Шығарма: Ораз Жандосов – қайраткер тұлға
Әбдіқұл Гаухар
11 сынып, № 9 М.Жұмабаев ЖОМ
Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылы
11 сынып, № 9 М.Жұмабаев ЖОМ
Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылы
Сүйер ұлың болса, сен сүй
Сүйінерге жарар ол.
Абай
Сүйінерге жарар ол.
Абай
Адамзат баласының тарихымен тағдырында ХХ ғасырдың алатын орны айрықша . ХХ ғасыр қазақ даласына қуаныш пен қайғыны өсу мен өшуді, үміт пен күдікті аз әкелген жоқ. Социалистік идеяның құдіретіне қалтқысыз сенген туған халқы мен елінің игілігіне адал қызмет еткен абзал азамат, тұғыры биік тұлғалардың бірі Ораз Қиқымұлы Жандосов.
Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат - Азамат. Әбіш Кекілбаев айтқандай елі үшін бар ғұмырын арнаған Ораз Жандосов ағамыз болады. Мен осы кісінің өмір баянымен таныса отырып, еліміздің өсіп өркендеуіне ең қажетті нәрселерге көңіл бөлгендігін таныдым. «Кедейлік ер жігітке намыс емес» , «Бұрынғы бар кісілер болды жарлы », «Бардан жарлы болғандар болады арлы», деп шал ақын айтқандай Қиқым ақсақал баласы Ораздың оқып білім алуына қолдан келген жағдай жасады . Табиғатынан қабілетті Ораз оқу бағдарламасын еркін меңгеріп кетті . Ораз Жандосовтың дүние танымына, ерте есеюіне 1916 ұлт-азаттық көтерілісі.жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге көрсеткен зорлық-зомбылығы үлкен әсер етеді,Ұлт-азаттық көтеріліс халықтар арасындағы алауыздықтан емес, ұлттық , отарлық езгінің асқынуынан бастау алатынын ұғынды. О.Жандосов Жетісу өңіріндегі беделі мен өркенді ісі 1919-1921 жылдары биіктеген үстіне биіктей түсті. Жетісу облыстық атқару комитеті төрағасы қызметіне жоғарылатылды, «Қосшы» одағының облыстық комитетіне басшылық жасады. «Көмек» газетін шығару жолға қойылды, О.Жандосовтың бастамасымен тікелей араласуымен әйел теңдігі съезі өткізілді. Бұл кісінің көңіл бөлген, күш салған мәселелері сауатсыздықты жою, мектептер жүесін кеңейту, қазақ әдебиеті мен өнерін өркендету, ұлттық мамандарды даярлауды жеделдету, қазақ тілінің мәртебесін өсіру, қыз-келіншектерді оқуға тарту болды.
Оқу комиссариатын басқарған жылдары қазақ ғылымының мәселелерін шешуге қосқан үлесі мол. Әсіресе Қазақстанды зерттеу қоғамының мұқтаждықтарын жиі ауызға алумен болды. 1929 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы туралы «Советская степь» газетінде жариялаған мақаласында шаруашылық құрылысындағы кезекті міндеттер ғылымның өзегін құрауы керектігін баса көрсетті . Өзінің замандасы М.Әуезовтың үлкен білім иесі екенін түсінді, ғылыми еңбектерін шығаруға жәрдемін берді. М.Әуезов , Б.Майлин, С. Мұхановтардың шығармашылық тағдырына қол ұшын бергені жеткілікті ашылмапты.
Келешекте осындай істермен айналыссам деген ойым бар. Мен Ораз Жандосовты оқи отырып, атқарған істерімен таныса отырып, басқа жастарға үлгі боларлықтайлығын түсіндім. Қазақстанның әрбір азаматы осы кісілердей қызмет етсе, осы кісілерден үлгі алса патриоттық сезімдері толыға түсер еді. Отан тарихында патриот, қайраткер азамат Ораз Жандосовтың есімі әрқашан құрметпен атала беретіні сөзсіз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: