Шығарма: Шежіре тұнған сырлы өлкем

Шығарма: Шежіре тұнған сырлы өлкем

Садыкова Тоғжан
10 сынып,М.Горький атындағы мектеп-гимназиясы Шет ауданы,
Ақсу-Аюлы селосы Жетекшісі: С.Д.Тажибеков

Қасиетті қазақ даласы!Бабамнан қалған қастерлі мұрам,кіндік қаным тамып,ес біліп етек жиған ардақты атамекенім.Мен өзіңе мәңгілік борыштармын.Осынау жер бетіне шыр етіп дүниеге келген әрбір адамзат баласының тұғыры болған, ес біліп, етек жеңін жиып,ат жалын тартып мінер азамат қылған,бұл дүниедегі мәңгілік тұрағы,туған жері өзгеден гөрі ыстық болары хақ.Сол себепті, қилы ғасырларды басынан өткерген,топырағынан елі мен жері үшін намысын найза қылып,қылышын қанға суарған текті тұлғалар түлеп ұшқан ,қойнауына қазына тұнған, тарих беттерін парақтап қарасаңыз өзіндік ойып алар орны бар шежіреге толы Шет өңірі елдіктің үлгісін танытар құдіретті ордам,аяулы алтын бесігім.Ауданымыз сайын Сарыарқаның төсінен оңтүстік,оңтүстік батыс аумағынан орын теуіп 1928 жылы 17 қаңтарда Қарқаралы округінің болыстарының негізінде құрылған.Жері негізінен ұсақ шоқылы,төбелі, белесті,аласа таулы,қырлы келеді.Оңтүстігінде Балқаш көлі,шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері,оңтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені,Нұра өзенінің бастауы жатыр.Ауданның орта бөлігінде ақындарға жыр жазғызып,әншілерді таңдай қақтырып тебіренткен Бұғылы, Тағылы,Қотыр,Қызылтау таулары орналасып,Тектұрмас шоқыларымен аяқталады .Қазіргі таңда ауданымыз облыс көлеміндегі 48 елді мекенді біріктіретін 25 әкімдік аумақтық бірліктен тұратын ең іргелі,ірі аудандар санатында.Жерінің қазынасына құмарта көз тіккен қаскөй жауларына жанын аямай ұрыс салған батыр бабаларымыздың ерлігі өз алдына бір төбе.Талды өзенінің бойында Сеңкібай батыр,Нұра өзені бойында Абылайханның ту ұстаған батыры Жидебай батыр мазарлары көздің қарашығындай қорғалуда.
Жасыл тулы Жарылғап батыр,ат көтере алмас Сазанбай,Дерібсалы батырлар туралы заманында туған тарихи жырлар ел есінде сақталған.Кенесары ханның қолбасшысы Ақжолтай, Ағыбай батыр ел мақтанышы.Ресей империясына алғаш қару көтерген Кенесары ханның ағасы Саржан Бұғылы тауының бойында жыл жарымнан аса уақыт орда тігіп, елді күреске дайындаған.Кенесарының қамалы да,Кенеханның өзі ғана су ішкен құдық та Манақа бойында Кенехан бойын сергіткен Қарасу да ,атасы Абылайхан демалған орын да осы өңірде.Қазақ әдебиеті тарихында «зар заман»ақындарының айрықша танымал тұлғасы Шортанбай Қанайұлы да өмірінің соңғы сәттерін осы өлкеде өткізген болатын.Ақтентек сері серілігімен,жомарттығымен ел аузына іліккен.Атақты Қақпан ақын,Жуасбай,Дияқажы,Бабас,Оқа, Түсетай,Ғаббас,Күмісбек ақындар сөз өнерінің биік шыңы іспеттес.Дияқажы артында «Шахарбану»дастаны қалды.Оқа шежіреде « Абылайхан» атты дастан жазған.Түсетай « Сарыарқа» толғауын қалдырған.1943 жылы алғашқы Республикалық ақындар айтысында бірінші орын алған Маясар ақын туралы сол кезде М.Әуезов деректі фильм түсірткен екен.Кешегі Кенесары ханмен үзеңгілес болған Бәйсейіт би,Дүйсенбай,Жанқұтты шешен,Қара билер туралы аңыз мол.Арқадағы шертпе күй өнерін аса биікке көтерген,шертпе күйдің бір мектебін қалыптастырған Қыздарбек күйші, оның шәкірттері Әбди ,Сембек,Ақмолда,Кәрібек,Мақаштардан қалған күйлерге бүгінде бүкіл қазақ тамсанады.Өңіріміз көне заман суреті мен сөйлеп тұрған тарихи ескерткіштердің тілсіз мұрасына аса бай.Егіз қойтастағы үш қабат үйдің биіктігіндей жартас басына қолмен қашалып салынған 72 ұялы дойбының тақтасы әлем тарихында дойбы, шахмат ойынының шығуына жаңа көзқарас тудырары хақ.Ауданымызда осы түрлі тарихи 35 ескерткіш мемлекет қорғауында.Халықтың көңілін көтеріп, мәдениетіміздің дамуына үлкен үлесі бар орталықтағы мәдениет үйі,оның ішінде орналасқан кітапхана,өткеннен сыр шертетін аудандық этнографиялық мұражай халық игілігіне жұмыс атқарып келеді .Ауданның келбеті мен кемелденуіне айтарлық еңбегі сіңген,академик ағаларымыз бен апаларымыз Яхия Әубәкіров,Шәрбан Батталова,Баян Рақышев,Дәурен Сембаев,Жамбыл Ақылбаев есімдері алты алашқа танымал.Сонымен қатар, өмірден ерте озған айтулы ақын Дәулет Рысбайұлы,бүгінде көзі тірі кезіңде ұрпақ ұлағатына айналған жазушы ағаларымыз К.Жүністегі,Т.Майбас,ақын,компазитор З.Сүйіндікұлы,ақын Т.Амандықұлы сияқты т.б. ағаларымызды айта кетпесек болмас.Ұрпақты инабаттылық пен имандылыққа тәрбиелеп отырған ауданымыздағы жаңадан салынған « Жаңғұтты би» атындағы мешіт,бүлдіршіндердің өмірлік алысына бағдар жасайтын, жаңа құрылыс «Нұрдәулет» балабақшасы мен жастардың спортқа бейімделуіне үлкен үлес қосқан «Спорт сарайы» ауданымыздың көркіне көрік қоса түскендей.Жалпы қай жағынан алсақ та ауыз толтырып мақтана аларлықтай ауданымыздың абыройы асқақ,мәртебесі биік.Сол себепті тәңір сиындай болған тәуелсіз Қазақстанымызда емін – еркін тамыр жайып,гүлденіп келе жатқан ауданымыздың келбеті мен керегесі кеңейіп,жылдар өте үлкен қалаға айналып,отанға пайдасын тигізер орда болғанын іштей тілеп,ерінбей еңбек етуге тырысатын боламын.
Даналықтың үлгісі болған Абай атамыз:«Оңдай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз» деген екен.Кім білер арман орындалар.Аянбай еңбек етсек сол күннің де ауылы алыс бола қоймас.Алтын бесік атамекенім,ардақты Аюлы
– Ақсуым, мен өзіңді қадір тұтып, мәңгілік мақтан етем!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Шежіре тұнған сырлы өлкем туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Шежіре тұнған сырлы өлкем на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Шежіре тұнған сырлы өлкем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]