысты алып қарайық. Сол майданда сан мыңдаған адам шейіт болды. « Ақтабан шұбырынды ,алқа көл сұламада» «Елім айлап» еңіреген кездерді ел ешқашан ұмытпайды. Одан кейн патшалық Ресей отаршылдығына қарсы Сырым Датулының, Исатай мен Махамбеттің, Кенесары ханның бірнеше жылға созылған қиян - кескі жорықтары, XX ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысы қайраткерлері мен олардың көш басшылары Алихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыныптың ұлтты аман сақтап қалу жолындағы еңбектері һәм ізденістерінің басты мақсаты да Азаттық алу еді.
Қазақтың озық ойлы осы азаматтарының бәріде репрессияға ұшырап, азапты жылдары бастан өткерді. Қамалды. Атылды . Ұлтына қамқор болған Тұрар Рысқұлов бастаған тұлғалар да осылай жазаланды. 1921 – 1922, 1930 - 1933 жылдары қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан қазақ халқының тең жартысы қырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде талай қандасымыз көз жұмды.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде мыңдаған қазақ жасы қуғындалды, түрмеге қамалды, бірнешеуі қайғылы қазаға ұшырады. Міне , осы деректерді оқи отырып, «қазақ тәуелсіздікті соғыссыз алды» деп талай айтуға болады?Қайта тәуелсіздігін кеш алған кейбір мемлекеттерге қарағанда ұлтымыз көп нәрсе жоғалтып, үлкен құрбандыққа барды. Жер бетінде еш нәрсе өздігінен болмайды . Бәрінің себеп-салдар, белгілі бір тарихи шешімі болады. Демек, Азаттық – халқымыздың жүздеген жыл бойы төгілген көз жасы мен қанының, жоғарыда аталған қайраткерлеріміздің шейт болған жандарының өтеуі.Алла бұйртқан тәуелсіздікті табаламай, бағалай білген жөн.
Мен Қазақстанымды Заңғар Көкке теңеймін.Ондағы ойым-елім әлемдік деңгейде биіктен табыла білсе екен?!.Ал,Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты аспан әлемінен халыққа нұрын төгіп тұрған күннің көзіне теңеймін.Көгілдір аспан.Күн шайдай ашық.Зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып,еш уайымсыз қалықтап ұшып жүр.Иә,тәубе,еліміз- тыныш,халқымыз-бақытты .Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлдем алшақ болуын біз,келер ұрпақ,халық,баршамыз жатпай-тұрмай тілейміз.Шөміш-шөміш ақша бұлттар аспанмен астасып,»менмұңдайды ».Бөл-Қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.Лайым солай болғай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Отаным – Қазақстан! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Отаным – Қазақстан! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Отаным – Қазақстан!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]