Шығарма: Менің қазақстаным!
Мейрамхан Жансұлтан
3 сынып,№ 24 мектеп
3 сынып,№ 24 мектеп
Арайлап атқан таңы бар,асу бермес асқарлары бар,сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел-Қазақстан.
Қазақстан-бүтін қазақ халқыныңата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Әркімге туған жері ыстық. Қиын қыстау заманда жан-жаққа тарап кеткен қалың қазақ тәуелсіздіктің арқасында өз мекендеріне қайта оралуда. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күннің туғанына көзіміз жетті. Еліміздің байрағы биіктерден көрініп, бүкіл Еуропада, Қиыр Шығыста атақ даңқымыз асқақтап тұр.Білім, ғылым, спорт салаларында дес бермес жастарымыз көптеген жеңістерге жетуде.Әсем табиғаты, көз тоймас көркемділігі қаншама ақын жазушылардың өлеңдеріне арқау болды. Жастарымыз өз өнерлерімен шет елдері тамсандыруда.
Осы орайда елімізде жылдан жылға батыс, шығыс елдерінен қонақтар ағылып келіп жатқанын айта кету керек.Берекелі байлығымыз, аспанмен таласқан асқар тауларымыз, сарқырап аққан өзен көлдеріміз шетелдіктердің қызығушылығынарттырғаны анық.
Еліміз сонау ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қаншама қиыншылық көрді. Ата-бабамыз кіндік қаны тамған асыл мекенін қасқайып тұрып қорғады.
Елім, жерім деген асыл текті халықтың ұрпағы, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік- неткен құдыретті сөз.
Мен осындай Тәуелсіздік таңы жарқырап атқан берекелі елде дүниеге келгенімді мақтан етмін және елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын ,- деген ұстаныммен өмір сүремін деп ойлаймын. Осы ойымды жүзеге асыру үшін жақсы оқып, Қазақстанымның көркейуіне өз үлесімді қосамын. Әр өз Отанын сүйетін ұрпақ осылай ойлайды деген ойдамын.Мен оқып жүрген Астана қаласындағы № 24 орта мектептің 3 сыныбында жақсы оқып,өз отанының патриоты болып өсіп келе жатқан оқушылар өте көп.
Тұғырың биік болсын, менің Қазақстаным!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: