Шығарма: Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Шығарма: Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Мұхамадиев Дидар
10 сынып, №66 ЖББОМ
Қазыбек би ауданы
Жетекшісі: Жапабаева А.С.

Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. Сол бабаларымыздың ұлағаты мен арманын жалғастырудағы, аманатын орындаудағы нақты дәлел 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы деп ойлаймын. Сол кезде жастардың толқуы басталмаса , бұл тәуелсіздік осылай болар ма еді, әлде болмас па еді? Бұл – халқымыздың ғасырдан- ғасырға жалғасқан ұл-қыздарының, асыл жүректі, асқақ рухты ақиық перзенттерінің күрес жолы.
Тәуелсіздік дегенді жыл өткен сайын терең түсініп келеміз. Өз елің, өз жерің, өз Отаның бары- бәрінен артық екен. Оны мен мына бір әнгімеден терең түсінгендей болдым. Бір күні теледидардан шет елдегі қандастарымызға барып, жолыққандағы әңгімесін естідім. Сонда шетте жүрген қандасымыз былай деді : «Біздің тұрмысымыз да жақсы,бәрі бар, бай тұрамыз. Бірақ , адамға бір ғана нәрсе қымбат,жетіспейді. Ол – Отан , туған жер. « Бұрын бізден , сендер қай елден келдіңдер, Отандарың бар ма?» деп сұрағанда сөз таба алмай басымыз салбырап төмен қараушы едік. Қазір Қазақстан тәуелсіздігін алғалы шетте жүрсек те , «Бізде Отан бар, ел бар, туған жеріміз – Қазақстан » деп еңсеміз көтеріліп еркін тұрып жауап береміз» дегенде , шынында жүрегің шымырлап айналайын « өз елім –ай», деп жұдырықтай жүрегіміз қуанышқа бөленеді.Тәуелсіздік деген осы екен ғой. Бабаларымыз тегін қан төкпеген екен.
Міне, олардың төккен қаны мен аққан тері , көз жасы, ұлағатты арманы орындалды. Тарыдай шашыраған ұрпағы жерге қарамады,бабаларымыз өмірден өзі жылап өтсе де ұрпағымның өмірі өксімесін, өгей баланың күнін кешпесін деп қалған ұрпаққа аманат етті . Ұрпақтары өзіне жүктелген аманатты орындап, егемендікке қол жеткізген ғасырдың ерекшелігі де осынау жастық кезеңнен бастау табуында деп түсінемін. Бұл міне, өзіне жүктелген аманатын орындау жолындағы бетбұрыс бүгінгі тәуелсіздік жемісі, соның айғағы емес пе?
Қадыр Мырзалиев ағамыздың мына әні:
Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы,
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің -
Өзегім менің ,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жырым деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім,-деп шырқағанда әркімнің өз жүрегінен жарып шыққандай болады.
Еркіндік үшін жеңіс – бүгінінің жемісі! Біздің қазақ халқы өте төзімді , шыдамды, қайсар, батыл, ер халық деп ойлаймын. Біз тарихтан қарап отырсақ, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей талай қиын кезең тұсында қиналса да, аман қалыпты. Бірақ өмірге құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, мың өліп, мың тіріліп, тәуекелге бел буып ,өздерін емес ,келешек ұрпақ қамын ойлады. Өздерін ағалата алмаса да ,елін табалатпады. Жері мен елін ұрпаққа тапсыруды ,өмірлері өксімей өз еркімен өмір сүрсе деп еркіндікті ойлады.Міне , сол өткен күрестер жеңісі бүгінгінің жемісі болып жалғасын тапты.
Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында міне, тәуелсіз ел болып , еркіндікте жүрміз. Елімізді бастап, ұрпаққа жол көрсетер Президентіміз бар. Президент – еліміздің , өміріміздің айнасы. Ел бірлігін , Отан тыныштығын жан- жақты қарастыра отырады. Біздің Президентіміз өте ақылды данышпан,көреген , келешекті болжағыш адам деп ойлаймын . Өйткені тәуелсіздік алған елдермен салыстырып көргенде ұлтаралық жанжал, қақтығыс, босқындық,берекесі кеткен елдер бар. Осыдан сақтасын. Бізді бейбіт тыныштық жолмен алып келеді. Бұл тыныштық Тәуелсіздік ала салысымен орнай қойған жоқ. Мұны да қалыптастыратын ақыл керек.
«Жер абаттанса – ел ауқаттанады» деп Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекерге айтпаса керек. Біздің елімізде көптеген ұлттар мекен етеді. Соның бәрінің басын қосып біріктіре білді. Тәуелсіздік алған күннен бастап ұлтына қарай бөлмей, достықпен, береке –бірлікпен Қазақстанда тұратын барлық халыққа бірдей саясат жүргізді. Барлығын біріктіре ұстап, дұрыс жолға қойып, қамқор бола білді. Асықпады да аптықпады. Елімізді әлем таныды. Міне, сол іскерлікпен тым қысқа жиырма екі жылдың ішінде әлемге әйгілі дүние жүзі таныған өркениетті ел қатарына қосылып келеді. Ел үміті-ертеңде, ертеңнің кепілі- Нұрсұлтан ағамызда . Өйткені Елбасы –тәуелсіздік тірегі. Жаңа дәуірден, қиын – қыстау тың жолдан Қазақстанды сүріндірмей, адастырмай, алып жүрер – Елбасы деп ойлаймын.
Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі. Біз – еліміздің төл перзентіміз. Жас мемлекетіміздің жаңа түлегіміз, жаңа тағанымыз деп ойлаймын. Туған жердің тұғырына қонар жас қыранымыз. Біз бірінші сыныптан бастап Тәуелсіз ел, Егеменді ел, Еркіндік ел, бостандық дегенді сезініп өстік, көрдік, білдік. Ұстаздарымыз, өмір көрген әке – шешелеріміз үнемі ұқтырып үйретіп келеді. Барлық әніміз де, жырымыз да Отан үшін арналып келеді. Өткен тарих беттерінен өткен өмір мен бүгінгіні салыстырып түсіне білдік. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшің білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек.Тәуелсіз өркениетті елімізге білімді мамандар , елі мен жері үшін тәуекелге бара алатын нағыз Отан сүйгіш адал, «желтоқсан» жастарындай азаматтар мен азаматшалар керек екенін түсіндік. Қазақ елінің абыройын асырып ,мерейін үстем етер , әлем таңқалатын, талай – талай жаңалық ашар білімділер керек екенін түсіндік. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенін сезіндік.
Ендігі тілек – елдігіміз, еркіндігіміз бен тіліміз дами берсе.... Қирап қалған орынға жаңа ғимараттар тұрғызып, Қазақстанның еркіндік жолындағы батырлар қорғаған атамекенге өздері қожа екенін түсінді. Міне осының барлығын өмірлі етіп, туған жердің тұғырын нық орнатар бүгінгі бір ғана -біз. Еркіндік – ежелден ата –бабаларымыздан бастап, бүгінгі ұрпаққа дейінгі арман тілегіміз. Тілегіміз қабыл болғай!
Бұлт баспасын Күнімді,
Таусылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды –
Қасиетті борышым,- деп соғады менің сәби жүрегім!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]