Шығарма: Мен елімнің ертеңімін

Шығарма: Мен елімнің ертеңімін

Аубаев Әділ
8 сынып, № 38 мектеп-лицей
Жетекшісі: Нұрпейісова Л.Ж.

Алыстағы атыраптан мұнарлана көз тартатын асқар таулары мен белдері, сылдырап аққан өзен-көлдері, жусаны мен изені тербеле өскен сахарадай сары даласы бар, қойнауы толған кең қазынаға толы кең байтақ Қазақстан кез келген адам баласын тебірентпей қоймас. Бұл менің Отаным! Менің Тәуелсіз Қазақстаным! Әрине, бүгінгі жас ұрпақ , біз бақыттымыз!
Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен еркіндікке қол жеткізген, тәуелсіздік үшін күрескен асыр ерлеріміз бен аналарымызға мәңгілік қарыздармыз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ...
Ол туралы біз тамыры тереңде жатқан тарихымыздың терең сырларынан, жалынды отты жырлардан, көз көрген жандардан естіп біліп отырмыз. Сондықтан осы ұлы аманат-Тәуелсіздікті қызғыштай қоруымыз қажет деп санаймын. Ол үшін әрбір қазақ баласы өз елін, Отанын, атамекенін шекіз сүйіп, қастерлей білуі тиіс. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз қолынан қылышы, қынабынан найзасы түспей елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастырамыз.
«Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі »,-деп дана халқымыз батыр ұлдарына үкілі үміттерін артқан. Тарихқа көз жіберер болсақ, бабаларымыз соғыс болсын , көтеріліс болсын жұдырықтай жүректерімен жау оғына кеудесін төсеп, мұз жастанып , «бейбітшілік» атты ұранды алға тастап, етігімен су кешіп жүріп күресті . Көңілге қаяу саларлық нәрсе кей сужүрек, өзінен гөрі қалтасына сенген бауырларымыз жандарын қалқалап, бүркеніп қалуға тырысты. Оған жауап ретінде жүректерін патриоттық сезім кернеген аяулы аруларымыз жандарын шүберекке түйіп, қолдарына кесте орнына қару алып, ерлермен тізе қоса окопта шайқасты. Әрине мұнда шығыстың қос шынары Мәншүк Мәметовамен, Әлия Молдағұлованың ерен ерліктері еске түседі.
Олай болса, от жүректі, көзі ашық, көкірегі ояу, еліміздің болашағы-жалынды жастар, жанын пида еткен бабаларымыздың аманаттап, мирас етіп қалдырған елін, жерін шұбарламай аман қалпында келесі ұрпақтарға табыстайық. Күніміз шуақты, халқымыз қуатты болып, көк туымыз көк аспанда мәңгілік қалықтасын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Мен елімнің ертеңімін туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен елімнің ертеңімін на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен елімнің ертеңімін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]