Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Тәліпбаев Әлішер
6 сынып, №59 мектеп-лицейі
Жетекшісі: Қабылбекова С.Ж.

Менің Отаным - Қазақстан. Ол қазақ халқының атамекені. Бұрыннан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, Шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Франция, он екі Бельгияға пара-пар ел. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында тоғызыншы орын алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – Қазақстанның егінді көп беретін өлкесі, Қостанай қаласы! Ол - ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы.
Менің Отаным – тәуелсіз, болашағы зор, еркін және құдіретті ел.
Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Менің елім – Қазақстан Республикасы. Менің Отанымның өнеркәсібі мен шаруашылығы өркендеген, ғылым мен мәдениеті озық ел. Қазақстан – бірлік пен достықты бағалаған тең құқықты еркін халықтардың мекені.
Қазақстан – дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем мойындаған ел. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері – Туы, Әнұраны мен Елтаңбасы бар. Мен өз Отанымды шексіз сүйемін, мақтан тұтамын.
Қазақстан – егемен ел. Егемендіктің бірінші белгісі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі - әлемдегі ең бай, сұлу тіл. Бұл тілде ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Ғабит, Мұқағали, Оралхандар өз шығармаларын жазған. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Тілді білу – үлкен рухани байлық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі. Мемлекеттік тілді білу арқылы мен Қазақстан халқына деген құдіретімді білдіремін, туған жерімнің алдындағы борышымды ақтаймын. Мен туған Отаныма адал қызмет етемін.
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репрессияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіз, демократиялық және құқықтық республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентінің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті , ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, әртүрлі шаралар өткізіп келеді. Еліміздің көптеген жетістіктері бар. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Ағымдағы 2014 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 23 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 23 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасы да, ел де тез дамып келеді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 15 жыл. Астана қаласында шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында Парламент үйі, Ақ орда және «Бәйтерек» монументі орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен көптеген аудан, ауылдары бар. Мен өзімнің әсем, көркем, көрікті, байтақ елімді, жерімді өте мақтан тұтамын! Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Биылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » атты жолдауы шықты. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Сондай биік белестің бірі — қазақстанның 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіздер мен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек! Биылғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттары да белгіленіп, жетістіктеріміз туралы да айтылды.
Біз бар жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Біз одан да әрі қарқынды дамуымыз қажет. Олай дейтін себебім: Президентіміз теледидарда өзінің жастарға арнаған сөзінде мен болашақ жастарға сенемін деп нақ айтқан сөзін естігенім бар. Сонда мен әкемнен сұрадым, ол не үшін солай айтты деп. Сонда маған әкем, былай деп түсіндіріп берді. Біздің Президент елін сүйетін, халқым деп жүрегі қынжылатын нағыз патриот кісі. Ол кісі Қазақстан жастарына барлық жағдай жасасам, олардан ертең үлкен үміт күтуге болады. Олар жақсы білім алса, ертең әр салада Отанымыздың гүлденуіне адал қызмет ететінін айтып берді.
Расында, біздің елде оқушыларға барлық жағдайлар жасалған. Оқимын десең, ізденемін, болашақта жақсы адам боламын десең, барлық есік ашық. Тек қана ерінбей барлық қиындықтарды жеңе білу қажет. Онсыз болмайды. Осы жерде тағы да бір әкемнің айтқан сөзі есіме түсіп отыр. Ол кісі әрдайым, «оқу - инемен құдық қазғандай» деп, әрдайым айтып отырушы еді. Сонда мен инемен қалай құдық қазады, деп сұрағанымда, ол кісі, «сен көп уақытыңды компьютердегі ойынға бостан бос уақыт өткізбей, ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа жетесің деп әрдайым айтып отырады». Сол сөздердің мағынасын енді-енді түсініп келе жатқандаймын. Мен үйде сабаққа әрдайым дайындаламын, ал белсенді дайындалып сабақ айтқан күндері «өте жақсы» баға аламын. Ол да менің жақсы еңбек еткенім шығар.
Мені кластағы барлық сабақтардың ішінде математика сабағы қатты қызықтырады. Мен есептерді шығарғанды жақсы көрем. Менің де бар арманым, алдағы уақытта Назарбаев интеллектуалды мектебіне оқуға түсіп, жақсы білім алсам деймін.
Осы тұста Ұлы ұстаз Абай атамыздың: «Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқан сөздері есіме жиі келеді.
Менің әкем әрқашанда маған айтып отырады, сен бірінші классқа барғанда бір тақпақ айтқансың, соның бір сөздері бар дейді, онда «мен де мүмкін ғылыммен айналысармын» деп айтыппын.
Маған әкем әрқашанда «адам» бол деп айта береді. Мен бір күні осы сөздің мәні не деп сұрадым. Сонда әкем, бұл сөздің мәні, сен жақсы оқысаң, үлкенді сыйласаң, алдыңа үлкен мақсат қойып білікті маман болсаң, халқыңа адал қызмет етсең, сонда Отаныңның қадірлі азаматы боларсың деп басымнан сипағаны бар.
Мен барлық күш-жігерімді Отаным үшін аянбай қызмет етуге, Отанымның патриоты болу үшін барлық асуларды жеңіп шығуды алдыма мақсат қоямын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің Отаным – Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің Отаным – Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің Отаным – Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]