Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Жақыпбек Гүлсамал
8 сынып, Құрманғазы атындағы орта мектеп Созақ ауданы

Мен үшінең қымбат мекен – Қазақстан.Осындай киелі, әрбір қазақ үшін қымбат, тәуелсіз, жан дүниесі де байлыққа да бай Қазақстан атты елде өмір сүру мен үшін үлкен мақтаныш.
Меніңтуғанжерім – ҚазақстанРеспубликасы. Бұл – бай тарихымен, көнемәдениеті мен ерекше табиғатымен мақтана алатын ұлымемлекет. Қазақстанның тамаша табиғаты-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы да менің Қазақстанымда.Ғасырлар бойы оны жауларынан қорғап қалды және бүгiнніңұрпағы мына бiзге мұраға тапсырылуы үшiн ата – бабаларымыз жан аямай күресті.
Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.
Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы , келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.
Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс (Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов), ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары (Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және т.б), жүректері оттай жалындаған
желтоқсан қаһармандары (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев), айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді , халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды .Төгілген қан мен тер, қуаныш пен бейнеттер өз жемісін берді .Қазақстан үлкен де мықты, еркін де күшті, бақытты да жасампаз елге айналды. Жоңғарлармен соғыстарда, патшалықтың қиын кезеңдерінде, Ұлы Отан соғысында – қазақ халқы көп қайғы шекті.Қазақтың басынан не өтпеді десеңші?! Ашаршылықты да, соғысты да, жоқшылықты да, азапты күндерді де басынан кешкен халық .Әр Қазақстан азаматы сол бастан кешкен күндерді есте сақтады және мақтан тұтты.
1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы Конституциялық Ата заң қабылданды.
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының төл теңгесі айналымға түсті.
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1998 жылы 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, «Астана күні» болып тойланды.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.Осы уақытқа дейін біздің тәуелсіздігімізге 22 жыл толды.2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең
шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында Қысқы Азияда ойындары өтті.
Қазіргі Қазақстан – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.Әрбір елдің өзіне тән рәміздері болады, сол сияқты біздің еліміздің де рәміздері бар.Олар:ту, елтаңба, әнұран.
Еліміздің рәміздерінің бірі тудың ортасында қыран құс пен күн және шетінде қазақтың ұлттық оюлары бейнеленген.Қыран құс – еркіндікті, тәуелсіздікті білдірсе, көк тудағы күн ашық аспанды білдіреді.Ал шетіндегі қазақтың оюлары қазақшылықтың белгісі ретінде бейнеленген.
Елтаңбамызда екі шетінде екі пырақ, төбесінде бесжұлдыз және дәл ортасында қазақтың шаңырағы бар.
Қазақтың салт – дәстүріне келер болсақ, қазақ халқының ежілгі заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзіндік мәні бар мұрасының бірі- салт-дәстүрі.Бұрыннан қыз ұзату, тұсаукесер, шілдехана, бесік той, сүндет той, үйлену тойы,құда түсу, келін түсіру, беташар т.б салт-дәстүрлері бар.Әр салтында өзіндік мән жатыр.Мысалы тұсаукесер – бұл кішкене бала тәй-тәй баса бастағанда орындалатын дәстүр.Кішкене баланың өскенде жолы болсын, тез жүрсін деген ниетпен жұртшылық жиналып, кішкене баланың аяғына ала жіп байлап оны үлкен, елге сыйлы адамға кескізеді сол кісінің ізін бассын деген ниетпен жасайды.
Әрине, біздің жетер жетістігіміз, алар асуымыз әлі алда. Бірақ та қазір де Қазақстан осал емес, алған асуы, жеткен жетістігі аз емес.Солардың ішінде спортта жеткен жетістігі, елдер арасындағы басекелестікте көрсеткен көрсеткіші, дамыған 50 елдің қатарына кіріп, енді дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында жан аямай бар күшін салуда.Жеткен жетістігінің бірі 2012 жылы Лондон олимпиадасында ерекше дайындықтың арқасында 7 алтын, 1 күміс, 5 қолаға қол жетікізіп, 12 орынға тұрақтады.Осындай жетістікке қол жеткізген жүлдегерлерімізді атап өтсем.Әлем чемпионы атанғандар: ауыр атлетикадан Илья Ильин, Зульфия Шиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, ал веложарыстан Александр Винокуров, жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова, бокстан Серік Сәпиев,жалғыз күмісті бокстан Әділбек Ниязымбетов иеленді.Қола жүлдегерлер:әлемдік грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, бокстан Марина Волнова,Иван Дычко, еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров,Гюзель Манюрова.Сонымен қатар, ол ғана емес Қазақстан әлем бойынша ЕХPO 2017 көрмесін ұйымдастыруға мүмкіндік алды.Бұған жасырын дауыс беру арқылы қол жеткіздік.Әлемнің 103 мемлекеті Астанаға, ал 44 мемлекеті Белгияның Льеж қаласына дауыс беру арқылы Қазақстан ЕХPO 2017 көрмесін ұйымдастыратын болды.Бұл көременің мақсаты Астана қаласын жаңа заман талабына сай етіп жабдықтап, көрме ұйымдастарады, ал соны шет елдің азаматтары келіп тамашалап, бағалайды.
Біздің Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл адам десек те болады. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі.Қазақстанның осы уақытқа дейінгі ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра отырып, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды көркейтуде өз үлесін қосуда.
Мысалы, бұрынғы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырсаң, еліміздің қаншалықты биікке көтерілгенін, қаншалықты дамығанын байқаймыз. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең
бірінші ақ сүт берген туған анасына деген сезімі орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Сондықтан да менің айтпағым, мен Қазақстандай мәртебелі елде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын .Сонымен қатар әрбір қазақ мен секілді ойлап, өз жерін, өз Отанын, туған жерін мақтан тұтса екен деймін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің Отаным - Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің Отаным - Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің Отаным - Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]