Шығарма: Қырық қыз(аңыз ізімен)
Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.
Сонау бір замандарда осы құт жайлаған мекенде төрт құбыласы түгел бір бай ғұмыр кешіпті. Ол кез қазақ пен жоңғар арасында жиі-жиі қақтығыстар болатын, аумалы-төкпелі заман екен. Бірде жоңғарлар жеңсе, енді бірде қазақтардың мерейі үстем боп, жоңғарларды қазақ жерінен ойсырата қуып шығатын уақыт қой.
Бірде байдың ауылының ереке кіндігі түгел атқа қонып, жоңғарларға қарсы жорыққа аттанды. Бас көтерер азаматтың бәрі ат үстінде кетті. Әлдеқандай жағдайға тап болармых деп ауыл тегіс буынып -түйініп тың отырды. Екі күн, үш күн өтті… Ер-азаматтардан әлі де хабар жоқ. Азаматтарымыз жолсоқты боп келсе, қамсыз қалып ағаттық жасармыз деп Жамалбегім бастаған қыздар тобы ауыл шетіндегі қырға шығып жол қарайтын.
Жамалбегім – сыбанқұл байдың жалғыз қызы, аймағының маңдайға біткен жұлдызы болатын. Сол Жамалбегім бүгін де соңына құрбыларын ертіп, қырқа бетке аяңдап келеді. Бәрінің де кигені қосетек көйлек, белдерін күміс, алтындатқан қамар белдікпен қынай буынған. Үкілі кәмшат бөріктерінің қарқарасы баяу соққан желмен бірге ырғалып қояды.
Кенет қыздардың көзі алыстан қарайып, бірте-бірте зорайып келе жатқан әлдекімді байқады. Пошымы атқа мінген адам секілді. Қыздардың жүрегін сол сәт қуаныш сезімі кернеп кетті де, ол сезім отқа су құйғандай лезде сөнді. Өйткені ауылға жау шапқанда ғана осылай құйындатып шауып келетін.
Атты кісі қыздарға бұрылмай тіке ауылға тартты. Қыздар ауыл жаққа назар салып енді байқады, шауып келген көрші ауылдың адамы екен. Келе айқайға басып, ұрандап жүр.
Бұл кезде ентелей келе жатқан жау әскері де көз ұшындағы белдерден бері асып жақындап қалған болатын. Әскербасы бұл ауылдың ер-азаматы аттанып кеткенін білетін. Өзі малға бай ауыл, тегін олжаға қарық боламыз деп келе жатыр. Бір кезде ауыл жаққа көз тастап еді, қырдың үстінде тұрған қыздарды көзі шалды. Енді бәрі де аттарына қамшы басып, ауылға тезірек ілігуді ойлады.
Өздеріне қарай ат қойған жау әскерін көрген қыздар қатты састы. Әрқайсысының-ақ көкейінде жорыққа кеткен әкенің, мейірімді ағаның, кетерінде қимай қоштасып қала берген сүйген жардың намысын таптатпау тұрды. Олар сол сәт жаратқанға жалбарынып сұрай бастады. Қорлықтың үлкені әлпетеген қызының жау тақымында кетуі болса, бұл қорлықты көргенше қара тасқа айналдыра гөр…
Асыға шауып келе жатқан жау әскерлері қыздар тұрған белге келгенде таң-тамаша қалды. Сәт бұрын ғана ақ көйлектері желбіреп тұрған қыздар көз алдарында қара тасқа айналып бара жатты…
Сол қырық қыздың тас бейнесі әлі күнге қасқайып қарт Қазығұрттың баурайында тұр. Бейне жорыққа кеткен ер -азаматын тосып тұрғандай. Бейне өздерінен кейінгі дүние есігін ашар қазақ қыздарына туған елінің айбынды намысын сақтап қалудың, Отанды сүюдің мәңгілік үлгісін көрсетіп тұрғандай.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: