Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма...

Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма...

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда ақын шығармашылығы әлі толық зерттелмеген. Міне, сондықтан да, Жамбылдың ақындық құдіретінің әлі де ашылмаған құпия-сырлары, жаңалықтары, толқыныстары мен қуаныштары жетерлік.
Ұлылықтың қыры көп. Жамбыл ақындықтан да, жыршылықтан да, жыраулықтан да сусындаған. XIX ғасырда ана құрсағынан, XX ғасырда заман құрсағынан дүние есігін ашқан Жамбыл – ашылмаған сыр, қазақ поэзиясындағы қайталанбас таңғажайып құбылыс. Қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген қазақ Гомерінің асыл мұрасы – қазақ тарихының да жетістігі. Көпшіліктің де көңілінен шыққан, жаманға да, жақсыға да ұнаған Жамбыл – мінсіз таза айна секілді. Өйткені, қазақ айнасын жек көрген адам, қасиеттемеген халық жоқ шығар, сірә. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.

Автор: Шайхыслям Ақтолқын

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тарихи тұлға туралы шығарма, жамбыл жабайұлы туралы шығарма, жамбыл жабаев туралы шығарма, жамбыл жабаев туралы шыгарма, жамбыл жабаев туралы шығарма, жамбыл жабаев туралы шығармалар, сочинение на казахском языке про жамбыла жабаева, сочинение на казахском языке жамбыл жабаев, сочинение на казахском языке на тему жамбыл жабаев, скачать сочинение на казахском языке на тему жамбыл жабаев, скачать сочинение на казахском языке жамбыл жабаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]